Балабақшамен қоштасу кеші

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 318
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22894


№242 «Нұрай» шағын орталығы

ЕРТЕҢГІЛІК



Әдіскер: Аяпова Индира

Еңбек ауылы
2017 жыл

Балабақшамен қоштасу кеші

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Еңбек ауылының №242 «Нұрай» шағын орталығының түлектері «Бір белестен өттіңдер» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.

Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)

1-бала: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.

2- бала: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің , әр айың.

3- бала : Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.

Ортаға екі тәрбиеші шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым.
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын
Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым

1-Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың.

2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

1- Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән. «»

2-Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз

4-бала: Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

5- бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде.

6- бала: В школу тоже мы идем
Только через год.
А для вас мы сегодня
Спляшем и споем.

7- бала: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.

8-бала: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Мектепалдыға барамыз.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Ортаға «Білгішбек» келеді

Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді.

Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

2-Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емспе?

Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

1-Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған кәне отыршы көресің.

Білгішбек: Апай балалармен ойын ойнап көрейікші балалар мектепке дайын ба?


2-Тәрбиеші : Ал Жалқаубек біздің балалардың қандай екенін көр.
Олай болса ойынды бастағымғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек: Ой балалар апаларың да, мамаларың да шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?

2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?


1-Тәрбиеші: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік.

Би: «»

2-Тәрбиеші: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1- бала. - оқып білім алу үшін
2- бала: - еліме еңбек ету үшін
3- бала: Білімді азамат болу үшін
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.

Ән: «»

Білгішбек: Мен шағын орталық тәрбиеленушілерінің мектепалды тобына баратын балаларға арнаған тілектерін тыңдағым келіп тұр. Жалқаубек сен де тыңда.

1-бала: Біз ғой әлі бүлдіршін.
Мектепке әлі бармаймыз.
Ақ жол тілеп сендерге,
Ақ тілекті арнаймыз

2-бала: Жақсы оқып мектепте,
Тәртіпті боп жүріңдер,
Жаман қылық көрсетпе,
Ден қойыңдар білімге.

3-бала: Мектепті жүрмін сағалап,
Қашан мен де барамын.
Сөмкені қойдым дайындап,
Жолын қуып ағаның.

Жалқаубек: Білгішбек сенің айтқаның рас екен. Мектепке барған, менің асығымнан, фишкамнан, добымнан да қызық екен, мен де үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.

Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой.Біздің де балалардың саған дайындаған бір көріністері бар, кәне сенде отырып тамашала.

Көрініс «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік

Жүргізуші: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа

Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.

Пенал: Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын

Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші: Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.

Әліппе: Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды

Пенал: Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.

Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре.

Дәптер: Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін

Жүргізуші: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты.

Әліппе: Кел дәптерім келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз.

Жүргізуші: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті қаламдар.

Пайда болды «4»-ік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.

«5»- тік: Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.

«4»- тік: Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.

Қызыл қалам: Әрине, әрине
Керексіңдер бәрің де.
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз.

Көк қалам: Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын.

Жүргізуші: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «1» де жетті.

«2»- лік: Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіне.

«1»-лік: Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін мен де қалам.

Жүргізуші: Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «1» мен «2»- ні
Жерге тықты.

Пенал: Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп пе едің?
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен « 5»
Кетіңдер бізге жолама!

Жүргізуші: Кіргізбей «1» мен «2»- ні
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды.

(оқушы қыз жүгіріп шығады)

Оқушы қыз: Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келді алдымнан
Ант беремін, уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматы боламын.
Би: «»

2-Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Мектепалдыға барамыз – деп енді балаларымыз балабақшадағы ағай, апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

10-бала: Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші ағай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Полат ағайға мың алғыс.
(Мектеп директоры)

11-бала: Жайдары жүз, ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Индира апайға мың алғыс.
(Әдіскер)

12-бала: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Айгерім апайға мың алғыс.
(мейірбике)

13-бала: Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Айгүл, Анар, Ұлбосын, Гүлназым апайларға мың алғыс.
(тәрбиешілер)

14-бала: Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Эльмира апайымыз
Сізге де мың алғыс.
(аспазшы)

15-бала: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Фариза, Шолпан апайларға
Айтамыз біз мың алғыс.
(тәрбиешілер)

16- бала: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Гүлмира, Бақыт, Ардақ апайларға көп рахмет.
(тәрбиеші көмекшілері)

Би: «Қоштасу вальсі»

Ортаға Спанч боб пен Мики маус кіреді
Балалар сәлеметсіңдер ме бізде сендердің көретін мультфильмдегі кейіпкерлерің едік, әрине біз талай кездесеміз бізде сендерге ақ жол, үлкен азамат болыңдар деп өз сыйлықтарымызды алып келдік.
Сыйлықтарын береді.

Ән: «Қош бол, балабақшамыз»

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!

Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып құттықтау сөзді шағын орталық әдіскері Аяпова Индира апайға береміз. Тәрбие.орг сайтынан Балабақшамен қоштасу кеші Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аяпова Индира

Пікірлер: 0

avatar