Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Бауырсақтын орман аңдарымен достасуы"
  • 20.01.2017
  • 84 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21145

«Бауырсақтын орман аңдарымен достасуы»
Баяғы ерте заманда шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың балалары да немерелері де болмапты. Тек қана жалғыз ақ күшіктері болыпты. Ақ күшік ата мен әжеге ермек болатын. Олар ақ күшікті қызықтап күнде оған қарап отыратын. Бір күні шал бауырсақ жегісі келіп, кемпіріне:
- Кемпір, кемпір маған бауырсақ пісіріп берші. – дейді.
- Пісіріп берейін деп, кемпір бауырсақ пісіруге ас үйге кетеді.
Шал ақ күшігін іздеп оны ұзақ шақырады.
Кемпір бауырсақты пісіріп оны терезенін алдына суытып қояды. Атасымен әжесінің ақ күшікті іздеп жылап жүргенін көрген бауырсақ, шыдай алмай терезеден секіріп, ақ күшікті іздеп кетеді. Келе жатып ну орманнын ішінен шығады. Бір мезетте алдынан Қоян шығады:
Қоян:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. дейді Қоян.
- Жемеші сен оданда маған ақ күшікті тауып алуға көмектесші.- дейді.
- Ақ күшік? Ол қандай күшік?
- Мен саған ол туралы өлен айтып беремін.
Ақ күшігім, ақ күшік
Қырағы да,сақ күшік.
Түні бойы жатпайды,
Қоралы малды сақтайды.
- Күшігін жақсы екен. Жүр мен саған күшігінді табуға көмектесейін деп Қоян бауырсаққа қол ұшын береді.
Бауырсақ, Қоян екеуі келе жатса алдарынан Қасқыр шығады.
Қасқыр:
- Мәс саған! Бауырсақ пен Қоян қашаннан дос болған? Бауырсақ мен сені жеймін.
- Жемеші сен оданда бізге ақ күшікті тауып алуға көмектесші.- дейді.
- Ақ күшік? Ол қандай күшік? – деп тандана сұрайды Қасқыр.
- Мен саған ол туралы өлен айтып беремін.
Ақ күшігім, ақ күшік
Қырағы да,сақ күшік.
Түні бойы жатпайды,
Қоралы малды сақтайды.
- Күшігін жақсы екен. Жүр мен де саған күшігінді табуға көмектесейін деп Қасқыр оларға қосылып үшеуі алға жүре береді. Бір кезде алдарынан қорбандап Аю шығады.
- Аю:
- Мыналар кімдер? Мынау бауырсақ қой, қане мен оны жеп алайын.
- Жемеші сен оданда бізге ақ күшікті тауып алуға көмектесші. - дейді.
- Ақ күшік? Ол қандай күшік? – деп сұрайды аю.
- Мен саған ол туралы өлен айтып беремін.
Ақ күшігім, ақ күшік
Қырағы да,сақ күшік.
Түні бойы жатпайды,
Қоралы малды сақтайды.
- Шынымен күшігін жақсы екен. Жүр мен де сендерге көмектесейін деп Аю оларға қосылып төртеуі алға жүре береді. Бір кезде алдарынан Түлкі шығады.
«Мәс саған! Мыналар не іздеп жүр. Қастарына барып бауырсақты жеп алайын».
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. дейді Түлкі.
- Жемеші сен оданда бізге ақ күшікті тауып алуға көмектесші. – дейді бауырсақ.
- Ақ күшік? Ол қандай күшік? – деп сұрайды Түлкі.
- Мен саған ол туралы өлен айтып беремін.
Ақ күшігім, ақ күшік
Қырағы да,сақ күшік.
Түні бойы жатпайды,
Қоралы малды сақтайды.
- Құлағым естімейді жақын келіп, тұмсығыма мініп айтшы – дейді Түлкі.
«Осы қу Түлкі бірдене ойлап тұр» деп Аю жақын келіп, Түлкіні бас салайын деп жатқанда, ағаштын түбінде ұйықтап жатқан күшікті Қоян көріп қалып:
- Таптым, таптым Ақ күшік мында екен - деп бәрін шақырады. Бәрі бірге Ақ күшіктін жанына барып, оны құшақтап атасы мен әжесіне апарып тапсырады. Содан бастап Бауырсақ орман аңдарымен дос болып, әнге салады:
Кел достарым күлейік,
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Түлкі бұлардын достығына қызығып, жақын келіп:
- Менімен де дос болындаршы. Мен енді олай істемеймін деп кешірім сұрайды. Олар Түлкіні ортаға алып бәрі дос болып қалады. Тәрбие.орг сайтынан "Бауырсақтын орман аңдарымен достасуы" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсынова Асем Алдабергенқызы

Қорғалжын ауданы "Балауса" балабақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 84 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar