Балабақша. Ойыншықтар.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 620
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 24/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22879


Дене шынықтыру нұсқаушысы – Шахметова Бықыт Нурмуханбетовна
№ 24 «Айналайын» бөбектер бақшасы, Екібастұз қаласы.

Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Балабақша. Ойыншықтар.
Мақсаты:1. Жаттығуларды. Орындау барысында бір-бірден тізбекпен және жан-жаққа шашырап жүгіруге жаттықтыру. 2. Шыдамдылыққа, ептілікке баулу.
3. Еденге қолымен сүйеніп, шығыршықтың ішінен өту, тақтай бойымен жүру барысында тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету.
Қолданатын көрнекі құралдар: 4шығыршық (диаметрі 50см), екі тақтай (ені 20см), баланың санына қарай жалаушалар .
Билингвальды компонент: басты оңға (солға) бұру-повернем голову направо (налево) - Turn your head to the right (to the left.
Оқу іс-әрекеті-
нің кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-
лық
қозғаушы-
лық Балалар бізге күн сәулесін төгіп тұр,қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық,осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз.Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап,күліп қарап,жылы лебіздерімізді білдірейік.
Бір-бірден сапқа тұрып, жүру. Нұсқаушы-ның белгі беруіне қарай жаттығуларды орындай отырып, жан-жаққа шашырап жүгіру. Балалар бір қатар тізбек-пен жүріп келеді, «қоян-дар» деген белгіден кейін секіреді, «құрбақалар» дегенде отыра қалады. Сонан соң жан-жаққа жүгіріп, бір қатар тізбек-пен жүреді, одан кейін қайтадан жүгіреді. Бала-лар залдың әр жерлерін-де тоқтап тұра қалады.
Ұйымдастыру-шылық-іздеместік 1. ЖДЖ (заттарсыз орындалатын жалпы дамытатын жаттығулары):
1). Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, қолдары кеуде тұсында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген . Осы күйінде қолдарын айналдыру. Қолдарын кезек- кезек айналдырады.
2). Б.қ.: аяқты сәл ашылған, қолдары артқа қарай жіберілген. Отырып, қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с.
3). Б.қ.: аяқтарын ашып отыру, қолдары артқа жіберілген. Еңкейіп, аяқтарының ұштарына қолдарын тигізу, тік тұру, қолдар-ды артқа қарай жіберу, қайтадан алғашқы қалыпқа келу.

4). Б.қ.: аяқтарын тік түзеп отыру, қолдарын артқа тіреу. Оң аяқты көтеру, түсіру. Сол аяқты көтеру, түсіру.
5). Б.қ.: аяқтарды қосу, қолдарын беліне қою. Өзінің айналасында екі аяқпен секіру.
Тыныс алу:
- қос қолдарын жоғары көтеру (ауаны жұту).
- төмен түсіру (дем шығару).
Негізігі қимыл жаттығулары:
1.Еденге қолымен сүйеніп шығыршық ішінен өту, тақтай бойымен жүру барысында тепе-теңдікті сақтап жүру.

2. Тақтаймен жүру. Одан кейін балалар едендегі тақтай бойымен жүреді.

«Өз түсінді тап!» қимыл-қозғалыс ойыны.

Жаттығулар педагогтен кейін орындалады.

Жаттығулар 3-4 рет қайталанады.

Балалар залдың екі жағынан өз орындарына отырады. Педагог екі жолға екі шығыршық қояды және олардан әрі қарай 2м қашықтықта екі тақтайды қояды. Жатты-ғуларды екі бала көрсетеді, ал педагог түсіндіреді.
Бір шығыршыққа жақын-дайды, отырады, еденге қолды тіреп, шығыршық-тан өтеді.




Балаларға екі түсті жалаушалар беріледі.
Нұсқаушының белгісі бойынша олар белгілі бір түстегі жалаушамен педагогке қарай жүгіреді.
Рефлексия-лық-
түзетушілік
Жалауша үстап, бір-бірден бір сапқа тізіліп жүру. Жалаушаларды бұлғайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қолын еденге тигізбей шығыршық ішімен өтуді;
Түсінеді: ойынның шарттарын;
Қолданады: жаттығуларды орындау барысында бір-бірден
тізбекпен және шашырап жүгіруді. Тәрбие.орг сайтынан Балабақша. Ойыншықтар. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шахметова Бакыт Нурмуханбетовна

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы. № 24 «Айналайын» бөбектер бақшасы, . Дене шынықтыру нұсқаушысы

Пікірлер: 0

avatar