Балабақшаның гүл жайнаған балғындары

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 832
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22953


Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлау. Тілдік қорларын дамыту. Жаңа көріністермен балалардың көз қарастарын кеңейту. Ертегі сахналау арқылы дамуын қалыптастыру. Мерекелерде өздерін жақсы жағынан көрсете білуге үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік, достық қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі біздің мерекемізге жиналған сүйкімді де қымбатты балақайлар және ата – аналар. Бүгін «Нұр – Сайд» бөбекжай – балабақшасында үлкен мереке, яғни «Балаларды қорғау күні»

Бүгінгі «Балабақшаның гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік балалар және тәрбиешілердің қатысуымен өтетін іс – шарамызға қош келіпсіздер! Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.


1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өткелі жатқан жайымыз бар. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген балабақша меңгерушісі Балнур Базарбаева және әдіскері Гулайна Араповаға сөз кезегін береміз.
 

Құттықтау сөз кезегі

Жүргізуші:

Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.


Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріміздің биіне берейік.

Алдарыңызда «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Барбарики» биімен орталарыңызға шығады. Карсы алыңыздар!

Жүргізуші: Жарайсыңдар балақайлар өнерлерің өрге жүзсін. Биіктен көріне беріңдер.

Бейбітшілік әніміз

Өнерліміз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз – демекші ортаға кішкентай ғана әнші қызымыз «Көгершін» тобының тәрбиеленушісі Сапарбек Балаусаның орындауында «Гүлдер» әнін орындауға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Жарайсың Балауса даусың қандай әдемі еді еркем сол.
Жүргізуші:

Балалар бақшамызда бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Алақай-ау алақай

Той тойлайық, балақай

Қызарғанша алақан

Би билейік балақай

Ортада: «Қошақан» тобының тәп – тәтті бүлдіршіндері «Волна» биімен алдарыңызда өнер көрсетеді, қабыл алыңыздар! Қол соғып қошаметтеп отырайық балапандар, және ата – аналар!

Жүргізуші: Керемет өнер көрсеттіңдер қошақандар, жарайсыңдар.

Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, балабақшамыздың әдіскері әрі психологы Гулайна Арапова сіздердің көңіл – күйлеріңді көтеру мақсатында сіздерге ала келген психологиялық ойынын ойнайық.
Ойын: «Балалық шаққа оралу»
Мұнда сіздер балалық шаққа ораласыздар, яғни кішкене ғана балақайларға айналасыздар. Балаларыңызға өзіңіздің бала кезіңізде жасаған қылықтарыңызбен бөлісесіздер. Сахналап берулеріңізге де болады.

Керемет, ата - аналар бір сәт болса да бала болып, өткенге көз жүгіртіп балалықты меңгердік десек те болады.

Жүргізуші: Көп – көп рахмет сізге Гүлайна апай. Көңілді балақай болған ата – аналарымызды көріп бір көңіліміз көтеріліп қалды ғой.

Ойынымызға қатысқан ата – аналар сіздерге арналған силығымыз бар соны табыстауға рұқсат етіңіздер.

Сендер білесіңдер ме? Біздің бүгінгі қызықты әрі көңілді мерекемізге сонау алыс Ұлы Британия мемлекетінен Жанару және Бибінұр деген ағылшын тілінде ән айтатын қонақтарымыз келіп қалыпты. Олар арнайы мерекемізге әсем ән ала келіпті. Сендерге ұсынғысы келеді. Қабыл алыңыздар! «І like English» әні

Жүргізуші:

Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша – демекші балалар біздің балабақшамызда түрлі ұлт өкілдерінің қыздары да бар екен. Бұл түрлі ұлт өкілдерінен құралған бір топ қыздарымыз сендерге өз өнерін көрсетпекші. Ал біздің қазақ ұланымыз қайсы қызды таңдар екен қызық балақайлар? Көріп тамашалайық.

Би: «Қазақ қызға үйленем»

Жүргізуші:

Керемет, керемет қазақ жігітіміз өскеде қазақ қызымызға үйленетін болды. Қошаметтеп қойыңыздар!

Жүргізуші:

Мерекемізді әрімен қарай жалғастырайық. Балақайлар сендерге өздеріңнің екінші аналарың, яғни тәрбиеші сендерге апайларың өз өнерлерін көрсетпекші. Сендерге «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап береміз деп айтты. Сендердің көңіл – күйлеріңді көтереміз дейді. Көріп тамашалаңыздар.

Рахмет, сіздерге тәрбиеші апайлар! Жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеп қаламыз. Тәрбиелеп отырған балақайларыңыздың жемісін көре беріңіздер.

Жүргізуші: Бүгінгі сіздерге ұсынған «Балабақшаның гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс – шарамыз осымен аяғына жетіп қалды. Мерекемізге балақайларымыздың құрметті ата – аналары да келіп қалыпты. Мерекелік құттықтау сөз кезегін ата – аналарымызға берейік.

Ата – аналарды ортаға құттықтау сөз кезегіне шақыру

Тәрбие.орг сайтынан Балабақшаның гүл жайнаған балғындары Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арапова Гүлайна Әбдіманапқызы

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Қабланбек а\о, Тасбұлақ е/м ЖШС «Нұр-Сайд» бөбекжай-балабақшасы. Әдіскер.

Пікірлер: 0

avatar