«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 491
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Июл/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19274


Қосмағамбетова Айгерім Мырзағалиқызы
Тәрбиеші
№59 «Ақбөбек» балабақшасы
Атырау қаласы, Ақжар ауылы

Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»
Мақсаты: Балаларға 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбагн болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайрат Рұсқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова суреттері мен слайды.
Жүру барысы:
Жүргізуші:
-Армысыздар құрметті көрермен қауым. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әрітерімен жазылып қалған
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»атты кешімізге қош келдіңіздер.
О, құдіретті Жер-ана, барша әлем. Есіңде ме, сол жылғы Желтоқсан айы әдеттегіден өзгелеу, желкендеу болып келіп еді-ау жарықтық. Табиғат та сезді ме екен, кім білген. Арнайы әзірлеген теңін қудалап, сою мен соққыға жығу, қыздарды шаштарынан сүйреп, қар үстіне отырғызып, тепкі астында естерінен айырылғандарды машинаға тиеп, көк мұзға төгілттірді. Әділет іздеп алаңға жиналған жастар ел қамын ойлаған басшщыфлар тарапынан мұндай жан түршігерлік жазалау айуандыққа ұшыраймыз деп ойламап еді. Бұл қазақ даласын дүр сілкіндірген 1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндері еді.
Бауыржан атамыз айтқандай, Шындық жолы ұзақ, ол үнемі кешігіп жетеді дегендей 4 жылдан кейін кешігіп жетті. Сол жылы Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұқамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков сияқты абзал жандар жала жабылып құрбан болды. Осы құрбан болған аға-апаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
-Міне, 24 жыл ішінде Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келдік. Өз еліміздің Әнұранын шырқайтын күнге де жеттік.
Әнұран: «Менің Қазақстаным» әні.
(бәрі орындарынан тұрып, әнұранды орындайды)
Балаларды осы аға-апаларына арналған тақпақтарымен ортаға шақырамын.
Тақпақтар:
1.Қайраттай қайсар ұлдардың 2.Әділеттің ұраны,
Жанымен келген еркіндік Ақиқаттың шырағы.
Жазира мен ляззаттың Тыныштықтың туы боп,
Арымен келген еркіндік Зор салтанат құрады. (Жанерке)
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік(Жансая) 4.Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
3.Он алтыншы желтоқсан Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Ел мерейі тасыған Отан үшін болуға да құрбандық (Әмина)
Қазақ деген қалың жұрт 6.Тәуелсіздік ұлы күнім,
Бәрін кешті басынан (Назерке) Тұрсын жайнап төбемде.
5.Он алтыншы желтоқсан Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Тәуелсіздік алған күн Қуанышқа бөлен де. (Алтынбек)
Ерекше боп мәңгілік 8.Тәуелсіздік – ел болу
Ел жадында қалған күн (Байболат) Ынтымақпен өрге озу.
7.Әнді алысқа жеткіземіз, Еркін және өзге елмен,
Көкке елдің туы ілінді Терезесі тең болу. (Қазбек)
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді. (Ғ.Мөлдір)
«Жалындап өткен жас ғұмыр» атты Қайрат Рұсқұлбековтың айыпталу сотынан үзінді. «Желтоқсан желі» музыкасы ойналады. (Екі жігіт Қайратты ортаға алып шығады)
1 хатшы:
-1986 жылы әскер қатарынан оралысымен Алматы құрылыс институтына оқуға түсті. Сол жылы Алматыда бір үлкен дүниені дүбірлеткен дүрбелең басталады. Бұған елдің намысы үшін ең бірінші болып шыққан Қайрат Рұсқұлбеков болды. Қайраттың кінасы осы еді.
2 хатшы: -Айыпкер Рұсқұлбеков сіз неге алаңға бардыңыз?
Қайрат: -Иә, алаңға барғаным рас, оны жасырмаймын. Барған себебім, біріншіден ол жерде не болып жатқанын өз көзіммен көру, екіншіден алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр дегенді естіп, күл болмаса бүл бол деп отыруға еркектік ар намысым жетпеді. Сол жерде әлім келгенше көмектескенімде рас.
1 хатшы: -Айыпкер Рұсқұлбеков өзіңді айыпкермін деп санайсың ба?
Қайрат: -Иә, бірақ та бір құдай куә. Адам баласын өлтіргенім жоқ, ал әйел затына айуандықпен қол көтеріп, ұрып соққан үшін бір милицияны ұрғаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман-есен. Өз қолыммен істеген теріс қылмысым – осы.
2 хатшы: -Сот ақылдасып, мынадай шешімге келді.
-Үкім: «Қазақ ССР Жоғарғы сотының қаулысы қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылғы 16 маусымдағы үкіммен Қайратты қылмысты деп тауып, өлім жазасына кесті».
Әкесі: -Балам-ау, жазықсыздан-жазықсыз қыр шыныңнан қиылып барасың-ау.
Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес, сіз сияқты асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз сияқты масылдар!
Жеңгесі: -Құлыным-ау...
Қайрат: Айналайын ағалар мен жеңгелер!
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.
Сүмірейіп жұрт алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер есіркер.
Қарындасы: Асқар таудай пана болған ағажан, айдауға кетіп барасың?!
Қайрат: Айналайын қарындасым, қанатым,
Ойлап жүрсем, мен айдауға барамын.
Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Інісі: -Ағажан-ау, ағажан қайда кетіп барасың?!
Қайрат «жіберіңдер, жіберіңдер» деп айқайлайды.
Төрден бір адам: «Түрмеге жабыңдар, қамаңдар» деп бұйырады.
Сонда Қайрат: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!
1 хатшы: Сот аяқталды. Айыпкерді залдан босатып, жазасын орындаңдар.
Қайрат бауырларын құшақтап қоштасады, екі милиция екі қолынан ұстап сахнадан алып бара жатқанда бауырлары да жылап, зарлап бірге шығып кетеді.
Музыка ойналады.
Жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз-өзіне жүрегім ән салады.
Ән: «Ұландар» әні
Келесі кезекті топ балаларының орындауындағы биге кезек береміз.
«Көк тудың желбірегені» әні ойналып тұрады.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті. Кездескенше, ағайын.
Телефон: 8(702) 997-36-86. Тәрбие.орг сайтынан «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қосмағанбетова Айгерім Мырзағалиқыз

Атырау қаласы, Ақжар селосы №59 "Ақбөбек" балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar