Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Ғажайып қала"
  • 03.04.2016
  • 764 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18396

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (22.4Kb)

№ 31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы

«Ғажайып қалада»
(ашық оқу іс-әрекеті)



Тәрбиеші: Кинжебаева А.Г.

2015-2016 оқу жылы

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың БҰҰ-ның балалар құқықтары
туралы Конвенция туралы, ондағы негізгі құқық
түрлері жайындағы, әріптер, дыбыстар, сөз, сөйлем,
сандар жайындағы білімдерін бекіту.
Білімділік: Балаларға өзінің Қазақстанның толық құқықты азаматы ретінде
түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Балалар бойында азаматтық-патриоттық сезімдерді тәрбиелеу. Бір-біріне
деген достық қарым-қатынасқа үйрету.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Қолданылған көрнекіліктер: қақпа, жол белгілері, тақта, пеш макеті, үй түрлері.

Бөлме қала бейнесіне сай безендірілген.
Шаттық шеңберін ұйымдастырады:
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін ерекше әдемісіңдер, сендермен серуенге шыққаныма өте қуаныштымын.
Шапшаң қағып қолымды,
Бір, екі, үш соғайық.
Қарап тұрған көршіме,
Мен қолымды былғайын.
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайыннан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер, қысайын
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
(Музыка әуенімен тышқан келіп хат пен сиқырлы таяқшаны тапсырады)
Тәрбиеші: Ой, балалар, мынау хат екен ғой. Қызық, оны бізге кім жіберген
екен? Оқып жіберейін: «Қымбатты достар! Мен ғажайып қалада
тұратын Күлшеқыз боламын. Сендер мені кітап көмегімен
танисыңдар, ал мен сендерді әлі көрген емеспін. Сондықтан да
сендерді менімен бірге патшаның ұйымдастырып жатқан кешіне бірге
баруға шақырамын. Сендерді ғажайып қалада күтемін. Кешігіп
қалмаңыздар!»

Сәлеммен Күлшеқыз.
Тәрбиеші: Мәссаған, балалар енді не істейміз? Қонаққа барғыларың келеді ме?
Балалар жауаптары.
Тәрбиеші: Ендеше, ғажайып қалаға аттануымыз керек. Ал оған қалай
барамыз? Ұшатын сиқырлы кілем де жоқ...
(Балалар сиқырлы таяқшаны байқайды)
Тәрбиеші: Ой, ұмытып кетіппін, бізде сиқырлы таяқша бар екен ғой. Қазір сендер
көздеріңді жұмыңдар, ал мен сиқырлаймын.
(Әуенмен балалар көздерін жұмып айналады, қақпа пайда болады)
Тәрбиеші: Мәссаған, қараңдар, балалар мынау ғажайып қалаға жол ашатын қақпа
болар ия?
Осы кезде қақпаның ар жағынан дауыс естіледі:
- Жолаушы, мына қақпа тек ақылды, өз құқықтарын білетін білімді адамға ғана ашылады.
Тәрбиеші: Кім болсаңыз да дәл таптыңыз, біз өз құқықтарын білетін, ақылды
балалар боламыз. Біз досымызды іздеп жүрміз.
Дауыс: Жоқ, мен жәй сөзге сенбеймін. Дәлелдеп беріңіздер! Сұрақтар
қоямын, дұрыс жауап берсеңдер қақпа ашылады. Дұрыс жауап бере
алмасаңдар, келген жерлеріңе қайтасыздар.
Балалар: Жарайды.
Дауыс: Ал, ендеше тыңдаңыздар:
- Сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Қандай балабақшаға барасыңдар? Топтарының қалай аталады?
- Қазақстан Республикасында балалардың қандай құқық түрлері жүргізіледі?
- Балалар құқықтары туралы қандай құжатта жазылған?
- Балабақшаларында сендердің құқықтарыңды бұзбайды ма? Еркін ойнап, уақытылы демалып, білім алып, ас ішесіңдер ме?
- Жарайсыңдар, сұрақтардың барлығына дұрыс жауап беріп, өздеріңді көрсете білдіңдер.
(Қақпа ашылады, балалар қалаға кіріп алғашқы «Өмір сүру құқығы» көшесіне келеді)
Тәрбиеші: Балалар, мұндағы көшелер атауы қызық екен. Не білдіреді деп
ойлайсыңдар?
Балалар жауаптары.
(Тәрбиеші «ана» сөзіне түсінік береді, «Есімге ие болу құқығы, отбасыда өмір сүру құқығы туралы әңгіме жүргізіледі. Ана, отбасылары жайында сұрақтар қою)
«Ана - мама» әні орындалады.
«Баспанаға ие болу құқығы» көшесіне келеді.
Тәрбиеші «Менің мекен-жайым» ойынын ойнатады.
Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші доп лақтырған бала тегін, аты-жөнін, толық мекен-жайын айтады.
«Білім алу құқығы» көшесіне келеді. 4 түрлі үстелде 4 топқа тапсырма жатады:
- Мына сөздерді қолданып мақал-мәтел құрастыр
(Мысалы, Отан – «Отан оттан да ыстық»)
- Берілген әріптерден сөз құрау
(Мысалы, А Р Т О Н К – Отан сөзі), оны тақтаға жазу;
- Берілген сөздерді оқу, буынға бөлу, сөз тіркесін және сөйлем құрау
(Ана – А-на. Аяулы ана. Менің анам сатушы болып жұмыс жасайды
- Есеп шешу (5+4*9 10-5*5)
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып сергіту сәтін орындайды:
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш!
«Демалыс құқығы» көшесіне келеді. Көрініс «Күлшеқыз» ертегісінен үзінді:
Өгей анасы мен екі әпкесі сахнаға шығады. Анасы: «Эй, Күлшеқыз қайда кеттің?! Тез, бері кел! Саған берер тапсырмам бар».
Күлшеқыз жүгіріп келеді: «Ия, анашым, мен сізді тыңдап тұрмын»
Анасы: «Біз кешке патшаның кешіне барғалы жатырмыз. Кешке дейін әдемі көйлектерімізді дайындап, үтіктеп қой»
Күлшеқыз: «Анашым, ол кешке мен де барғым келеді...»
Анасы мен қыздары күледі. Үлкен әпкесі: «Сен не деп тұрсың?
Қайдағы кеш саған? Мына түріңнен сенен бәрі шошып кетеді, ха-ха-ха»
Анасы: «Болды, кешке біз барамыз, ал сенің жұмысың көп, ыдыс-аяқ жу,
үйді жина, күрішті ажыратып қой» деп үшеуі шығып кетеді.
Күлшеқыз жылап қалады.
Балалар Күлшеқызды тоқтатып, оған құқығы туралы түсіндіреді.
Тәрбиеші: Балалар, Күлшеқыз бен оның анасы, әпкелеріне балалар құқықтары туралы ұмытпас үшін не сыйлаған дұрыс болады?
(Балалар құқықтары туралы Конвенцияны сыйлайды).
Өздерінің қоштасу кешіне Күлшеқызды қонаққа шақырады.
Қорытындылау:
- Балалар, бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Қандай қалаға бардық?
- Қандай көшелер бар екен?
- Саяхаттап жүргенде сендер не көрдіңдер?
- Құқық түрлерінің барлығы қандай құжатта жазылған?
- Ал, ендеше, қонақтарымызға балабақшаны көрсету үшін тобымызға қайтайық.
Соңы. Тәрбие.орг сайтынан "Ғажайып қала" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кинжебаева Алия Габдымуратовна

БҚО Ақтөбе қаласы, № 31 "Күншуақ" мектепке дейінгі ұйымы Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 764 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar