"Анашымды сыйлаймын!"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 97
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 04/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22986


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Ергешбаева Зульфия Файзуллаевна
ОҚО Шымкент қаласы
№53 "Ер-Асыл" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: "Анашымды сыйлаймын!"

Мақсаты: 1. 8-наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту;

2.Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.

3. Әдепті болуға тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар:Тауық балапан жүрекше желім майлық ақ қағаз.

Билингвалды компонент: мереке-праздник, ана-мама, сыйлық-подарок.

Қызмет кезеңдері:
Жылулық шеңбері:
Балалар барлығы шеңберде тұрады.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.

Балалар сендерді бақшаға кім алып келеді?
- Анамыз
Таңертең бізге ботқаны кім дайындап береді?
- Анамыз
Таңертең бізді ұйқымыздан кім оятады?
- Анамыз
Балалар біздер сендермен қандай мерекені аттап өттік?
8-Наурыз аналар мерекесі.
Дұрыс айтасыңдар балалар, біз аналар мерекесін тойлап өттік.
Бүгін осы аналар мерекесі туралы әңгімелесеміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
- Балалар есік тықылдап жатыр кім келді екен. Қарайықшы.
Есік тықылдап балапан келеді.
- Сәлеметсің бе балапан. Сен не істеп жүрсің?
Балапан: Мен серуенге шығып анамнан адасып қалдым. Анама барғым келіп тұр енді не істеймін. Мен анамды қалай шақырарымды білмеймін маған көмектесіңдерші балалар.
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
Балалар көмектесетінін айтады.
Қане балапан қалай дыбыстайды шиқ-шиқ-шиқ.
Балапанның дауысын салады.
Қыт-қыт-қыт деп тауық келеді.
Тауық: Сәлеметсіңдер ме балалар. Рахмет сендерге мен балапанымды іздеп таппай жүр едім.
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар аңдар да, құстар да өздерінің балаларын жақсы көреді. Олар жуынуды, жүгіруді, дән шоқып жеуді үйретеді.Тауық, сен балапаныңмен бірге қалып, біздің балаларымыздың оқу қызметін тамашала.

- Ал сендер өздеріңнің аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Ия.
- Аналарыңа сыйлық жасағыларың келе ме?
Ия.
Олай болса менде сиқырлы сандықша бар осы сандықшаға анамыз туралы барлық жақсы сөздерді айтып салайық.
1. Сендерді құшақтап сүйгенде аналарың қандай болады?
Мейірімді.
2. Аналарың әдемі көйлек кигенде қандай болады?
Әдемі.
3.Сендер шулағанда аналарың сендерге ұрыспаса қандай болады?
Көңілді.
4. Аналарың күлгенде қандай болады?
Ажарлы.
5. Сендер аналарыңды жақсы көргенде қандай болады?
Балалар өз жауаптарын айтады.
- Аналарымызға арнап айтқан жақсы сөздеріміз жоғалып кетпес үшін сиқырлы сандықшаның аузын жауып қояйық.

Ал енді балалар сендер өз аналарыңды іс-әрекеттеріңмен қуантасыңдарма?

Ал қазір мен сендерді тексеріп көремін.

- Егер мен аналарыңды қуантатын іс-әрекетті айтсам қолдарыңды шапалақтаймыз.

Ал егер ренжітетін болса аяғымызды тарсылдатамыз.

1.Ойыншықты үйде шашып тастадыңдар.
Аяқтарын тарсылдатады.
2.Аналарыңа ыдысты тасуға көмектестіңдер.
Қолдарын шапалақтайды.
3.Гүлдің суретін салып аналарыңа сыйладыңдар.
Қолдарын шапалақтайды.
4.Кітапты жыртып тастадыңдар.
Аяқтарын тарсылдатады.
- Өте жақсы, міне балалар аналарымызға жақсы қылықтарымызды көрсетейік, олар ешқашан біздерге ренжімесін.

Сергіту сәті: Біз көмекшіміз.
Бір, ек, үш .
Анамызға береміз күш.
Сыпырғышпен сыпырып,
Еденді біз жуамыз
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Қостілділік компонент: мереке-праздник, ана-мама, сыйлық-подарок.

- Ал енді балалар біз енді сиқырлы қорапшамызды ашып көрейік.

Біздің аналарымызға арнап айтылған сөздеріміз жүрекшеге айналып кетіпті. Қараңдаршы. Олай болса жүрекшелерді сендерге таратып берейін. Ал сендер осы жүрекшелерден әдемі гүл жасап аналарымызға сыйлаймыз.

Рефлексиялық-түзетушілік
- Балалар, біз бүгін не туралы сөйлестік?
Аналар мерекесі туралы.
- Бізге қонаққа кім келді?
Балапан мен тауық.
- Біз анамызға не жасадық?
Жүрекшеден гүл жасап бердік Тәрбие.орг сайтынан "Анашымды сыйлаймын!" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ергешбаева Зульфия Файзуллаевна

ОҚО Шымкент қаласы №53 ""Ер-Асыл бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar