Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Білім- теңіз»
  • 07.02.2017
  • 35 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21571

Білім беру салалары: «Коммуникация», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», «Денсаулық». Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет т.б. Тақырыбы: «Білім- теңіз». Мақсаты: Білімділік: Жыл бойы алған білімдерін, сандар, дыбыстар, пішіндер туралы білімдерін бекіту. Дамытушылық: Танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өзара достық қарым – қатынасқа және ертегі кейіпкерлері арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: теңіз, кеме, айлақ. Билингвалды сыңары: океан, корабль, порт. Заттық дамыту ортасы: үлестірмелі сандар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қайшы, желім, суреттер. Инновациялық технология: Триз технологиясы , мнемотехника, саусақ жаттығуы.
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотива- циялық- қозғау- шылық Жылулық шеңбері:
-Балалар, «Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» - дейді халқымыз.
- Кәне балалар , қонақтармен сәлемдесіп, бүгінгі оқу іс – әрекетімізді бастайық.

Балалар қатарға тұрып бірге айтады.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Әдепенен сіздерге, бас иеміз біз! - Сәлеметсіздер ме!
Ұйымдас-тырушы
лық- ізденістік - Балалар, біз бүгін білім әлеміне саяхатқа барамыз. Білім әлемінде бізді аялдамалар мен қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Білімді үлкен теңізге теңейді. Осы теңізге біздер кемемен саяхатқа шығайық. Ендеше, әркім кемедегі өз орынына отырсын.
«Қатынас» айлағы:
Тіл жаттығуы: «Ала бұзау» әңгімесі.
«Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты.
-Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулады.
-Қандай дыбыс естіледі?
Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызыңдап, мазасын алды.
-Маса қандай дыбыс шығарады?
Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөс итінің ырылдаған дыбысын естіді.
-Ит қандай дыбыс шығарады?
Ескендір айналасына қарады. Шөп арасынан басын көтеріп жылан Ақтөске ысылдап тұр екен.
-Қандай дыбыс естіледі?
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған ағаш түбіне шегінді. Ол ағаш бұтағына орналасқан араның ыжылдаған ұясын көрді.
-Қандай дыбыс естіледі?
Ескендір ала бұзауын шақырды. Қане, балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші:
- Ауқау – ауқау - ауқау!
Жақын жерден бұзаудың мөңіреген даусы естілді.
Ескендір сөйтіп бұзауын үйіне айдап қайтты»
-Балалар, біз әр түрлі дыбыстар естідік, яғни біз дыбысты естиміз.

«Таным» айлағы: «Шатасқан сандар»
Бұл жерде сандар тұрады. Олар сендермен кездесуге ұзақ дайындалғандықтан, сандар қатарындағы өз орындарын шатастырып алыпты. Сандарға өз орындарын табуға көмектесейік.
5, 3, 2, 4, 1
«Қарама-қарсы сөздер» ойыны. Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға математикалық түсінікті айтады. Балалар оған қарама –қарсы түсінікті айтады.
Ұзын – қысқа, үлкен – кіші, биік- аласа, кең –тар, алыс- жақын, жоғары – төмен, оң жақ – сол жақ, алдында – артында, жеңіл – арты, жуан – жіңішке.
«Денсаулық» айлағы:
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрылымыз солға бір. Біздер тату боламыз, Гүл- гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
«Әлеуметтік орта» айлағы:
Жыл мезгілдері туралы жұмбақтар:
Мнемотехника: «Қай мезгіл деп ойлайсың?» сурет бойынша жұмбақтар құрастыру.
«Шығармашылық» айлағы
«Қай ертегі?» ойыны. Ертегі мазмұнынан үзінді айту.
Балаларға иогурт құтысын, суреттер тарату.
Саусақ жаттығуы.
Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды,
Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
Қажетсіз материалдардан ( иогурт құтысына ертегі кейіпкерлерінің суретін) қиып жапсыру.
Миға шабуыл:
Дайын болған балалардың жұмысынан ойша ертегі құрастыру.

-у –у –у –у -у

-ш –ш –ш –ш -ш

-з –з –з –з –з -з

-р –р –р –р –р -р

-с –с –с –с –с -с

-ж –ж –ж –ж –ж -ж

- Ауқау – ауқау - ауқау!
- мө – мө - мө - мө

-Біз дыбысты естиміз.

1, 2, 3, 4, 5

Балалардың жауабы: Ұзын – қысқа, үлкен – кіші, биік- аласа, кең –тар, алыс- жақын, жоғары – төмен, оң жақ – сол жақ, алдында – артында, жеңіл – ауыр, жуан – жіңішке.

Сурет бойынша жұмбақтар құрастырады.

Рефлек- циялық-түзетуші- лік Қорытындылау. Сұрақ –жауап:
-Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
-Біз қайдамыз, немен жүзіп келеміз?
Тосын сый: -Ой, балалар! Су түбінде сандық жатыр екен. Кәне, сандықты судан тартып шығарайық. (1-2 баланы көмекке шақыру) Сандықты ашып, ішіндегі заттарды балаларға көрсету.
Балаларды мадақтау. Оқу іс – әрекетін аяқтау. -Біз теңіз бетінде кемемен жүзіп келеміз.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.
Игереді: жыл бойында алған білім дағдыларын иегереді.
Меңгереді: жақсы қасиеттерді меңгереді. Тәрбие.орг сайтынан «Білім- теңіз» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Анарбекова Гүлжазира Аралбекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: «Білім-, Балабақшадағы ашық сабақтар, теңіз»
Көрсетілім: 35 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar