Аттанайық бала шақтан болашаққа

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 438
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19497


Аттанайық бала шақтан болашаққа
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар. Баалабақшамен және даярлықпен қоштасуға арналған «Аттанайық бала шақтан болашаққа» атты салтанатқа қош келдіңіздер!
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!
Би «Вальс»
Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың
Басқарып басшы болып осы ұжымды
Баршаны аялаған алақаның – дей келе, мектебіміздің директоры А.С.Тлемисоваға сөз беріледі.
Балабақша патшалығының ханы:
-Аға, менің патшалығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отыр бүлдіршіндерім, бүгін міне ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болуға дайын.
Бастауыш сынып хандығының патшасы:
-Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Көзді ашып-жұмғанша бүлдіршіндер де есейіп кеткен. Сенің хандығыңнан менің патшалығыма өтетін балдырғандарға өте ризамын. Дегенмен, менің хандығыма өту оңай емес. Мен өз хандығыма тек өнерлі, білімді, шығармашыл балаларды ғана қабылдаймын.
Балабақша патшалығының ханы:
-Аға, жылдағы дәстүрді бұзбаймыз! Балалар өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Сынақты бастасақ, бастайық!
Бақшамызда шырқалмаған жыр бар ма?
Бақшамызда айтылмаған сыр бар ма?
Бақшамызда алған білім, жырларын
Үздіктерім қане шықсын ортаға
Даниал
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Әсет Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Жансая
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Үлкендердей тап –таза,
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Фатима
Әліппем менің әліппем!
Сені қолға алып мен,
Есігін аштың мектептің.
Ертеңгі жарық құшақпен!
Мен қайырымды баламын.
Тек жақсылық ойламын.
Кішілерге қамқормын,
Біріншіге дайынмын.

Мирас
Мектепке мен барамын.
Кілең бестік аламын.
Ата – анамды қуантам,
Үлкен азамат боламын.
Өсті ақыл ойымыз,
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойымыз!

Бастауыш сынып хандығының патшасы: ортаға шығады. Бұйрық оқиды:
-2016 жыл. Даярлық топтың балдырғандары балабақша патшалығынан бастауыш сыныппатшалығына қабылдансын!

Қабылданбас бұрын жылдағы дәстүрге байланысты ант берсін!
Апайдың еңбегін ақтауға!
Мектептің атына кір келтірмеуге!
Балабақшадағы қызықты күндерді естен шығармауға!
Хорме: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Ойнайық та ойлайық.
Қызықты есептер «Шешуін кім табады»
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады sad Басы 4,аяғы8)
2.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10 )
3.Құмырсқалар еңбекшіл
Үйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу, санап шық (9)
4.Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой
Екі қой қайта алғаным
Айтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-2
5.Мама вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды? (10)
6.Ағашта отыр 8 құс Оның ішінде 6 торғай,қалғаны қарға
Сонда неше қарға?
7.10 саны- тура және кері санау

Ән «Алақай»
Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Осымен «» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Тәрбие.орг сайтынан Аттанайық бала шақтан болашаққа Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асем Акинова

Пікірлер: 0

avatar