Балабақша педагогтарының оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру құзыреттілігін қалыптастыру.

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 1040
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19458


Семинар тақырыбы: Балабақша педагогтарының оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру құзыреттілігін қалыптастыру.
Семинардың мақсаты: Педагогтардың кәсіби іскерліктері мен шеберліктерін арттыру. Оқу іс-әрекеттерін тақырыбы бойынша мақсатына сай жүйелі ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Міндеттері: Тәрбиешілерді оқу-іс әрекеттерін ұйымдастырудағы түрлі әдіс-тәсілдермен таныстыру. Оқу-тәрбие әрекетінің қатысушылары арасында сенімді қатынас орнатуға мүмкіндік туғызу. Педагогтарды бір командада бір-бірінен үйреніп жұмыс жасауға үйрету.
Қажетті құралдар: Тақта, ватман қағаз, екі бет А3, киімдер дүкені.
Семинар барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті кешке қатысушылар! Біздің қарым-қатынасымыз толыққанды және жағымды болуы үшін, бізге бәрінен бұрын жақынырақ танысу қажет.
Танысу.Түсті карточкаға өз есімдеріңізді жазып, оның үстіне киген киімін бейнелеп сурет салуларыңызды ұсынамын.
Тапсырма. «Серіктесіңді таныстыр» Көршіңіздің есімін атау және оның үстіне киген киімі туралы айтып беру.
Сонымен бір-бірімізбен танысып алдық.
Топтарға бөліну. Осы көтеріңкі көңілмен топқа, түсті карточкаларыңыздың түсіне байланысты бөлінеміз.
Семинарға қатысушылар өз орындарына отырады.
Тәрбиеші: К.И.Чуковский: «Тек өз еңбегіңізбен тапқан білім ғана құнды және берік болады. Кез-келген білім сіздің өзіңіздің ашқан жаңалығыңыз болуы керек» - деген екен. Сондықтан да мен сіздерді өз беттеріңізбен білім «тауып алуға» шақырамын. Біздің міндетіміз –«Бала бойына сіңіретін тәлімді тәрбие түрлерін оқу іс-әрекеті бойынша мазмұнды өткізу болып табылады. Тәрбиені ұйымдастырудың ең қолайлысы мақсаты мен мазмұны бай әдіс екені іс-тәжірибеде анықталғандай ,бүгінгі семинарымызда оқу іс-әрекетін мақсатына сай мазмұнды ұйымдастыра білу, педагогтардың біріккен әрекетінде мүмкін болатын жолдарын көрсету.

І. Кіріспе бөлім. Оқу іс-әрекетін мақсатына сай жоспарлап өткізу үлгісін көрсету.
Киімнің қалың жұқа түрлерін таныстыру, түрлеріне, түстеріне қарай сипаттауға үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөздің граматикалық құрлымын, тілдің дыбысталу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, байланытырып сөйлеуін дамыту мақсатында құрылған «Арай» дүкеніне саяхат» тақырыбында ҰОІӘ «Тіл дамыту», Қатынас саласымен, ҰОІӘ «Математикалық ұғымдарды қалыптастыру» «Таным» саласымен кіріктірілген оқу іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің мақсатымен таныстырып, әр мақсатына сай қолданылған әдіс-тәсілдер түсіндіріледі. Одан әрі киімдердің түрлері, киім дүкенінде саяхат арқылы таныстырылады. Киім түрлері туралы алған білімдерін арттыру мақсатында, бала дүкеншіден киімді түріне қарай сипаттап сұраныс беріп сатып алады. Алған білімдерін бекіту мақсатында, сатып алынған киім, балаларға жеке-жеке үйлеріне жүк машинасымен жеткізіледі. Тасымалдаушы баладан қандай киім сатып алғанын сұрайды. Бала дүкеннен сатып алған киімін тасымалдаушыға сипаттап айтады. Тасымалдаушы сипатталған киімін тауып табыстайды.

Бой сергіту: «Біз бір жанұя» өлеңімен

ІІ. Негізгі бөлім. Екі топтағы тәрбиешілерге оқу-іс-әрекетін жоспарлауға тапсырма беру.

І топ үшін «Көктем келді құс келді» тақырыбы.

ІІ топ үшін «Менің отбасым» тақырыбы бойынша жоспар құрып қорғайды.
(тапсырманы орындауға 10 минут беріледі.)
Құрылған жоспарда оқу іс-әрекеті тақырыбына сай мақсаты қойылады, қолданылған әдіс-тісілдері, сергіту сәттері, жылулық шеңберлері, дидактикалық ойындары таңдалып жасалады.
Екі топ тапсырмаларын қорғағандары бойынша, жетістіктерімен кемшілік жақтарын айтып ойларын ортаға салады.

ІІІ. Қорытынды: «Мен не үйрендім?» семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісу.
Осындай семинарда көрсетілген жұмыстың нәтижесі өз жемісін берері анық. Әр істеріңізге сәттілік тілеймін! Тәрбие.орг сайтынан Балабақша педагогтарының оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру құзыреттілігін қалыптастыру. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжегалиева Салия Утеповна

БҚО Казталов ауданы, Нұрсай ауылы "Жігер" бөбекжай-балабақшасы меңгеруші

Пікірлер: 0

avatar