Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Балабақшамен қоштасу» ертеңгілігі
  • 24.01.2017
  • 74 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21281

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Базаршолан ауылындағы «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының «Балапан» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз. (ұшақтың дауысы шығады)
Жүргізуші;
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды,
Бізден ұшып қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік,
Құтты болсын қадамдарын аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа енді жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін
Мерекең құтты болсын түлектерім,
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін-деп сүйікті балабақшаларымен қоштасатын балаларымызды тәрбиешілерімен бірге ортаға шақырамыз.
Әуенмен балалармен тәрбиешілері кіреді.
Міне жаңа ғасыр перзенттері
Көшбасшы, керемет кемеңгері
Болашақ президент, министрлер
Шығады қазағымның төрелері.
Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық!
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,
Қош келіпсіз ардақты ата-аналар
Бақшамен қоштасу тойымызға.
1-Тәрбиеші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.-деп балаларымыз мектеп табалдырығын аттап, тәрбиеші сөзінің орнын мұғалім, ұстаз сөздерімен алмастырады. Қане, бәріміз бірге әнді шырқайық!
Ән. «Ұстазым»
Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
Елшат:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Ақбота:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Бекнұр:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Назерке:
Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын
Тәрбиешілер мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым,
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Біз мектепке барамыз.
Аружан:
Сезімнен туған баламыз
Оянды ақыл санамыз,
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Айшат:
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,
Тәтті әуені ән думан
Мектепке кетіп барамыз
Білім алған бақшадан
Нұртай:
Мектепке енді барыңдар
Кілең бестік алыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар!
Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.
Бекарыс Ш:
Тауды бұзып тас жарып
Мұхиттарды жалғаңдар
Күллі әлемді шарлаңдар
Ғарышқа да самғаңдар!
Ән: «Біз мектепке барамыз»
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тәрбиеші: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Көбелектер»
Тәрбиеші: – Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1- бала. – оқып білім алу үшін
2- бала: – еліме еңбек ету үшін
3- бала: Білімді азамат болу үшін
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 5– ке дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Келе жатқан үзілмей бабасынан
Ана үшін қымбат жоқ баласынан,
Әлі талай шығады нағыз Шара
Балғын биші қыздардың арасынан-деп түлектерге сәттілік тілеуге келген Наргизаны ортаға шақырайық.
Би: «Аққу»
Балалар өздеріңе жүрек жылуын, мейірімін сыйлаған жандарды ұмытпаңдар! Бүгін сендермен қоштасуға балабақшада өткізген жарқын, қызықты болуына күні-түні барын салып жүрген жандардың барлығы келді (музыкамен балабақша қызметкерлері кіреді)
Елшат: Меңгеруші
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Жеткіземіз біз ертең
Болашаққа даңқыңды
Біздің Айман апайға
Бар баланың алғысы!
Аружан: Әдіскер
Гүлденсін деп бақшамыз,
Күн сайын тыным таппаған,
Әдіскер Айнагүл апайым
Аямас жанын бақшадан
Сізге рахмет айтамыз!
Бекарыс Ш: Дәрігер
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайға мың рахмет
Нұрдана: Хореограф
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен апайларға мың алғыс
Елдос: Аспазшы
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Азпазшы апайлар
Сіздерге де мың алғыс
Әсемгүл: Тәрбиеші
Қызық-қызық ертегі
Бізге оқып береді,
Жылауық та, тентекте
Сол апайға көнеді.
Тәрбиешілер күлімдеп
Үйретіп бізді келеді.
Ақбота Бухалтер
Есеп-қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін
Есепші Гүлмира апайым
Сізге де мың алғыс!
Назерке: Күтуші
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Бағдат апайымызға көп рахмет
БекарысН Қоймашы
Шекер қосып бал берген,
Тәтті –тәтті дәм берген
апайымыз қоймашы,
Гүлнар апай сізге де,
Мың рахмет айтамыз.-деп қолдарындағы шоқ гүлдерін сыйлайды.
Әні менен жырына тыңдармандар сал құлақ
Кеше сәби бүгін міне жасұлан,
Лаулап жансын болашағын шамшырақ-деп орындалатын ән балабақша қызметкерлеріне арналады.
Ән: «Қош бол, балабақшамыз»
Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын!
Вальс «Балабақшамен қоштасу»
Балалар бірге: Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол!-деп қолдарындағы шарды ұшырады.
Сыңғырлаған қоңыраудың дауысы шығады- міне балалар, сендер енді мектепке барасыңдар, кітап алып, оқып білім аласыңдар! Балабақшаны ұмытпай келіп тұрыңдар! Сіздер- еліміздің ертеңісіздер, Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда! Ата-аналар! Мәпелеп отырған балапандарымыз аман болсын! Үйімізден баланың базарлығы таусылмасын!
Өтелер ме жылуы алақанның
Өтелер ме қызығы балақанның
Өтелер ме аяулы, ата-ана
Қатайып қанаты ұшса балапанның-деп келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр
Бала сәби жүрекпен тебіреніп,
Қолдарына диплом алғалы тұр. Марапаттау рәсімі.

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын-деп бүгінгі балабақшамен қоштасу кешін жабық деп жариялаймын.

Құрметті: Ата-ана!
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды,
Бізден ұшып қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік,
Құтты болсын қадамдарын аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік- «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілік мерекемізге шақырамыз.
29.05.2014ж сағ 10-00

Құрметті: Балабақша қызметкері! Тәрбие.орг сайтынан «Балабақшамен қоштасу» ертеңгілігі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакенова Жумагуль Шукургалиевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Балабақшадағы ашық сабақтар, «Балабақшамен, қоштасу», ертеңгілігі
Көрсетілім: 74 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar