Білгішбекке қонаққа

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 285
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22835


Тәрбиеші: Дарибаева Назигул Құнанбайқызы
Тақырыбы: Білгішбекке қонаққа
Мақсаты: Балаларда көктем мезгілі туралы түсініктерін және ұқыпты жұмыс жасауын, шығармашылық қабілеттерін бекіту. Табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту. Кеңістікті бағдарлау және танымдық қабілеттерін бекіту. Мамандықтарды атап, құрал –жабдықтарын ажырату. Жыл бойына алған білімдерін бекіту.
Көрнекілік құралдар: Слайд, шаршы.
Блингвалды компанент: Көктем-весна, дәрігер-доктор, аспазшы-повор, шаштараз-парикмахер.
Барысы:
Күтпеген сәт(сиқыршы) Сәлеметсіңдер ме, Балалар ! Мені таныдықдар ма? Мен сонау сиқырлы әлемнен келдім! Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Өте жақсы!
Сиқыршы: Келіңдер балалар шеңберге тұрып, бір-бірімізбен танысып алайық. Балалар бүгін біз сендермен жүрегімізбен сөйлесеміз! Оң қолымызды жүрегімізге қоямыз. Тып-тыныш тыңдаймыз! (жәй әуен) -Менің жүрегім «Мені жақсы көремін»дейді.
Балалар: Менің жүрегім «.....» дейді.
Сиқыршы: Балалар жарайсыңдар! Балалар сендерді мектепке барады дейді, соны естіп Білгішбек сендерді өзінің «Білімділер еліне» қонаққа шақыруда. Білгішбекке қонаққа барғыларын келеді ме?
Балалар: Иа
Сиқыршы: Көзімізді жұмамыз. Сендерді сиқырымнің күшімен Білгішбекке алып барамын. (сиқырлы әуен) Ой балалар қараңдаршы «Білімділер еліне» келген сияқтымыз.
Білгішбек:(аудио-1) Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің «Білімділер еліме» қош келдіңдер! Сендердің мектепке баратындарыңды естіп қуанып қалдым. Мен енді сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр! Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?Ал,енді қараңдаршы, мына ағашқа не жетіспейді. Ағашымызға жапырақтар жабсырып берейік.
Сиқыршы: Балалар жапырақтың түсі қандай еді?
Балалар: Жасыл.
Сиқыршы: Дұрыс айтасыңдар балалар,енді ағашымызға көмектесейік.(жай әуен) Жарайсыңдар балалар,менімен ойын ойнағыларың келеді ме?
Пантомимо ойыны: «Музыка ойнап тұрады» сиқыршы айтқанын балалар жестпен жасау.
-Гүлдер жапырағын жаяды -Аралар бал жинайды -Жел соғып, талдар теңселеді -Бұлт арасынан күн шығып күлкмсірейді -Шөпте шегірткелер секіреді -Өрмекші өрмегін тоқиды -Құстар қанатын қағады -Балалар жиналып табиғатқа тал сыйлайды.
Сиқыршы: Жарайсыңдар, балалар! Ағаштың жасыл, әдемі жапырақтары пайда болды!(Слайд)
Білгішбек: (аудио-2) Жарйсыңдар, балалар! Келесі тапсырмамды мұқият тыңдаңыздар! Атаның алдындағы себетте қызанақ,артындағы себетке қияр, оң жағынағы себетке алма,сол жағындағы себетке алмұрты орналастыр. (Слайд)
Сиқыршы: алма мен алмұрт олар неге жатады? Қызанақ және қияр олар неге жатады? Балалар үйде үлкені кісі ата. Солай ма? Енді саусақтарымызға жаттығу жасап өтейік. Сергіту саусаққа
Бас бармағым – атам Балан уйрек – әжем Ортан терек – әкем Шылдыр шүмек – анам Кішкене бөбек – мен.
-Балалар жарайсыңдар, бәрі ақылды екен. Балалар шаршап қалған боларсындар! Бір серігіп алайық.
Стречтинг (жәй әуен) Тыныс алу жаттығуы.
Білгішбек: (аудио-3)Жарайсыңдар, балалар! Менің келесі тапсырмам, мамандықтарды ата және құралдарын тауып бер?(слайд)(дәрігер,аспазшы, шаштараз, дүкенші, құрылысшы)
Күтпеген сәт: мамандықтар (Дәрігер, аспазшы,шаштараз)
Дәрігер –Никита:
Сыйлайтын саулық, амандық , Дәрігер жақсы мамандық.
Аспазшы-Мирас:
Жасайтын түрлі тағамдар, Аспазшы жақсы мамандық.
Шаштараз-Ажар:
Қолында қайшы тарағы, Тәртіпке шашты салады.
Сиқыршы: Балалар сендер мамандықтарды дұрыс таптыңдар жарайсың.
Сиқыршы: Жарайсыңдара балалар! Бәрін дұрыс таптыңдар!
Білгішбек: (аудио-4)Жарайсыңдар балалар,сендер мектепке дайын екенсіңдер! Тапсырманың бірін дұрыс орындадыңдар!-Сиқыршы менің сыйлығымды балаларға таратып бер! Мектепке барғанда керек болады! (жәй әуен)
Сиқыршы: Жарайды балалар,сендердің кететін уақыттарың болды, мен сендерді балабақшаларыңа қайтарайын.
Білгішбек: (аудио-5) Сау болыңдар балалар! Мектепте кездескенше!
Балалар: Сау болыңыз!
Сиқыршы: Көзімізді жұмамыз!(жәй әуен) Балалар бүгінгі тапсырмалар ұнады ма? - Қай тапсырма ұнады? -Қандай тапсырмалар орындадық? -Жарайды балалар енді менің кетеін уақытым болды! Сәт сапар сендерге! Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз! Тәрбие.орг сайтынан Білгішбекке қонаққа Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дарибаева Назигул Құнанбайқызы

Пікірлер: 0

avatar