Білімділер еліне саяхат

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 814
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19960


Тақырыбы: Білімділер еліне саяхат
Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін бақылау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сұраққа жауап беруге және 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, өткен әріптерді қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, қима әріптер, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап;
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан, балақай,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.
- Балалар амандасады.
- Балалар орындарына отырады.
- Есік қағылып, ішке білім ханшайымы кіреді.
- Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендердің бір жыл бойы оқыған білімдеріңді тексеруге келдім. Менің қолымда бейне таспа бар, сол бейнетаспаның ішінде сендерге дайындаған тапсырмаларым бар. Сендер тапсырманы орындауға дайыңсыңдар ма?
- Ия, дайынбыз.
- Бейнетаспа қосылады. (слайд)
- Тәрбиеші: Балалар білім ханшайымының акелген тапсырмаларын орындау үшін алдымен біз кітаптарды таңдауымыз керек екен?
- Қандай кітап таңдаймыз?
- Балалар: Қызыл кітапты таңдаймыз.
- 1 тапсырма: жыл мезгілдері.
- Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Балалар: Бір жылда 4 мезгіл бар. Қыс, көктем, жаз, күз.
- Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Тәрбиеші: Қазір жылдың жаз мезгілі.
- Тәрбиеші: Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Балалар жауап береді.
- Тәрбиеші: Балалар жаз мезгілінде нелер шығады.
- Балалар: Көбелектер, жәндіктер, құстар
- Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, қазір алдымыздағы көбелектерді ұшырайық.
Тыныс алу жаттығуы.
“Гүлге қонған көбелек”.
- Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар. Қызыл кітаптың екінші тапсырмасы жабайы жануарлар мен үй жануарлары екен.
- Балалар жабайы және үй жануарларын атап береді.
- Тәрбиеші: Үй жануарлары қайда өмір сүреді?
- Балалар: Үйдің қасында, фирмада.
- Тәрбиеші: Ал, жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?
- Балалар: Орманда.
Дидактикалық ойын:
“Даусынан таны”
- Қастерлі қаламнан жануарлардың дауысын ажырату.
- Балалар қандай кітапты таңдймыз.
- Сары кітапты таңдаймыз.
- Тәрбиеші: Олай болса сары кітапта қандай тапсырмалар бар екенін көрейік.
- Тәрбиеші: Балалар сары кітапта ертегі берілген екен. Сендерге ертегі тыңдаған ұнайма?
- Балалар: Ия, ұнайды.
- Тәрбиеші: Олай болса, мен сендерге “Ала бұзау” ертегісін оқып берейін.
- Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүреді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетеді. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты.
- Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
- Жел уілдейді.
- У-у-у
- Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
- Қандай дыбыс естіледі?
- Ш-ш-ш
- Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызыңдап, мазасын алды.
- Маса қандай дыбыс шығарады?
- З-з-з
- Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді.
- Ит қандай дыбыс шығарады?
- Р-р-р
- Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен.
- С-с-с
- Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар екен.
- Ж-ж-ж
- Ескендір ала бұзауын шақырды.
- Кәне,балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші
- Ауқау-ауқау-ауқау!
- Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естілді.
- Мө-мө-мө.
- Сөйтіп, Ескендір бұзауын үйіне айдап қайтты.
- Тәрбиеші: Міне, балалар біз ертегімен таныстық. Онда біз әртүрлі дыбыстарды естідік.
- Тәрбиеші: Дыбысты естиміз ба, балалар.
- Балалар: Ия, естиміз.
- Тәрбиеші: Ал әріпті көреміз ба?
- Балалар: Әріпті көреміз.
- Тәрбиеші: Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді.
- Балалар: Екіге бөлінеді. Дауысты, дауыссыз.
- Тәрбиеші: Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз, балалар.
- Балалар: Қызыл түспен белгілейміз.
- Тәрбиеші: Ал дауыссыз дыбысты ше?
- Балалар:Көк түспен белгілейміз.
- Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді қазір өткен әріптерді бір қайталап алайық. (слайдтан көрсету)
- Слайдтан өткен әріптерді қайталайды.
- Алма суретін көрсету.
- Бұл алма.
- Алма сөзін буынға бөліп айтып көрейікші.
- Балалар: Екі буын бар.
- Тәрбиеші: Енді осы алма сөзін алдымыздағы қима әріптерден құрастырып жазып көрейік. Содан соң текшелермен белгілейміз.
- Балалар Алма сөзін қима әріптерден жазып, дыбыстық талдау жасайды.
- Тәрбиеші: Балалар мынау кім?
- Балалар: Әже
- Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Әже сөзін буынға бөліп көрейікші.
- Балалар: Екі буын бар.
- Тәрбиеші: Енді осы әже сөзін қима әріптерден жазамыз. Содан соң текшелермен белгілейміз.
- Балалар Әже сөзін қима әріптерден жазып, дыбыстық талдау жасайды
- Жарайсындар, балалар.
Д.ойын: “Сөз ойла, тез ойла”
Сергіту сәті
- Білім ханшайымы: Жарайсындар, балалар. Енді бізде ашылмаған неше кітап қалды?
- Балалар: 2 кітап қалды
- Білім ханшайымы: Ендеше қандай түсті кітапты таңдаймыз?
- Балалар: Көк түсті кітапты таңдаймыз.
- Қанеки көк түсті кітабымыз ашылсын.
- Білім ханшайымы: Балалар, көк кітаптың бірінші тапсырмасы мақал мәтелдер айтып беріңдер дейді.
- Балалар мақал айтып береді.
- Білім ханшайымы: Көк кітап тағыда бізге жұмбақ жасырыныпты.
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)

Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барынсап.(өшіргіш)

Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан,
Жазып алам көщіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (тақта )
- Білім ханшайымы: Жарайсындар, балалар. Ендеше тілімізді жаттықтырып алайық.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ян-ян-ян жүгіріп жүр қоян,
Ан-ан-ан тастама жерге нан,
Он-он-он киіп ал сенде тон.
- Білім ханшайымы: Ой жарайсындар, балалар. Енді бізде қандай түсті кітап қалды.
- Балалар: Сары түсті кітап қалды.
- Білім ханшайымы: Олай болса, сары түсті кітапты ашып көрейік.
- Балалар сары түсті кітап математикаға арналған екен.
- 1 тапсырма: Адасқан сандар.
- Балалар алдарындағы орны ауысып кеткен сандарды рет-ретімен қойып шығады.
- Білім ханшайымы: Балалар енді осы сандарды тура және кері санайық.
- Балалар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10. 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
- Білім ханшайымы: балалар, екінші тапсырмада логикалық есептер беріліпті.
- 1. Ағаш басында үш құс отыр, оған төрт құс келіп қонды. Ағаш басында барлығы неше құс отыр?
- Балалар: Ағаш басында жеті құс отыр.
- 2. Үстел үстінде тоғыз алма тұр. Оның төртеуін Арман жеп қойды. Үстел үстінде неше алма қалды?
- Балалар: Үстел үстінде бес алма қалды.
- 3 тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.
- Балалар сурет бойынша әңгімелейді
- Б.х: Жарайсындар, балалар. Сендер менің тапсырмаларысның барін орындадыңдар. Енді мен сендерге сыйлық беремін.
- Білім ханшайымы біздің балаларымыздың берген жауаптары ұнады ма, сізге.
- Ия, ұнады балалар өте білімді, ақылды балалар екен – деп қоштасып шығып кетеді.
- Қорытынды:
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Білім ханшайымы келді.
- Оның қандай тапсырмаларын орындадық.
- Балалардың жауаптары.
- Тәрбиеші сабақты аяқтайды Тәрбие.орг сайтынан Білімділер еліне саяхат Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ербөлекова Жапырақ Ғалымжанқызы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №32 «Ақ шағала» балабақшасы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Пікірлер: 0

avatar