Бауырсақ ертегісі ашық сабақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 784
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 30/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19395


Жазған: Қабдылова Салима  Айдарбекқызы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: таным, шығармашылық.қатынас.

Бөлімі: Математика.Тіл дамыту.Сурет.

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»

Сабақтың мақсаты:Өтілген тақырыптарды саралап ертегілерді еске түсіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сабаққа  деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері,сандар, ақ қағаз, бояулар.

Сөздік жұмыс: қу, қаштым.

Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.

Мотивациялық

қозғаушылық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Күндей жарқырап ,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар маған қарап күлімдейміз,    Бір-бірімізге жылулық мейірімін сыйлаймыз.Орнымызға  отырып

 сабақты бастайық.

«Атадан қашты,ападан қашты»бұл ертегі не туралы?

Балалар жауабы:«Бауырсақ»

 

Тәрбиеші:Ертеде бір ата мен әже болыпты, ата әжеге бауырсақ пісіруді тапсырады.Осы кезде әже,егерде сен маған жыл мезгілін айтсаң тәтті бауырсақ пісіремін депті.Ал ата болса есіне түсіре алмай бізге келіп көмек сұрап отыр,Балалар атаға көмектесеміз ..бе?

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?   -Ай аттарын ретімен кім айтады?    -Аптаның қай күні?                  

-Аптада неше күн бар?              -Мамыр айында қанша мереке болды? Қандай мерекелерді тойладық?

-Балалар атаға көмектесіп,атаға әже бауырсақ пісіреді. Ыстық бауырсақты әже терезеге суытып қояды. Осы кезде ыстық бауырсақ домалап қаша жөнеледі.«Атадан қаштым, ападан қаштым»алдынан қоян шыға келеді. Иісің қандай тәтті?Атың кім?Бауырсақпын .Қоян:

-Мен сені жеймін!

Бауырсақ:Қоян сен мені жемеші мен саған өлең айтып берейін.       1 тапсырма:1-ден 5-ке дейін сандарды ретімен орналастыр.

2 тапсырма:1-ден 5-ке дейін тура және кері сана.

3 тапсырма: 1-ден5-ке дейін санамақ айту.

Қоян бауырсақты жібереді.Бауырсақ әндете жөнеледі.Алдынан қорбаңдап аю шығады. Аюдың қолындағы тапсырмасын орындау.Бауырсаққа балалар көмектеседі.

1-тапсырма:сурет бойынша әңгіме.

2-тапсырма:Көңілді гимнастика.Қолымызды көтереміз,оң қолды төмен түсіріңдер,сол қолдыжоғары,оңға бұрылу,солға бұрылу.               

3-тапсырма:Ауызша есептер шығару.Аулада 2-кі бала ойнап жүр еді, оған1-бала келіп қосылды.қанша бала болады?таяқшамен жұмыс.         Қоян бауырсақты жібереді.Бауырсақ әндете жөнеледі.                    

4-тапсырма:екі пішінді пайдаланып үй құрастыр.(Ұжымдық жұмыс)    Бауырсақ аюдың тапсырмасын орындап домалап әрі кетеді.Осы кезде алдынан аш қасқыр  шыға келеді.Тістерін ақсита сен кімсің?Исің қандай тәтті? Мен сені жеймін!Бауырсақ сен мені жеме мен саған өлең айтамын.                Қасқыр:Сенің өлеңіңнің қажеі жоқ сен оданда менің тапсырмама көмектес.Менің  қолымдағы  мына суреттердің атын айт.             

1-тапсырма:Суреттегі заттарды атап тақпақ айту.                    

2-тапсырма:Сергіту сәті.    Бауырсақ  әндете  домалап  кете барады.Осы кезде алдынан қуланып қу түлкі шыға келеді. Түлкі  бірден,  бауырсақ  сенің дауысың  қандай әдемі! Сен маған өзің туралы және мен туралы ән айтып берші.Дос болайық.Түлкі бауырсақ балалармен қосылып ән айтады. Балалар сабақ соңында бауырсақ кейіпкерлерін  ақ қағаз бетіне түсіріп ,көрме  ұйымдастырады

 

 Балалар амандасады.

 

 

Балалар мен бірге ертегіні еске түсір.

 

 

 

 

 

 

- Иә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

- Жауабын тапты.

 

 

 

 

 

- Сол жағында

- Оң жағында балалар біледі.

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті

түзетушілік.

Бауырсақ балаларға алғысын айтады  Қоштасып кетеді.

 

Қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

     Жасайды: Жануарлар қимылын;

     Түсінеді: Бір-біріне деген жан ашырлықты;

     Қолданады: Өздеріне керек заттарды.

Тәрбие.орг сайтынан Бауырсақ ертегісі ашық сабақ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қабдылова Салима Айдарбекқызы

Пікірлер: 0

avatar