Ауаның қасиеттері

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 1594
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18714


Муслимова Ақбөбек Нариманқызы
Атырау қаласы, Ақжар селосы
№59 «Ақбөбек» балабақша тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Оқу іс әрекеті: Экология
Тақырыбы: «Ауаның қасиеттері»
Мақсаты: Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру; тәжірибе арқылы ауаны,біздің айналамыздағы қоршап тұрғанына көздерін жеткізу. Ойлау белсенділіктерін, байқағыштықтарын арттыру. Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, тәжірибе жасау,
Сөздік жұмыс: поролон. түтікшелер.
Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, су құйылған ыдыс пен түтікшелер, поролон, ауа толтырылған шар.
Алдын ала жұмыс: Видео ролик «Мен табиғат аясындамын»
Билингвальды компонент: ауа-воздух, самал жел-легкий ветерок.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін тобымызға таңертең пошташы сәлемдеме алып келіпті. Сәлемдемені біздің досымыз -Самал жер жіберіпті. Не бар екенін көрейік.
«Шардың ішінде не жасырынғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?»
Балалар: Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды. Олар өз пікірлерін айтады
Тәрбиеші: шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.
-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты. Өйткені оның жібін шешкенде ,дыбыс естілгендей болды.
Балалар: Шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.
-Шардың ішін босатқанда , одан ауа шықты.
Тәрбиеші: Ауа тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін ? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жасап көрейік.
-Біз мұрнымызбен не істейміз?
-Біз немен демаламыз?
Балалар: тәжірибе жасауға дайындалады.
-Біз мұрнымызбен демаламыз.
-Біз ауамен тыныс аламыз.

-Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне бәріміз тексеріп көрейікші.
Балалар: мұрынмен тыныс алып, тәжірибе жасайды.
-Енді түтікті суы бар стаканға салып үрлейік . Стақан ішіндегі суда не пайда болды?
Балалар: түтікше арқылы стақандағы суға ауа үрлейді. Көпіршіктердің пайда болғанын байқайды.
-Алдарындағы желпеуіш қағазды өзімізге қарай желпітіп көрейікші. Не байқадық?
Балалар: Желпеуіш қағазды желпіп, желдің ауаны байқайды.
-Шарды үріп ыдыстағы суға салып көрейікші? Шар неге суға батпайды?
Балалар: үрілген шарды ыдыстағы суға салады. Шардың ішінде ауа болғандықтан суға батпайды.
-Мына паралонның кішкене бөлігін суға салып көрейік не байқадық?
Балалар: паралон суға батпағанын байқадық. Себебі ол тығыз емес , оның бойында ауа бар .
Сергіту сәті
Самал жел бізді желдетші
Күн нұры бізді жарқырат
Таза ауа бізге дем берші
Мөлдір су бізді салқындат
Келесі тәжірибеміз май шаммен жасап көреміз.
Балалар ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар?
Балалар: Завоттардан шыққан түтін, көліктерден шыққан түтіні т.б.
Дұрыс айтасыңдар, қаламыздағы ірі зауыттан шыққан түтінмен ,көліктен бөлінген түтін ауаға тарап содан ауа ластанады. Жеке жұмыс жүргізу.
Қорытынды: Балаларға сұрақ қойып оқу іс әрекетін қорытындылау.
-Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Ауа ластанбау үшін не істеу керек?
Балалар: сұраққа жауап береді.
- Ауаның қасиеттері туралы.
Ауа шіріген жапырақтарды өртемеу керек екенін айтады.
Балаларды мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Ауаның қасиеттері Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муслимова Ақбөбек Нариманқызы

Атырау қаласы, Ақжар селосы №59 "Ақбөбек" балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar