Білім әлемінің тапсырмалары

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 528
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22651


Ақтөбе қаласы
№43 «Гүлдәурен» МДҰ-ның мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.
Тутасбаева Жанар Сейтимбековна
Тақырыбы: «Білім әлемінің тапсырмалары»
Мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптарды қайталау. Аталған дыбыстарға сөздер ойлау арқылы сөздік қорларын дамыту: М.Монтоссори әдісі арқылы қол, саусақ моторикасын қалыптастыру. Тура, керісанау арқылы білімдерін жетілдіру. Достыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: әріптер, суреттер, карточкалар, доп,
Шаттық шеңбер: «Жылы лебіз»
Бір-біріне гүл шоғын беріп жылы сөздер айту.

Жыл мезгілдерін, апта күндерін айту.
Күтпеген сәт. Бір ата-ана кешігіп келген болып келеді. Сәлеметсіздер ме? Кешіріңіздер. Асығып келе жатқанда пошташы апай осы топқа келген хатты беріп жіберді. Хаттың ішінен флэшка шығады.
Т. Бұл не?
Б: флэшка .

Т: Бұны кім беріп жіберуі мүмкін? Флэшкада не жазылғаның білгілерін келеме?
Б: білгіміз келеді.
Флэшканы магнитофонға қосып тыңдау.
Білім әлемі сөйлейді. Сәлем балалар. Мен білім әлемімін . Сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма?
мен сендердің білімді екендерінді білу үшін көп тапсырмаларды орындау керексіңдер.
Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?
Дид\ойын. «Аталған дыбысқа сөз ойла. 1 «Шатасқан әріптерді тап»

Әріп деген не?
Әріпті көреміз, жазамыз, айтамыз.
Сендер қандай дауыссыз және дауысты дыбыстарды таптыңдар?
2. «Қиындылардан әріптер құрастыр»

Буындардан не құрауға болады?
Б: Буындардан сөз құрастырамыз.
3. «Буындардан сөздер құрастыр»
Сендердің құрастырған сөздерін берілген суретке сәйкес келеді ме?
Жоқ.
Сөздеріне сәйкес суреттерді табады.



М.Монтоссори әдісі:
4. «Ыдысқа салынған дәнге берілген әріпті жаз».


Сергіту сәті: «Дауысты дыбысқа қолды көтеру, дауыссыз дыбысқа отыру, сөзге айтқанда барлығы қолдарын бір-бірінің қолдарын ұстау, түсініксіз сөз айтқанда шапалақтау».
5. «Суреттердің бірінші дыбыстарынан мақал- мәтелді құрастыр»
1. Кесе. Ірімшік. Тауық. Алма. Піл.
2. Бақа. Ілгіш. Лақ. Ірімшік. Мысық.
3. Балық. Ұя. Лимон. Ғарышкер. Ыдыс.
Құрастырған мақал-мәтел: «Кітап білім бұлағы».



Дид/ойын. «Ғажайып қоржын»
Шарты: «Қоржын ішінен затты алып сөйлем құрастыру. Бұл не, түсі қандай, неден жасалған деген сұрақтарға жауап алу».



Логикалық есеп:
Бүгін Асылдың анасының туған күні екен. Асыл анасына арнап салат жасау үшін дүкенге барып 2 кг қызылша, 4 алма, 6 сәбіз, 8 қияр алыпты.Асыл әкелген балықтың аяғын көріпті.
Б: балықта аяқ болмайды.
Т: Жоқ болса, қандай сан болады.
(балалар аталған сандарды тақтаға іледі).
Сандар ретімен тұр ма?
Жоқ.
Ойын. «10-ға дейін сандарды ретімен қой»
Ойын: «20- ға дейін тура, кері санау» (допты бір- біріне беру арқылы)
«Көрші сандарды ата»
Карточкамен жұмыс: «Жоқ сандарды жаз»
2 4 6 8 10
11 13 15 17 19



Сергіту сәті:
Жайқаламыз гүлдер боп,1.2.3
Айналамыз шеңбер боп.1.2.3
Көбелек боп ұшамыз.1.2.3
Ұшып гүлге қонамыз. 1.2.3
Біз бақытты баламыз. 1.2.3
Әсем әнге саламыз. 1.2.3
Дөңгелене билейміз. 1.2.3
Біз осындай баламыз. 1.2.3


Қорытындылау: Бізге кім хат жіберді? Қандай тапсырмаларды орындадық?
Сендерге Білім әлемінің тапсырмалары ұнады ма? Балаларға рахмет айтып, білім әлемі
берген төсбелгілерді табыстау Тәрбие.орг сайтынан Білім әлемінің тапсырмалары Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тутасбаева Жанар Сейтимбековна

БҚО Ақтөбе қаласы №43 "Гүлдәурен" МДҰ тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar