«Ауған кеші»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 399
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19178


№17 «Балауса» балабақшасы тәрбиеші
Байбосынова А
Тақырыбы «Ауған кеші»

Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға ауған соғысына қатысқан қазақ азаматтарының ерліктерін еске түсіре отырып,балалардың білімін кеңейту.
Дамытушылық: Өнерге деген қабілеттерін дамытып,елге,жерге деген патриотық сезімдерін ояту.
Тәрбиелік: Болашағын жалғастырушы ұрпақтардың бойына ,Отан сүйгіштік сезімдерін молайту,туған жерін,елін сүюге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Құрметті : Қонақтар,әріптестер,бүлдіршіндер бүгін бізде ерекше күн. Біздің балабақшада жыл сайын ауған соғысына қатысқан батыр ағаларымызды еске аламыз. Осыған орай біз ауған соғысына қатысқан ардагер ағаларымызды ортамызға шақырып отырмыз,қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық. Хош келдіңіз аға.
Тәрбиеші : Бейбіт таңдар арайланып атады.
Туған жерді аймалайды шапағы,
Байтақ елім – Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны! - деп балалар біздің Отанымыз Қазақстан . Бүгінгі кешімізді Қ .Р. Әнұранымен бастайық . Оң қолымызды жүрек тұсына қоямыз. Балалар біздің батыр ағаларымыз басқа ұлт өкілдері болғанымен де сол ауған жеріне барып өздерінің ерліктерін, батырлықтарын,қайсар екенін көрсетті . Ол үшін біз әрқашан мақтан тұтамыз. Ауған соғысынан қайтпай қалған ағаларымызға бір минуттық үнсіздік жариялайық. Жарайсыңдар балалар ,өз орнымызға отырамыз.
Тәрбиеші: Отан ана тағдырыңның тынысы,
Отан қорғау жігіттердің бір ісі .
Отан деген қасиетті борышың,
Сатып кетсең болмайды еш кешірім. – деп балалар отан туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Амандос: Отан жерім, - Отан суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан ұран ,Отан туым,
Отан мәнгі гүлденеді.

Мереке: Отан менің жүрегім
Отан менің тірегім
Отан сенің саяңда
Бақыт құшып жүремін.
Абзал: Асқарлы ,қарлы шың ,
Аялаған ән құсым.
Туған жер армысың,
Саған мың алғыс.
Нұржайна: Отан менің өз елім,
Отан – туған өз жерім.
Отан – далам өзенім
Гүлдей жайнап өсемін.
Ендігі кезекті әнге берейік «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Біз көңілді баламыз,
Шаттық өмір сүреміз.
Тамылжытып ән салын,
Би де билей аламыз .
Ендігі кезекті ару қыздарымыздың орындауында «Қамажай биін» қабыл алыңыздар.
Балалар міне осы біздің батыр ағаларымыз еліміз тыныш болсын аспанымыз ашық ,нанымыз көп болсын деп өз кеуделерін оққа тосқан. Міне сендер осы балабақшаға келіп жатқандарың осы батыр ағаларыңның арқасында.
Тәрбиеші: Бала,бала,баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.
Енді біздің балаларымыздың балабақша туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Бекарыс: Сары ,ақпыз , қарамыз
Бәрімізде баламыз
Бір қалада тұрамыз
Бір бақшаға барамыз.
Әмина: Бақшам менің арайлы,
Нұр шуағы тарайды.
Жаңа бала әуелі ,
Жатырқаумен қарайды.
Жанарыс: Осында мен ойнаймын,
Көп қызыққа тоймаймын.
Бойым да өсіп,ойым да
Ертеңіме бойлаймын.
Эленора: Туған жер – тірегім,
Сенде өстім түледім.
Бір сен деп үнемі,
Соғады жүрегім.
Ән : Хор «Балдырғандар маршы»
Тәрбиеші: Ұмыт болған ,ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім
Ұрпақ үшін тозбайтын тұғын,бітпейтін
Ардагерлер естелігі соғыстың. – деп сөз кезегін ардагер ағаларымызға берейік. Сұқбатыңызға рахмет аға біздің балалар сізден көп үлгі алды деп ойлаймын. Аға біздің балалардың сізге қояр сұрағы бар екен.

Балалар сұрағы:1. Аға сіз ауған соғысында қандай ерлік жасадыңыз?
2. Әскери қызметте қандай қызықтар болды?
3. Аға сіз ауған соғысын қай қалада болдыңыз?
Тәрбиеші: Дос болайық бәріміз.
Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтайық,
Атсын күліп таңымыз. – дей келе балалардың орындауында
Ән: «Ел қорғауға әзірміз» әнін қабыл алыңыздар.
Назерке : Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған
Бізге ашық аспанды.
Заманбек: Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр сәніміз
Тыныштықты сақтайық
Атсын күліп таңымыз.
Айгерім: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Ұлы отан аясында
Жадырайды жанымыз.
Ерғали: Батыр бала арқалаған ел жүгін,
Көрсетті де ұландардың ерлігін.
Отан үшін жау қолында жан қиды,
Сол үшінде ұмытпайды ел бүгін.
Тәрбиеші: Дала гүлін жинаған.
Жазып ерлік дастанды,
Аталарым сыйлаған.
Бізге ашық аспанды. – деп балалардың орындауында
Ән : « Әрқашан күн сөнбесін »
Құрметті: Қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп,көп рахмет . Қазақ деген еліміз әрқашанда көк аспанда шарықтай берсін,аспанымыз ашық ,нанымыз көп болсын. Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Хош сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан «Ауған кеші» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байбосынова А

Пікірлер: 0

avatar