Бүгін бізде мереке

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 162
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 24/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21278


Тақырыбы: Бүгін бізде мереке.
(күз мезгіліндегі балалардың туған күндерін тойлау)
Мақсаты: балалардың көңіл - күйін көтеріп достарының туған
күндерін атап өту.
ә) Шығармашылық қабілеттерін және жолдастық қарама – қатынастарын арттыру.
б) Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу
1 - жүргізуші:
Құрметті апайлар, балапандар! Бүгін бізде мереке, себебі өз тобымыздағы достарымыздың туған күндерін тойлаймыз.
2 - жүргізуші: Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.
1-жүргізуші: Оййй мынау не?
2-жүргізуші: Не екен, ашып қараймыз ба?
(ашып қараса, ішінен қыз (құттықтаушы) шығады)
-Екеуі: Сіз кімсіз?
-Мммммммен қуттықтаушымын. Сіздерді құттықтайын деп келдім. Қане туған күн болған соң, бәріміз көңілді отырмаймыз ба?
Билейді бәрі.
1 - жүргізуші: Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау гүлдін.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімдердің?
Балалар: Мұхаммед,, Мадина, Айсулу, Назерке, Айсана деп хормен айтады.
1 - бала: Ай секілді өзі де,
Сыңғыр - сыңғыр сөзі де.
Ақылды қыз Мадина
Еркесі ғой үйінің.
Мадина- 5жасқа толып отыр.
2 - бала: Байыппен қарап айнала,
Көркіне ақылы сай ғана.
Мұхаммед біздің ер жігіт
Сөйлейді өзі жай ғана.
Мұхаммед 5 жаста.
5 - оқушы:Дауысын баяу оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Назерке
Нені ойлап толқиды.
Назерке 5жасқа толды.
Туған күннің иесі
Қыздарымыз келесі
Оралбек Айсұлу 5 жасқа
Сағынғали Айсана
Толды міне 5 жасқа
Өнеріне бал тамған
1 - жүргізуші: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын.
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың,
Келешек өміріңе бақыт тілеп
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймыз.
Әр шаңыраққа қуаныш, шат күлкі сыйлап, дүние есігін айқара ашқан күн адамның туған күні есептеледі екен. Кешегі кішкентай сәбилеріміз бүгінде ер жетіп, бой жетіп біздің бөбек жайымызда тәрбиеленуде.
Олай болса, туған күн иелеріне арнап, тақпақтарымызды айтайық.
Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күнін достардың
Бірге қарсы аламыз - Наргиза Н
Туған күнін достардың
Зор қуаныш көреміз.
Ортаға алып би билеп.
Ән де салып береміз.- Алина
Туған күнді тойлаймыз.
Қызықты ойын ойнаймыз.
Қолдан жасап ойыншық
Досымызға сыйлаймыз – Наргиза
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Бәрімізге мереке – Ерасыл


Арамызға биші қыздарда келген сияқты
2 - жүргізуші: Қамзол киім, қына бел
Толған ою - өрнекке
Билесін деп сұрайды ел
Өнеріңді көрмекке
Балалардың орындауындағы «Жалқаубек» биі
1 - жүргізуші: Бата мен тілек - егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз - бата, бата дегеніміз - тілек.
«Сапарың оң болсын»,«Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз» деген тіркестерде бата да, тілек те бар, бата мен тілек - адам баласына жақсылық ойлау. Ендеше өз достарымызға туған күн мерекелеріне арнап тілек айтайық.(Әр баланың тілегін тыңдау)
Айқаракөз:
Қанша жұлдыз әлемде
Қанша толқын теңізде
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде.
Дильназ:
Туған күндерің құтты болсын! Қуанышты бақытты күндер көп боолсын!
Айару:
Тук-Тук деп есік қағылады.
Сіз кімсіз?
-Мен пілдің баласымын. Анамды жоғалтын алдым. Сіздерде туған күн болып жатыр деген соң, сіздерден көмек сұрап келдім. Анамды тауып беріңдерші.
Ойын «Телефон»
Балалар кезек –кезек келіп телефонмен анасын іздеуге кіріседі.
Алло, сәлеметсіз бе?
Бұл піл ме екен?
-Қайдағы піл пф-пф мен кірпімін.
Әрі қарай балалар жалғастырады.
Алло, сәлеметсіз бе?
Кім екен?
-ИИиииихю .(атттың дауысы)
(сиырдың дауысы)
(Қасқырдың дауысы)
-Енді бір рет телефон шалып көрейік.
Алло, сәлеметсіз бе?
Бұл піл ме екен?
Иә, мен пілмін!
-Мен сіздің балаңызды тауып алдым, соны айтайын дегем.
-Ойййй рахмееет, таба алмай басым қатты, рахмет, рахмет. Қазір барып алып кетем.
Ән «Көңілді күн».
Құттыбай Айнаш
-Піл келіп баласын алып, рахметін айтып кетіп қалады.
2 - жүргізуші: Туған күн мерекесінде кім болса да сыйлық алғанды ұнатады. Ендеше біздің достарымыз да сыйлық күтіп отырған шығар. Олай болса достарымызға дайындаған сыйлығымызды тапсырайық
Туған күн иелері хормен: Жасымызға жас қостық
Жақсы күнде бас қостық
Арманы бір құрдастар
Құрметтеріне мың алғыс.
1 - жүргізуші: Сен туған күн, мен туған күн,
Бізде бүгін көп мереке.
Асыр салып кел билейік
Құтты болсын бұл мереке
Ән: « Туған күн» Қадырбек пен Али
Құттықтаушы: Туған күнің құтты болсын балақай,
Қуаныш пен шаттық бағын аралай,
Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,
Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай. Тәрбие.орг сайтынан Бүгін бізде мереке Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адайбекова Бакытгул Нургалиевна

Пікірлер: 0

avatar