"Армысың, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 976
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18824


Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»
Мақсаты: Балаларға 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбагн болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайрат Рұсқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова суреттері мен слайды.

Жүру барысы:
Жүргізуші:
-Армысыздар құрметті көрермен қауым. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әрітерімен жазылып қалған
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»атты кешімізге қош келдіңіздер.
О, құдіретті Жер-ана, барша әлем. Есіңде ме, сол жылғы Желтоқсан айы әдеттегіден өзгелеу, желкендеу болып келіп еді-ау жарықтық. Табиғат та сезді ме екен, кім білген. Арнайы әзірлеген теңін қудалап, сою мен соққыға жығу, қыздарды шаштарынан сүйреп, қар үстіне отырғызып, тепкі астында естерінен айырылғандарды машинаға тиеп, көк мұзға төгілттірді. Әділет іздеп алаңға жиналған жастар ел қамын ойлаған басшщыфлар тарапынан мұндай жан түршігерлік жазалау айуандыққа ұшыраймыз деп ойламап еді. Бұл қазақ даласын дүр сілкіндірген 1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндері еді.
Бауыржан атамыз айтқандай, Шындық жолы ұзақ, ол үнемі кешігіп жетеді дегендей 4 жылдан кейін кешігіп жетті. Сол жылы Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұқамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков сияқты абзал жандар жала жабылып құрбан болды. Осы құрбан болған аға-апаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
-Міне, 24 жыл ішінде Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келдік. Өз еліміздің Әнұранын шырқайтын күнге де жеттік.
Әнұран: «Менің Қазақстаным» әні.
(бәрі орындарынан тұрып, әнұранды орындайды)

Балаларды осы аға-апаларына арналған тақпақтарымен ортаға шақырамын.
Тақпақтар:
Қайраттай қайсар ұлдардың Елдігімнің – реңі,
Жанымен келген еркіндік Тендігімнің – тірегі
Жазира мен ляззаттың Мүддесінен халықтың
Арымен келген еркіндік Ажырамас бір елі. (Кәусар)
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік(Жансая) Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Он алтыншы желтоқсан Тыныштықтың туы боп,
Ел мерейі тасыған Зор салтанат құрады. (Жанерке)
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан (Назерке) Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Он алтыншы желтоқсан Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Тәуелсіздік алған күн Отан үшін болуға да құрбандық (Әмина)
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн (Байболат) Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Әнді алысқа жеткіземіз, Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Көкке елдің туы ілінді Қуанышқа бөлен де. (Алтынбек)
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді. (Ғ.Мөлдір) Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Балабақша серпін нық, Еркін және өзге елмен,
Көкке атады бөркін жұрт. Терезесі тең болу. (Қазбек)
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік. (Нұркен)

Он алтыншы желтоқсан
Желтоқсанның ызғары-ай Елдің ұлы мейрамы
Кірпікке қатқан мұздар-ай Жаңа шыққан көктемдей
«Елім-ай» деп егілген, Жаз күніндей жайдары (Т.Мөлдір)
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай (Әмірхан)

Естісін ел үніңді, Көк байрақтың бетінде
Дүние түгел естісін. Қыран бүркіт қанатты
Тәуелсіздік туыңды Сол қырандай еркіндеп,
Биік көтер, жас ұлан!(Алихан.Ғ) Бала өседі талапты (Анель)

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табаныда – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жаңа ғұмыр бастағанда – Желтоқсан,
Жауыздықты жастағанда – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан, - дей келе ортада
«Жалындап өткен жас ғұмыр» атты Қайрат Рұсқұлбековтың айыпталу сотынан үзінді. «Желтоқсан желі» музыкасы ойналады.
(Екі жігіт Қайратты ортаға алып шығады)
1 хатшы:
-1986 жылы әскер қатарынан оралысымен Алматы құрылыс институтына оқуға түсті. Сол жылы Алматыда бір үлкен дүниені дүбірлеткен дүрбелең басталады. Бұған елдің намысы үшін ең бірінші болып шыққан Қайрат Рұсқұлбеков болды. Қайраттың кінасы осы еді.
2 хатшы: -Айыпкер Рұсқұлбеков сіз неге алаңға бардыңыз?
Қайрат: -Иә, алаңға барғаным рас, оны жасырмаймын. Барған себебім, біріншіден ол жерде не болып жатқанын өз көзіммен көру, екіншіден алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр дегенді естіп, күл болмаса бүл бол деп отыруға еркектік ар намысым жетпеді. Сол жерде әлім келгенше көмектескенімде рас.
1 хатшы: -Айыпкер Рұсқұлбеков өзіңді айыпкермін деп санайсың ба?
Қайрат: -Иә, бірақ та бір құдай куә. Адам баласын өлтіргенім жоқ, ал әйел затына айуандықпен қол көтеріп, ұрып соққан үшін бір милицияны ұрғаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман-есен. Өз қолыммен істеген теріс қылмысым – осы.
2 хатшы: -Сот ақылдасып, мынадай шешімге келді.
-Үкім: «Қазақ ССР Жоғарғы сотының қаулысы қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылғы 16 маусымдағы үкіммен Қайратты қылмысты деп тауып, өлім жазасына кесті».
Әкесі: -Балам-ау, жазықсыздан-жазықсыз қыр шыныңнан қиылып барасың-ау.
Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес, сіз сияқты асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз сияқты масылдар!
Жеңгесі: -Құлыным-ау...
Қайрат: Айналайын ағалар мен жеңгелер!
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.
Сүмірейіп жұрт алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер есіркер.
Қарындасы: Асқар таудай пана болған ағажан, айдауға кетіп барасың?!
Қайрат: Айналайын қарындасым, қанатым,
Ойлап жүрсем, мен айдауға барамын.
Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Інісі: -Ағажан-ау, ағажан қайда кетіп барасың?!
Қайрат «жіберіңдер, жіберіңдер» деп айқайлайды.
Төрден бір адам: «Түрмеге жабыңдар, қамаңдар» деп бұйырады.
Сонда Қайрат: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!
1 хатшы: Сот аяқталды. Айыпкерді залдан босатып, жазасын орындаңдар.
Қайрат бауырларын құшақтап қоштасады, екі милиция екі қолынан ұстап сахнадан алып бара жатқанда бауырлары да жылап, зарлап бірге шығып кетеді.
Музыка ойналады.

Жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз-өзіне жүрегім ән салады.
Ән: «Ұландар» әні
Жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кезекті топ балаларының орындауындағы биге кезек береміз.
«Көк тудың желбірегені» әні ойналып тұрады.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті. Кездескенше, ағайын. Тәрбие.орг сайтынан "Армысың, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қосмағамбетова Айгерим Мырзағалиқыз

Атырау облысы, Атырау қаласы, №59 "Ақбөбек" балабақшасы Балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar