«Ата Заң – ар айнасы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1645
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 24/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21274


Тақырыбы: «Ата Заң – ар айнасы»

Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру. Сурет, мақал-мәтелдер, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту. Отанға, Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Еліне арналатан тілегі шын
Ей ұлым, -Отанымның тілегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?-деп ақын жырлағандай бүгін Ата-Заңымыз туралы тереңіріек түсінік беремін.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Олай болса слайдқа назар аударамыз.
-Коституция Ата Заң.
-30тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата Заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды. Дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар!
-Балалар Ата заңымызға арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Мұхаммед:
Өркендеп өз қолына алған ісі
Биікке қазағымның самға құсы
Халық боп қадір тұтып қадірлеген
Ата Заң-Азат елдің ар намысы!
Айару:
Шалдықпадым, талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар Заңның!
Айбибі:
Ата Заңым қорғайды.
Бар адамның теңдігін.
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін.
-Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Дұрыс айтасыңдар! Біз үлкен де күшті мемлекетпіз. Әрбір халықтың өз салт дәстүрі, тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Би: «Қазақ биі»
-Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
-Әнұран, елтаңба, туымыз бар.
Ендеше рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік.
Наргиза:
-Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Бекнұр:
Көк аспанда жас қыран
Көн аспанда қызыл қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
-Жарадыңдар, балалар!Еліміздің рәміздерін жақсы білетіндерің көрініп тұр.
Біз Жас ұлан Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Еліміздің даңқын көкке көтеріп,
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені-еліміздің, жеріміздің жарқын болашағы сендерсіңдер, балалар!
Ендеше, қонақтарымызға, бір-бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектерімізді айтайық.
-Аспанымыз ашық болсын!
-Жеріміз гүлге толсын!
-Елбасымыз аман болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Нанымыз көп болсын!
-Балабақша гүлдене берсін!
-Өте жақсы тілектер екен, балалар!
Ән: «Біз бақытты баламыз» Тәрбие.орг сайтынан «Ата Заң – ар айнасы» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабашева Анаргуль Амирбековна

Пікірлер: 0

avatar