«Бауырсақты іздейміз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 297
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21597


Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылы, №12 «Бәйтерек» бөбек-бақшасының тәрбиешісі Жайлыбаева Эльвира Савитовна
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
Бөлімі: Денсаулық, таным, коммуникация, шығармашылық. Тақырыбы: «Бауырсақты іздейміз» Мақсаты: Саусақ қозғалысын дамыту, геометриялық пішіндермен және түс туралы білімдерін бекіту,жануарлармен олардың төлдерін және дауыстарын айыра білу, кішкентай және үлкен ұғымдарын бекіту, жемістер мен көкіністердің атауын айту, , доғаның астынан еңбектеп өту, кедір бұдыр жолдардан өту,қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу, тіл байлықтарын жетілдіру,
Қажетті құрал жабдықтар: слайд, жемістер мен көкіністер, геометриялық пішіндер, жануарлар мен олардың төлдері, қыстырғыштар, кедір бұдыр жолдар,доға, тас жолдар. Билингвалды кампонент: Бауырсақ-колобок, қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі –лиса.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Бауырсақтың әуенімен әже күтпеген сәт болып жан-жаққа қарап келеді.
Әже:-Саламатсыздарма балалар?
Балалар:-саламатсызба.
Әже: -Саламатсызба қонақтар?
-Саламатсызба.
Әже: -Мен әжемін балалар, мен кімді іздеп жүргенімді білмейсіңдер ме балалар?
Балалар: жоқ.
Әже: Онда мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдандар.
Жұмбақ: Қашып кеткен атадан
Қашып кеткен әжеден
Орманға қарай домалап
Тек түлкі оны жеп қойды.
Балалар : Бауырсақ.
Әже: Дұрыс айтасындар балалар,бұл бауырсақ. Мен бауырсақты пісіріп алып, оны терезенің алдына қойдым, ал ол болса домалап кетіп қалады.
-Бауырсақ қандай балалар?
Балалар: -дөңгелек, сары. Әже: Балалар сендер балабақшада сурет салу сабағында салдындар және ермексаздан да жасадыңдар. - Балалар ал бауырсақ қалай күледі? Кәне бәріміз көрсетейік.
-Жарайсындар балалар.
Әже:Ал мынау не?
Балалар: -Бұл үй.
Орман ішінде үй тұр,
Бірақ оған жол жабық
Біз қақпаны ашайық
Үйдің қасына тез барайық.
Атаның жылып жатқан дауысы шығып жатады.
Әже: Көрдіңдерме балалар,атамыз жылап отыр. Бауырсақ үйге келген жоқ.Сендер маған, атаға көмектесесіңдерме?
Балалар.:- Иә.
Әже: Біз бауырсақтың артынан орманға барайық. Мына сиқырлы кілемшелерге отырып, көздерімізді жұмып,тыныштық сақтайық.
Құстардың дауысы естіліп жатады.
Әже: Балалар қарандаршы біздер орманға келдік. Орманның іші қандай әдемі, қандай әдемі талдар, гүлдер, құстардың дауысы естіліп жатыр.
Былай қарай жүрейік балалар. Балалар мына доғаның астынан еңбектеп өтуіміз керек, кәне бәріміз өтіп кетейік балалар, абайлап жүріңдер.
Доғаның астынан еңбектеп өту.
Мына жерде не бар екен? Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын табындар.
Жұмбақ: Көзі тостақ,
Өзі қорқақ.
Бұл не балалар?
Балалар: Қоян.
Әже : Дұрыс айтасындар балалар, бұл қоян екен.
–Қоян қандай?
-Қоянның неше құлағы бар?
-Құлағы қандай?
Әже: -Қоян,қоян сен бауырсақты көрген жоқсын ба, ол қайда домалап кетті?
Қоян; -Сендер бірінші маған көмектесіңдер. Мен жемістер мен көкіністерді шашып алдым.
Балалар қоянға көмектеседі.
Балалар бұл не? Сәбіз
-Ал мынау не? Жуа.
Ал екінші себетте не бар? Алма, банан, апельсин.
Әже: -Жарайсындар балалар, біздер қоянмен бірге билеп алайық.
Қоян: -Рахмет сендерге балалар, бауырсақ былай қарай домалап кетті.
Балалар: Рахмет саған, қоян сау бол.
Сау болындар балалар.
Балалар қарандаршы мына жерде кедір бұдыр жолдар бар екен, біз сол жолдың үстімен өтуіміз керек, жайлап, бір-бірін итермейміз.
Кедір бұдыр жолдардан өту.
Енді балалар кімнен сұраймыз.
Жұмбаұқ : Құлағы оның тік
Тысы оның өткір
Дыбысы оның ыр-ыр
Әрине ол---- Қасқыр.
Әже: Жарайсындар балалар, әрине қояннан икейін бауырсаққа қасқыр кездеседі.
-Қасқыр, қасқыр сен бауырсақты көрген жоқсын ба, ол қайда домалап кетті?
Қасқыр: Сендер бірінші маған көмектесіңдер
Әже: Жарайды қасқыр.
Қасқыр: Маған мына қыстырғыштарды пішіндер мен түстері бойынша қыстырып қойындар. Үшбұрыштың, төртбұрыштың, дөңгелектің түсі қандай?

