Қазақтың ұлттық ойындары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1195
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19899


Білім саласы: Қатынас.
Білім бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары».
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу. Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: Төрт мезгілдің суреті, арқан.

Қызығушылығын арттыру
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңберін құрайықшы.
Балалар шеңбер құрып тұрады.

Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Балалар барлығын қимылмен орындап шығады.
Ал, енді балалар орнымызға отырайықшы.

Балалар орындарына отырады.
Ізденпаздыққа қалыптастыру
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
─ Балалар төрт мезгіл бар екендігін айтады.
Атап айтып шығайықшы.
─ Көктем, жаз, күз, қыс мезгілдері.
Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып шығайықшы.
Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып шығады.
Күз туралы кім тақпақ біледі?
Балалар өз тақпақтарын айтып шығады.
Балалар бүгін сендермен ауылға саяхат жасаймыз. Ауылға пойызға мініп барайықшы.
Балалар қатарға тұрып:
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу гуілдеп,
Қалып қойма бәрінен.

Ауылдан Қасым ата қарсы алады.
Балалар атамен амандасады.
-Балалар сендер қайдан келе жатырсыңдар?
Балалар балабақшадан келе жатырғандарын айтады.

-Балалар сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме?
Балалар Қасым атаға назар аударып отырады.
Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Аңға байланысты, малға байланысты, заттармен ойналатын ойындар.
Ата: Олай болса, сендердің ұлттық ойындарыңды тамашалайын.
Тәрбиеші: Ал, балалар онда сендермен «Қыз қуу» ойынын ойнайықшы.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Шарты: Атпен қызды қуып жету. Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды атпен қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.
Балалар «Қыз қуу» ойынын ойнайды.

Ал, енді «Арқан тартыс» ойынын ойнайықшы.
Шарты: Екі топқа бөлініп арқан тартады.
Балалар «Арқан тартыс» ойынын ойнайды.
Ал, енді балалар біздің де қайтатын уақытымыз болып қалды. Пойызға мініп балабақшамызға қайтайық.
Балалар қатарға тұрып жүреді.
Топқа келіп отырамыз.
Жетекші-жөндеуші
-Балалар бүгін қайда бардық?
Балалар ауылға барғандарын айтады.
-Ауылда не істедік?
Балалар ауылда ойнағандарын айтады.
-Қандай ойындар ойнадық?

Күтілетін нәтиже:
Не білді: Балалар қазақтың салт-дәстүрлерін білді.
Не алды: Балалар сұрақтарға жауап бере алды.
Не істей алды: Балалар ұлттық ойындарды ойнай білді. Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың ұлттық ойындары Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Молдакулова Гулсим Аманкуловна

ОҚО Шымкент қаласы №19 "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar