Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ас атасы -нан
  • 14.02.2017
  • 125 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21748

ТАҚЫРЫБЫ: Ас атасы -нан.
Білімділік мақсаты: Балаларға нанның қасиетін, қадірін, түсіндіру.
Түзету мақсаты: Нанды құрметтеу, аяқ асты қылмау керек екендігін бойларына сіңіру.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды үлкендердің еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу..
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсінік беру, әңгімелесу.
Көрнекі құралдар: нан түрлері.
Сөздік жұмыс: Нан –хлеб.
Таңғы шеңбер: Тілектер.
Аспан ашық болсын,күн күлімдесін!
Жұлдыздар жарқырасын,молшылық, тыныштық болсын!
Әке-шешеміз аман болсын!
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тәрбиешінің сөзі.
Балалар мен сендерге арнап, бауырсақ, тоқаш, шелпек нан дайындадым.
Біз нанды шашпай, қиқымын түсірмей жей білуіміз керек.
Нанды басуға болмайды.
Мынау –бауырсақ. Ол –тәтті.
Мынау – тоқаш. Ол да тәтті.
III. Мақал жаттау.
Ас атасы – нан.
Нан –тіршілік көзі.

IV. Тиым сөздер.
Нанды баспа.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
V. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бұрылмайық оңға бір.
Бұрылмайық солға бір.
VI. « Дастархан мәзірі » дидактикалық ойыны.
Дастарханға қойылған тағамдарды атау.
VII. Сабақты қортындылау. Тәрбие.орг сайтынан Ас атасы -нан Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аширбекова Гульмира Құндақпаевна

Сәтбаев қаласы №1 "Ертегі" балалар бақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 125 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar