Ашық сабақ: "10 санымен таныстыру"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 442
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22489


10 санымен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: 10 санымен таныстыру
Мақсаты: 10 санының пайда болуы. 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың қабілеттерін, жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуге үйрету. Ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 0 - ден10 - ға дейінгі кеспе цифрлар, карточкалар, пирамидалар,суреттер
Технологиясы: Дьенеш блоктары, Монтессори, Тәй-тәй технологиясы Модульдік технология
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық бәріміз, арайлап атқан күнге.
Кіріспе:
Өткен сабақты қайталау
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
- 4 жыл мезгілі бар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Бұл кезде барлық баланың жақсы көретін қандай мейрамы келе жатыр?
- Жаңа жыл мерекесі.
- Жаңа жыл несімен қызықты?
- Аяз Ата, Ақшақар, шырша.
- Олай болса, өткен сабақта 1-9-ға дейін сандарды өттік, енді бүгін қайталап өтейік: «Шырша астындағы сыйлықтарды санау» ойыны:
Шарты: шыршаның астында сыйлықтар тұр. Сол сыйлықтарды санайық. Сыйлықтар көп екен келесі жаңа жылда осындай көп сыйлықтарды алғандарынынды қалаймын.
Ал бүгін 10 санымен танысамыз, тапсырмалар орындаймыз.
Балалар фишканы алып 3 топқа бөлінеді.
Сурет орталығы- пирамида суретін салады
Құрылыс орталығы –пішіндерден кеме және экскаваторды құрастырады
Математика орталығы- Тірек сызба арқылы санамақ жаттау
Қоңырау соғылып, балалар ауысады. 3 топқа ауысқаннан кейін, шеңберге жиналып сергіту сәті орындалады.
Бүгінгі сабағымызда біз “Болашақ баспалдағымен”көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік.
Ал міне, біз «Болашақ баспалдағының» шыңы
Әр баспалдақтың тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларға жауап беруіміз керек.
1 тапсырма. Тура , кері санау 12345678910-10987654321
2 тапсырма. Көршісін тап
3 тапсырма. Қыстырғыштар арқылы сандарды орналастырайық.
4 тапсырма. Салыстыру
5 тапсырма. Жайлауға гүлдерді отырғызайық
6 тапсырма. Кемеге жалаушаларды рет ретімен орналастырайық
7 тапсырма. Жұмбақ шешейік
8 тапсырма Ағаштан алма жинау ( себетке үлкен алмаларды бөлек, кіші алмаларды бөлек жинайық)
9 тапсырма Салыстыру (аз-көп ұғымдары) карточкалармен

Балалар, міне «Білім шыңына» да жеттік. Өркениетті елдердің қатарына қосылуға бізде өз үлесімізді қостық деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік. Берілген тапсырмаларды керемет орындадық.
Сабақты қорытайық:
- Бүгін сабақта қандай санмен таныстық?
- Сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
- Сабақ несімен ұнады?
Балалар Кім сабаққа жақсы қатыстым деп ойлайды, кімге сабақ өте ұнады, кім тапсырмаларды орындай алдым деген балалар қызыл шардын таңдайды.
Ал кім маған қиын болды, түсінбедім, орындай алмадым деген балалар сары шарды таңдаймыз.Сұрақ жауап.
Сабақ аяқталды қоштасамыз апайлармен. Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ашық сабақ: "10 санымен таныстыру" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курмангалиева Сымбат Токтаровнна

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Аққу ауылы "Айналайын" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar