Бөрене үстінде жүру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 914
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 15/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18653


Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Бөрене үстінде жүру.
Мақсаты: 1.Бөрене үстінде жүруді үйрету.
2.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.Доп лақтыру және допты екі қолмен қағып алу дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтары: әрбір балаға доп,текшелер немесе кегельдер 5-6 дана,жіп,бөрене.
Іс-әрекет кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1.Бір қатар тізбекпен жүру.
2.Алаңды айнала баяу жүгіру.
Нұсқаушы балалардың бірін-бірі асып кетпей,1-2 қадам қашықтықты сақтап,ретпен жүгіргенін қадағалап отырады.
3.Шеңберге тұру.
Балалар текшелер немесе кегельдер арасымен ирелеңдеп жүгіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік 1.Жүріп орындалатынЖДЖ:
Б.қ.: негізгі тұрыс.1-сол аяқпен қадам жасау,оң қолының саусақтарын жұдырыққа түю;2-оң аяқпен қадам жасау,сол қолының саусақтарын жұдырыққа түю;3-сол аяқпен сол қадам жасау,оң қолдың саусақтарын ашу;4-оң аяқпен оң қадам жасау,сол қолдың саусақтарын ашу.
Б.қ.: негізгі тұрыс.
1-сол аяқпен қадам жасап,оң қолын шынтақ тұсынан бүгу;2-оң аяқпен қадам жасап,сол қолын шынтақ тұсынан бүгу;3-сол аяқпен қадам жасау оң қолын ашу;4-оң аяқпен қадам жасау,сол қолын ашу.
Б.қ:-негізгі тұрыс.
1-сол аяқпен қадам жасап,оң қолының саусақтарын жұдырыққа түю;2-оң аяқпен қадам жасау,сол қолының саусақтарын жұдырыққа түю;3-сол аяқпен қадам жасап,оң қолын бүгіп иығына қою;4-оң аяқпен қадам жасап,сол қолын бүгіп,иығына қою;5-сол аяқпен қадам жасау,оң қолын созу;6-оң аяқпен қадам жасау,сол қолын созу;7-сол аяқпен қадам жасау,оң қолының білезігін айналдыру;8-оң аяқпен қадам жасау,сол қолының білезігін айналдыру.
2. Шеңбер бойымен жүру.
3.Допты лақтыру және қағып алу.
4.Сапқа бір-бірден тізіліп тұру.
5.Бөрене бойымен жүру. Педагог олардың денелерін түзу ұстап жүрулерін қадағалайды.

Балалар жаттығу барысында допты алады және өз орындарына тұрады.Балалар допты лақтырып,қағып алады,қағып алар кезде допты аса жоғары лақтырмауға тырысып,оны жеңіл қозғалыспен қағып алады.
Рефлексиялық-түзетушілік «Тауық пен балапандары» ойыны. Ойынға жаппай қатысады.
Күтілетін нәтиже:
орындайды: бөрене үстінде жүруді;
түсінеді:ойынның шарттарын;
қолданады:доп лақтыру және допты екі қолмен қағып алу дағдыларын. Тәрбие.орг сайтынан Бөрене үстінде жүру Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құттымұратова Қалампыр

Пікірлер: 0

avatar