Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Берекелі алтын күз, мерекелі алтын күз»
  • 17.11.2016
  • 200 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20076

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Тасбұлақ ауылы,
ЖШС «Нұр-Сайд» бөбекжай-балабақшасы
Əдіскер: Арапова Гулайна Абдиманаповна
Тақырыбы: «Берекелі алтын күз, мерекелі алтын күз»
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз мезгілінде түрлі жеміс-жидектер мен көкөністердің пісіп жетілуі жайлы айту. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күзге арналған көрме яғни жемістер мен көкөністерден жасалынған түрлі мүсіндер.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Берекелі алтын күз, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Мерекемізге көптеген қонақтарда келген екен. Ал ендеше мерекемізді көтеріңкі көңіл-күймен бастайық. Алдарыңызда бүлдіршіндеріміздің өлең-шумақтары қабыл алыңыздар.

Əділхан Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Диана Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
Нұрислам Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратың бізбенен
Сабина Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты топырақ,
Ызғарлы екен жел де тым.
Арнұр Кездескен сон күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын
Көркем Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты
Жүргізуші: жарайсыңдар бүлдіршіндер. Бұл қандай дыбыс балалар?
Күз ханшайымы əуеннің ырғағымен кіріп келеді.
Күз ханшайымы: Сəлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен балақайлар!
Мен мұнда бір мереке тойланып жатқанын есітіп алыс-алыс жақтан келдім. Сендердің өнерлеріңді бір тамашалайын деп отырмын. Маған арнап өнер көрсетеміңдер ме балақайлар?
Жүргізуші: əрине Күз Ханшайымы біздің бүлдіршіндеріміз өте ақылды жəне өнерлі. Бүгінгі күз мерекесіне арнап барлық өнерлерін ұсынамыз. Келіңіз , төрлетіңіз.
«Күз көрінісі» биі қыздарымыздың орындауында қабыл алыңыздар.
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз
Ойын «Көкөністерді дəміне қарап ажырат»
Ойынның шарты: балалар туралған жемістерді көздері жұмулы күйде ажыратуы керек.
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай ақылды, епті,жылдам.
Күз ханшайымы: иə, керемет балалар өте ақылды екенсіңдер.
Тосын сəт: Аю сахнаға үрейлі əуенмен кіріп келеді.
Аю: Мұнда не блып жатыр? «Мен мерекелеріңнің шырқын бұзып, Күз Ханшайымдарыңды алып кетемін»- деп балаларды қорқытпақшы болады.
Жүргізуші: Ой, балалар енді не істейміз? Мүмкін біз Аюға да өз өнерімізді көрсететін болсақ мүмкін Күз Ханшайымды алып кетпейтін болар иə? Ендеше Аю сен де біздің мерекемізге қонақ болып отыра ғой. Мына бүлдіршіндер саған өнерлерін көрсетеміз деп айтып жатыр.
Аю: жарайды мені көндірдіңдер қане тамашалайық ендеше.
Жүргізуші: Балалар өз тақпақтарын айтамыз дейді.

Жоламан:
Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық Дильназ
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.

Рамазан:
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң Бекжан
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

Жансая:
Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін, Малика
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.

Маржан:
Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ. Нұрдаулет
Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап.
Жүргізуші: «Орман аңдары» биі ұлдардың орындауында

Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Əн өнеріне кезегін.
Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.
Хор: «Тырс-тырс жаңбыр жауады» əні
Аю мен Күз Ханшайымы ырғаққа сəйкес билеп жүреді.
Жүргізуші: керемет балақайлар, жарайсыңдар.
Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.
Би «Тамшылар мен саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, Аю мырза біздің ару қыздарымыздың аналары тіккен үздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз аруы» топтамасын ортаға шақырамыз!Өзіңіз ұнаған туындыға баға бере кетіңіз. Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Барлығы бір- бірінен əдемі. Барлықтары да күз аруына лайық.
Жүргізуші: Күз ханшайымы жəне аю мырза осы арада ата-аналарымыздың да көңілін көтергіміз келіп отырмыз.
Ойын «Би биле»
Ойынның барысы: Ата-аналар өздерінің балаларымен биге шығады. Əн тоқтап қалғанда ата-ана жəне баласы бірдей қатып қалулары керек.
Күз Ханшайымы: Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, өзіңіздің ала келген сыйыңызды балаларымызға ұсынатын уақыт келген сияқты.
Күз Ханшайымы: иə, əрине өзімнің күзгі бақтан алып келген жемістерімді балалардың бізге көрсеткен өнерлеріне сый ретінде табыстап кетейін. Аю мырза маған жемістерді таратуға көмектесіп жіберші.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі алтын күз, мерекелі алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Сау болыңдар құрметті қонақтар. Тәрбие.орг сайтынан «Берекелі алтын күз, мерекелі алтын күз» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арапова Гулайна Абдиманаповна

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Тасбұлақ ауылы, ЖШС «Нұр-Сайд» бөбекжай-балабақшасы Əдіскер

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: күз, мерекелі, Алтын, «Берекелі, Балабақшадағы ашық сабақтар, күз»
Көрсетілім: 200 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar