«Білім күні» эстафеталық жарыс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 565
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22832


Тақырыбы: «Білім күні» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету, жарысуға, жеңімпаз болуға ұмтылысын арттыру. Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Барысы: Аудио: Құрметті әдемі де, сымбатты балабақша қонақтары. Біздің мықты, батыр, шапшаң,алғыр «Гүлдер» ортаңғы тобын қарсы алыңыздар!!!

Музыка әуенімен балалар топқа кіреді.
Т: -Балалар қараңдаршы біздің топқа апайлар қонаққа келіпті.Амандасайық!
Б:-Сәлеметсіздер ме!
Т: Түзел,Тік тұр!
Т: Балалар біздің тұрып жатқан Отанымыз, мемлекетіміз қалай аталады?
Б: Қазақстан Республикасы!
Т: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса Сүйікті, Тәуелсіз Отанымызға арнап «Тәуелсіз Қазақстан» әнін айтып берейік.
Ән: «Тәуелсіз Қазақсатан»

Жүріс түрлері:
-аяқтарын көтеріп солдатша жүру;
-жыланша жүру;
-массажды жолдармен жүру

Күтпеген сәт: Маймыл
О о о сәлем балалар, қонақтар!
Балалар бүгін сендерде «Көңілді сайыс» болайын деп жатқанын естіп сонау алыстан келіп тұрмын. Сендердің сайыстарыңа менде қатыссам болады ма?
Б: иә....
Маймыл: Балалар сайысты бастамас бұрын денемізді жаттықтырып,қыздырынып алайық.
Маймылмен: –Балалар бәріміз кішкентай маймыл боламыз.
-Құлақтарын
-Белдерін қасу
(маймылдардың мықтылығы соншалықты олардың аяқтары құлақтарына дейін жетеді.)
-Аяқтарын құлаққа жеткізу.
(Олар Африкада өмір сүреді,онда жыл бой жаз болады, онда жабайы жануарлар көп,олардан сақтану керек. Ол үшін мықты, шапшаң болу керек.)

Жалпы дамыту жаттығуы: таяқшамен

-Б.қ. таяқша оң колда, екі қолда томен.
1.Екі қолды жоғары көтеру,таяқшаны сол қолға ауыстыру.
2.Екі қолды төмен түсіру.б.қ.

-Б.қ. таяқша оң колда, екі қолда томен.
1.Екі қол жанымызда,алға созу таяқшаны сол қолға беру.
2.Екі қол артында, таяқшаны оң қолга беру.

-Б.қ. Таяқшаны екі қолмен ұстау, таяқша желкеде.
1.Оңға бұрылу.Б.қ.
2. Солға бұрылу.Б.қ.

-Б.қ. Таяқшаны екі қолмен ұстау, таяқша желкеде.
1.Оңға иілу.Б.қ.
2. Солға иілу.Б.қ.

-Чешки шешеміз отырамыз. Аяғызыдың астында таяқшаны домалатамыз.(Жақсы секіріп, жылдам жүгіру үшін)
Қанекей енді кішкентай маймылдар ойнайды.
Тыныс алу жаттығуы
-Ауыздарын бұртыйтады;
-Бір-біріне тілдерін шығарады;
-Құлақтарын тартады.

Т: -Жарайсыңдар балалар,Маймыл көрдің бе біздің балалар да сізден қалысар емес.Бәрі мықты, бәрі шапшаң.
Маймыл: -Көрдім көрдім жарайсыңдар балалар. Ал енді сайысымызды бастайық.

Көңілді старт эстафеталық жарысымыздыь бастаймыз.
1.Кім шапшаң: Көк түсті резинканың астынан өтіп, қызыл түсті резинканы секіріп өтуі тиіс.

2.Кім жылдам: Мәреге қарай жүгіріп ондағы лента бауын жинауы керек,келесі бала оны ағытуы тиіс.

3.Ептілер сайысы: Балалар доғаның астынан еңбектеп өтіп, баспен домалап мәрені айналып жүгіріп келу.

Маймыл: Жарайсыңдар балалар сайыстарың өте қызықты , тартысты болды!
Тәрбиеші : Маймыл көрдің бе біздің балалар қандай мықты. Енді балалар, маймылмен бірге би билейік.

Би маймылмен бірге.
Маймыл: Жарайды балалар менің кететін уақытым болды. Сендер мен сияқты шапшаң, мықты екенсіңдер.
Т: Балалар жарайсыңдар! Дендерің сау болсын!
Б: Рахмет!


№12 Бәйтерек бөбек- бақшасы.

БЕКІТЕМІН: ----------
«Бәйтерек » б/б меңгерушісі: Баракова Р.К.



Өткізген:
Дарибаева Назигул Қунанбайқызы







Сарыжар
қыркүйек Тәрбие.орг сайтынан «Білім күні» эстафеталық жарыс Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дарибаева Назигул Қунанбайқызы

Пікірлер: 0

avatar