«Ғажайып қыс»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 1279
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18713


Сабенова Гүлфайруз Құмарғалиқызы
Атырау қаласы, Ақжар селосы
№59 «Ақбөбек» балабақша тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты:
Білімділігі:Балалар жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру.Қыс көрнісі туралы әңгімелеп беруге және білімдерін тиянақтау.
Дамытушылығы: Қыс мезгілі білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Қыс мезгіліндегі үлкендердің еңбегіне деген құрметке тәрбиелеу.Қыстап қалған қалған құстарға қамқорлық жасау.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өлең түсіндіру, слайд көрсету, ойын, ғажайып сәт,сергіту сәті,зерттеу жасау, сұрақ-жауап, қорытынды.
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері,аққаланың бөлшектері,қатқан мұз,слайд.
Алдын ала жұмыс: Серуенде қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.
Билингвальды компонент: Қыс-зима,қар-снег,аққала-снеговик,желтоқсан- декабрь

Тәрбиеші «Ғажайып қыс» туралы бейне көрніске балалардың назарын аударды. Балалар бейне көрністі мұқият қарайды.
Сұрақ- жауап:
-Бұл көрністе қандай мезгілді көріп отырсыздар? Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінің неше айы бар? 3 айы бар желтоқсан,қаңтар, ақпан
-Қыс мезгілінің айларын атап айтыңдаршы? Балалар ойын ойнайтындарына қуанады.
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсірейік ,ол үшін мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді.
Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»
Ойын шарты:Тақтаға қыс мезгілінің суретінің қалташасы бар сурет ілінеді.
Үстел-үстіне төрт жыл мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері. Балалар төрт жыл мезілдерінің суреттерінің ішінен тек,қыс мезгілінің суреттерінің ерекшеліктерін тауып тақтаға ілуі қажет. Балалар ойын шарты бойынша орындайды. Жарайсыңдар балалар.
Балалар мен сендерге тәжірибе жасау үшін,мұз әкелдім осы мұзды оқу іс әреккет соңына қарай мұз неге айналады екенін байқаймыз жарайма. Балалар тәрбиешінің қолындағы мұзға таңырқай қарайды
Кіріспе әңгіме:
Міне балалар оқу іс әрекетіміздің тақырыбын ашып алдық.
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
ақын Абдрахман Асылбековтың
«Қыс» өлеңін Мнемо кесте арқылы
мәнерлеп оқып мазмұнын ашу.
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды,тауды да
Бояған ақ түспенен
Балалар тәрбиешінің айтқандарын зер сала тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады.
-Балалар мен сендерге қыс ерекшеліктері туралы жұмбақ жасырғым келеді жауабын табасыңдарма? Балалар жұмбақтардың жауабын ойлана жауап берді.
Жұмбақ жасыру:
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. Қар.
2.Қыста-айна,
Көктемде- су Мұз.
3.Ышқынады өзі жоқ,
Ысқырады сөзі жоқ Боран.
4.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы,
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен осы Аққала.
Ғажайып сәт:
-Аққаланың келуі.
-Сәлеметсіңдерме балалар мені таныдыңдарма?
Сәлеметсізбе,
Иә әрине таныдық.
-Қазір қыстың соңғы айы болғасын сендермен қоштасуға келдім.
Балалар аққала туралы өз ойларын айтады.
Балалар сендер мен туралы не білесіңдер?
Нұрай
Балалар шықты далаға
Ойнап,күліп, жүр енді
Шаналармен озады
Аққаланы соғады

Балалар әуенді сергіту жаттығуын қимыл келтіре орындайды.
Сергіту жаттығуы:
Аққаламен бірге әуенді сергіту жаттығуын ұйымдастырады.
Д/ойын: «Тез құрастыр»
Ойын шарты:Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі.Балаларға екі жаққа аққаланың бөлшектері таратылады.Балалар берілген бөлшектерден аққаланы тез құрастырып, болған балалар қатарға тұра қалуы керек. Балалар екі топқа бөлініп аққаланы тез құрастыруға тырысады.
Мұзды бақылау:
-Балалар мұз неге айналды? Суға айналды.
-Балалар не себепті еріді? Себебі күнің көзінде тұрғасын,күн жылуына еріді.
-Міне балалар қыста аяз болғанда өзен,су,көл сулары неге айналады? Мұзға айналады
-Міне қыс мезгілінің ғажайып ерекшеліктерін осыдан көреміз
-Әр жылдың өзіне тән ғажайып ерекшеліктері болады екен.
Аққала: мұз демекші,балалар мен сендерге арнап тәтті мұз кәмпиттер алып келдім тәрбиеші апайларыңа берейін,менің қайтатын уақытым келді.Келесі қысқа дейін кездескенше аман сау болыңдар. Балалар аққаламен қоштасады.
Сау болыңыз.
Қорытындылау:
-Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінде қандай мезгіл туралы әңгімелестік? Қыс мезгілі туралы.
-Бізге қонаққа кім келді? Аққала келді
-Қандай зерттеу жұмысын бақыладық? Мұздың суға айналуын.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінежақсы қатысқан балаларды мадақтау,аққала әкелген мұз тәтті кәмпитерді балаларға тарату. Балалар қуанады.
Келген қонақ апайлармен қоштасу. Сау болыңыздар, қонақ апайлар.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді:Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп беруді.
Нені меңгерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы,мұзздың қасиеті туралы меңгерді.
Нені жасай алды: Ойын шартын түсініп ойынды ойнай алды. Тәрбие.орг сайтынан «Ғажайып қыс» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сабенова Гүлфайруз Құмарғалиқызы

Атырау қаласы, Ақжар селосы №59 "Ақбөбек" балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar