«Бағдаршам»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 209
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22834


Тәрбиеші: Дарибаева Назигул Қунанбайқызы
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларға жол тәртібін түсіндіру, көлік түрлерімен ажыратуға көмектесу (жеңіл және жүк таситын машина), көлік жолы және жүргізушілер жолын ажыратуға танып білуге, бағадаршам туралы түсініктерін кеңейту, түстерді ажыратуға үйрету. Балалардың жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілерінің макеті , дыбыстық дауыстар, слайд суреттері
Тәрбиеші: Балалар, қараңыздаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келген, қанеки олармен амандасып алайықшы.
Тәрбиеші: Балалар, сендердің бүгін көңіл - күйлерің қандай, олай болса тамаша көңіл күйлеріңді бүгін бізге келген қонақтарымызға таратайықшы (балалар алақандарына үрлейді)
Тәрбиеші: Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
Ал біздің қаламыз қалай аталады?
Ал біз қандай ауылда тұрамыз?
Біздің балабақшамыздың көшесі қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар біз «Сарыжар» ауылында тұрамыз. Балалар мен сендерді бүгін «жол ережесінің» еліне апарғым келеді. Онда біз бағдаршам мен жол белгілерімен танысайық. Балалар біз ол елге қалаға немен барамыз? Әрине авотбуспен барамыз.Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек. Алдымен автобусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталацық. Балалар көлікке мінген кезде адамдар өздерін қалай ұстау керек?
«Қоғамдық көліктегі тәртіп мәдениеттері»
-Жасы үлкен адамдарға орын береміз;
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды;
Ашық есіктен, терезеден қолыңды шығарып созуға болмайды;
Олай болса саяхатымызды бастайық. Автобусқа мініп серуендеу. Тақтадағы слайд суреттері арқылы балаларды қаладағы көшелермен таныстыру. Балалар алға қарайық, біз нелерді көріп тұрмыз? үлкен көшелер өте көп. Қандай көліктерді көріп тұрмыз? Дұрыс айтасыңдар, бұл көшелерде көптеген жеңіл және жүк таситын машиналары және автобустар жүреді. Бірақ олар барлығы көшеде жүрген кезде тәртіпті сақтайды екен. Сонымен қатар жолда дұрыс жүру үшін, жолдан асықпай өту керек екенін көрсетіп тұратын жол белгілері де болады екен. Мінеки мына жерде біздің алдымызда бір жел белгісін көріп тұрмын.
«Аялдама белгісі»
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді
Біреуі отырады
Біреуі тұрады (Аялдама)
Тәрбиеші: Әрине бұл аялдама белгісі, авотбустар тоқтап, адамдар мініп- түсетін жер бұл аялдама деп аталады.
Балалар ал енді бізді осы елде кім кұтіп тұрғанын білгілерің келе ме? Олай болса қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер ол кім екенін ойланып көріңдер келістік пе?
Алатаяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам
Ол кім?
Әрине полиция ағай. Полиция ағай жолдағы тәртіпті қарап тұрады, олар адамдардың өмірін қорғайды. Ой балалар ол бізді естіп келе жатқан сияқты.
Күтпеген сәт: Полиция ағай келеді, балалармен амандасады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңіздер жол ережелерінің еліне. Мені таныдыңдар ма? Иә жолдағы ережелерді қарап тұратын полиция ағай мен болам. Баллар сендер қай баабақшадан келдіңдер? Жарайсыңдар, ал сендер балабақшада жол ережелері туралы айтасыңдар ма, білесіңдер ме? Оай болса қазір маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Мені жақсылып тыңдап алыңдар
Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқтан сақтан жол ашық
Жүрме жолға таласып.
Мен не туралы айтып тұрмын? Әрине мен бағдаршам туралы айтып тұрмын.
Балалар мына көшедегі тұрған бағдаршамның көңіл –күйі жоқ. Ол ауырып қалмады ма екен, оған жақсылып қараңыздаршы, оған бір заттары жетіспейтін сияқты, нелері жетсіпейді екен? ? Әрине бағдаршам өзінің түрлі түсті көздерін түсіріп алған,ал оның көздері оған керек. бағдаршамның көздерін дұрыс ретімен қойып жинап беру керек, оған көмек қажет? Сендер көмектесесіңдер ме? Бағдаршам туралы білесіңдер ме?
-Бағдаршамның неше көзі болады?
-Бірінші қандай көзі болады?
-Қызыл
-Екінші қандай түсті көзі болады?
-Сары
-Ал, үшінші көзінің түсі қандай?
-Жасыл
-Жрайсыңдар балалар, сендер бағдаршамға көмектестіңдер, ал енді бағдаршам сендермен ойнағысы келіп тұр
«Бағдаршамның түстері»
Ойынның ережесі: Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда балалардың жауабы : алдарында жатқан қызыл түсті дөңгелекті көтеріп:
Қызыл жанса – тоқта
Асығып сен жүгірме
Сары түсі жанғанда балалар сары дөңгелекті көтеріп:
Сары жанса дайындал
Жан-жағыңа үңілме
Жасыл түсі жанғанда жасыл дөңгелекті көтеріп:
Жасқанбастан өте бер
Жасыл болса жағылған

Тәрбиеші: Балалар біз полиция ағайдың екі тапсырмасында дұрыс орындадық, ал енді осы бағдаршамның жолдағы көмекшілері бар екен, олар жол белгілері деп аталады, біздер ол туралы білеміз бе?
Полиция ағай: қанеки олай болса менің келесі тапсырмамды дұрыс орындау үшін мені жақсылап тыңдаңдар:
«Жол белгілерінің макетімен таныстыру»
Мынау өзі қандай белгі
Көлікке тоқта деп сілтейді!
Адамдарға жүр дейді
Ақ жолақтан құралған
Жол үстінде сызылған? «Жаяу жүргіншілер белгісі»
Тәрбиеші: Балалар ол белгі бізге не үшін керек? Ол не деген белгі, кімдерге арналған?
Тәрбиеші: Сонымен балалар жаяу жүргіншілер жолы қандай болады екен? Қанеки қазір біз осы жолдан бағдаршамның жасыл түсін жанғанын күтіп адамдарға арналғн жолдан жүгірмей дұрыстап өтейік.
2) Бұл жерде жүк көлік жүрмейді
Бұл жерде адамдарда жүрмейді
Бұл жерден тек өтеді
Велосипедпен жүргендер «Велосипедші өтетін жол белгісі»
Ал қанеки сол жолмен өтір көрейік.
Мына белгі өзгеше
Дөңгелек шеңбер ішінде
Тоқта! Абайла!
Ол жерден адам өтпейді (Жаяу жүргінші адамдаға өтуге болмайтын жол белгісі)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар қанеки біз қазір бағдаршам әнін орындайық.
Ән орындау «Бағдаршам»
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар бүгін көп тапсырмаларды орындадық , ал енді балабақшамызға қайтатын уақыт болды полиция ағаймен қоштасайық.
Балалар полиция ағаймен қоштасады, ол өзінің ала таяғын жол ереженсінен естелік ретінде сыйға балаларға береді.
Балалармен қорытындылау:
-Бағдаршамның жасыл түсі жанды не істеу керек?
-Бағдаршамның неше көзі бар?
-Бағдаршамның көздерінің түстері қандай?
-Адамдар автобусты қайда күтеді?
-Автобусқа мінгенде қандай тәртіп сақтау керек?
-Адамдар қандай жолдан өту керек? Тәрбие.орг сайтынан «Бағдаршам» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дарибаева Назигул Қунанбайқызы

Пікірлер: 0

avatar