«Ғажайып әлем»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 687
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22824


Тақырыбы: «Ғажайып әлем»
Мақсаты: балалардың әңгімелер арқылы тіл байлығын молайту.
Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер, әңгімелер,өлеңдер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту.
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін, қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру. Дәстүрден тыс бейнелеу өнері тәсілдерін қолданудың мақсаты-бала бойындағы көркем шығармашылық қабілетті ашу және дамыту.
Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілер мен әңгімелерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жомарт, қайырымдылық, бірлік, мейірім.
Көрнекі құралдар: ребус-жұмбақ плакаттары, ертегі көркем суреттері.
Керекті құрал-жабдықтар: ширма, тақта, 2 ер адам қуыршақтары, аю, сахналау театры, 4 орталық құралдары –түлкі, қарға, ірімшік, ағаш контурлары, бояулар, умаждалған қағаздар, трубочка, майлы түсті қарандаштар, желім.
Билингвистикалық компонент: жолдас-товарищ-comrade, жомарт-шедрый-zhomart, қарға-ворон-raven, түлкі-лиса- fox, ірімшік-сыр- cheese, ағаш-дерево- tree.

Оқ-қызмет барысы:
Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен сәлемдесейік.
Біз әдепті баламыз ,
Біз ерекше боламыз .
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме ? – деп,
Сәлемдесіп аламыз .

Шаттық шеңбері:
Балабақшам армысың !
Сені жақсы көремін .
Достарым менің бармысың !
Құшақтасып алайын .

-Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін берілген карточкадағы суретке байланысты жылы лебіздеріңді білдіріңдерші.(Магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады)
«Күн» - Әрқашан күн сөнбесін .
«Су» - Суымыз тұнық болсын .
«Нан» - Нанымыз көп болсын .
-Күнді орысша не дейді ? Ағылшынша не дейді ? (солнце – sun )
Ұйымдастыру.
- Сендерге ертегі ұнайды ма?
-Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
-Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп, кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім...т.с.с.)
-Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте, ерте, ертеде...)
-Қандай ертегілер болады ? (аңдар туралы, құстар туралы, қиял-ғажайып..)
-Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс, қытай ...т.б.)
1. Ал, енді балалар мен сендерге Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас»
әңгімесін қуыршақ театры арқылы тамашалайық.
(әңгіме айтылып жатқанда қуыршақ театры арқылы балалар ойнап, көрсетіледі, баяу музыка ойналады )
Автор: Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi.
Әлсіз досы: ау досым, қайда кеттің мен талға шыға алмаймын ғой, не істеймін? Аюдан қорқамын. Таптым, аю өлген адамдарды жемейді дегенді естіген едім, солай етейін. (Әлсіз кісі жерге демалмай жата қалады)
Аю: екі адам еді, біреуі қашып кетіпті, біреуі қалыпты, мен соған барайын (ауру адамды олай-бұлай иіскелейді), мынау адам өліп қалыпты ғой, қой мен кеттім (деп кетіп қалады).
Автор: осылай деп аю кетіп қалады, ал ағаштағы досы жерге түсіп әлсіз досының қасына келеді де сұрайды.
Досы: достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi?
Әлсіз досы: аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi,-дейді.
Автор: балалар сендер ойлаңдаршы, екі достың қайсысынікі дұрыс болмады?
Қорытындылау.
2. Кроссворд (жұмбақ) шешу ПЛАКАТ 6 тапсырма

1.Ерте тұрдым,
Алып ұрдым. (Етік)

2. Ағаш көрсе қышынар,
Сояу-сояу тiсi бар. (Ара)
3. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)
4. Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (Көбелек)
5. Үшкiр қазық,
Дөңгелек қалпақты,
Бiрiктiрер бөлектi. (Шеге)
6. Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы. (Бүркiт)
Кроссвордты шекеннен кейін ЕРТЕГІ сөзін талдау.
2.1. Ребус шешу ПЛАКАТ 3
«Жеті лақ бен қасқыр»

«Үш аю»
«Мақта қыз бен мысық»

Басқа ертегілерді ауызша көркем сурет арқылы айту.

3.Ы.Алтынсарин «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңі.
- Кім жомарт? - Елбасы жомарт
Бар халықты басқарған.
- Не жомарт?
- Ай мен жұлдыз жомарт
Қараңғыдан сақтаған.
- Кім жомарт?
- Ата-ана жомарт
Бар баласын асыраған.
- Не жомарт?
- Көктем жомарт
Табиғатты оятқан.
- Кім жомарт?
- Ұстаз жомарт
Бар шәкіртке мейірім төккен.
4.Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай-ақ.

5.Ойын: «Өнерлі балдырғандар ортада» атты орталық ойыны.
Балалар ойын арқылы суретті карточканы (қарға, түлкі, ірімшік,ағаш ) өз қалаулары бойынша тандап алып сол бойынша орталықтарға бөлінеді.
(Арнайы орталықтарда керекті құралдары топтастырылған)
1-орталық: «Қарға», алдын ала бейнеленген қарға контурына қағазды жұлмалау тәсілімен жапсырады.
2-орталық: «Түлкі», алдын ала бейнеленген түлкі контурына трубочкалармен киімін әшекейлеу тәсілімен орындайды.
3-орталық: «Ірімшік» , алдын ала бейнеленген ірімшік контурына ірімшік қара дақтарын жапсыру тәсілімен орындайды.
4 –орталық: «Ағаш», алдын ала дайындалған ағаш контурына майлы бояу карандаштармен ағаш түсін, жапырақтарын бояу.
Тәрбиеші: балалар,жұмыстарыңды болсаңдар тақтаға ілейік.
(Жұмыстарды ретімен –ағаш-қарға-ірімшік-түлкі жапсыру)
Тәрбиеші: мінекей қараңдаршы Ы.Алтынсариннің қандай шығармасы шықты?
Балалар: «Қарға мен түлкі» мысал-өлеңі.
6.Билингвистикалық компонент: қарға-ворон-raven, түлкі-лиса- fox, ірімшік-сыр- cheese, ағаш-дерево- tree.
Тәрбиеші: бәрекелді, бәрін біледі екенсіңдер, енді осы шығарманы қонақтарымызға рөлдерде ойнап көрсетейік.
7. «Қарға мен түлкі» шығарма қойылымы
Тәрбиеші: мінекей балалар, бүгін сендермен ғажайып әлемде болып қайттық. Онда нелер мен кімдерді кездестірдік? Сендерге не ұнады? Не ұнамады?
Қорытынды: оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мақтап , мадақтау.

Авторы: Дюсенбекова Айткүл Тапелқызы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші. Тәрбие.орг сайтынан «Ғажайып әлем» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дюсенбекова Айткүл Тапелқызы

Пікірлер: 0

avatar