Қасқыр: -Ал енді мені күлдіріңдер.
Әже: -Біздер сені қалай күлдіртеміз?
Қасқыр: -Білмеймін.
Әже: Балалар онда біздер шарды үріп,оны жарайық, сонда қасқыр күлетін шығар.
Қасқыр: -Рахмет сендерге балалар. Бауырсақ былай қарай домалап кетті.
Балалар: Рахмет қасқыр сау бол.
Әже: А аааа балалар қарандаршы мына жерде көпір бар мына көпірдің үстімен өтуіміз керек, кәнекей балалар бір-бірден , бір-біріне кедергі жасамаймыз.
«Көпірден өту»
Жұмбақ: Ол үлкен томпаңдайды,
Қыста ол ұйықтайды
Жеміс жидек жегені
Балды жақсы көреді.
Балалар: Аю.
Әже:-Аю қандай?
Балалар:-Үлкен, жұмсақ
Әже:- Аю,аю сен бауырсақты көрген жоқсын ба, ол қайда домалап кетті?
Аю: -Көрдім, бірақ сендер маған бірінші көмектесіңдер.-Мен балалар ойын ойнап отыр едім, мына жануарлардың төлін таба алмай жатырмын, сендер маған көмектесіңдерші.
Балалар аюға жануарлардың төлдерін тауып береді. Аюмен бірге сергіту жасайды.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық
Аю:-Рахмет сендерге балалар. Бауырсақ былай қарай домалап кетті.
Балалар: Рахмет аю сау бол.
Әже: Балалар қарандаршы күн бұлттанып кетті, Кәне бәріміз бұлтты үрлеп күн шығарайықшы.
Тыныс жаттығуы: «Бұлтты үру» фу фу.
Әже: -Енді бауырсақтың қайда домалап кеткенін кімнен сұраймыз?
Жұмбақ: Өзі айлакер Өзі бір қу
Жүрген жері Айқай да шу.
Әже: Дұрыс айтасындар балалар, Ол әрине түлкі.
-Түлкі қандай? -Арам, қу.
-Түлкінің құйрығы қандай? -Үлкен, жұмсақ.
Әже:- Түлкі, түлкі сен бауырсақты көрген жоқсын ба, ол қайда домалап кетті?
Түлкі: -Көрдім, бірақ мен бауырсақты жеп қоямын.
Әже: -Түлкім-ау жемеші менің бауырсағымды, атам деген қатты жылап жатыр, біз сені кешіреміз, солай ма балалар.
Балалар: -Иә.
Әже: біз сенімен дос боламыз, сенімен бірге билейміз шақыршы, жіберші бауырсақты.
Түлкі: -Жарайды, жарайды бірақ сендер менімен бірге билейсіндер.
Әже: -Билейміз бе балалар?
Балалар: -Иә.
Түлкі: Кел, бауырсақ мен сені жіберемін, бара ғой ата мен әжене.
Бәрі достасып билейді.
Әже: Рахмет сендерге балалар, атамыз қатты қуанатын болды, енді біздер сиқырлы кілемшелерге отырайық, көздерімізді жұмып, тыныштық сақтайық. Міне балалар біздер балабақшаға келдік.
Ата: -Рахмет сендерге балалар.
Қорытынды: Біздер қайда бардық?
Біздер орманға неге бардық?
Нелерді көрдік?
Қоянның қандай тапсырмасы болды?
Қасқырдың ше?
Ал енді балалар біздер артикуляциялық жаттығу жасайық. Тәрбие.орг сайтынан «Бауырсақты іздейміз» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жайлыбаева Эльвира Савитовна

Пікірлер: 0

avatar