"Қардағы іздер"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 239
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22539


Кіші топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Раджапова Назира Сарсенбаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы:
Коммуникация
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қардағы іздер.
Мақсаты: Қардағы іздер туралы түсіндіру, әңгімелеу, көрсету. Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қыс мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сөздік жұмыс: қыс, аяз, іздер
Көрнекілік: Мазмұнды сурет, қардағы аңдар іздері.

Оқу қызметі кезеңдері:
Мотивация-лық қозғаушы кезең:
Психологиялық ахуал:
Біз дарынды баламыз
Шырқап әнге саламыз
Достарымды көргенде
Біз сағынып қаламыз.
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Таңғы әсем тілектер.
Тосын сый: Топқа Дара қыз келеді. Балалармен амандасады, және олардан көмек сұрауға келгенін айтады. Балалар шеңберге тұрады бірге қайталап, қимылмен көрсетеді. Бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Сәттілік тілейді.
Деніміз сау болсын!
Жылымыз құтты болсын!
Тәртіпті болайық!
Ақылды болайық!
Тату, Дос болайық!
Ізденуші-ұйымдастырушы кезең:
Мазмұнды суреттер бойынша әңгімелеу. Қардағы іздер туралы түсіндіру, ол қай жануардың ізі екенін түсіндіру.
Теледидардан мультфильмнен үзінду көрсету. «Маша мен аю»
Түсіндіру, сұрақ-жауап. Қыс мезгілі туралы әңгімелеу,
Сергіту сәті:
Боран соқты оң жақтан,
Боран соқты сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

Жұмбақтар шешу:
Жалт-жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді. (қар)
Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)
Жұмбақтар шешуін табады.
Рефлексивті-коррекциялаушы кезең:

Реф Қ/о «Қардағы іздерді табу» Балаларды аңғарымпаздыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Бағалау, мадақтау, қорытындылау.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Қарды тез жинауға үйренеді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды. Тәрбие.орг сайтынан "Қардағы іздер" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Раджапова Назира Сарсенбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar