«Біздің балабақша»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1081
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22526


Тақырыбы: «Біздің балабақша»
Мақсаты: Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу. Балабақшадағы алғашқы күн танысу,бейімделу күні болып есептеледі. Балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі үшін тобындағы өздері секілді бүлдіршіндермен таныстырады, балабақшаның әр бөлмесіне «саяхат» жасайды. Жеке бастың тазалығы жайлы мәлімет береді. Баланың зеректігін, ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
"Кел танысайық" жылулық шеңбері.
Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
Сары алтын жерге шашылды
Көктен күн жылу қашырды.
Қарағай қыздар әзілкеш
Ұйқыға қата бас ұрды.
Бұл қай мезгіл?
(күз)
Балалардың түсінігі бойынша сұрақ-жауап әңгімелету.
Балабақшам базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты
Балалар бүгін біз балабақшамен және өз тобымызбен танысамыз. Қәне балалар қолдарымыдан ұстап саяхатқа шығайық.
Тәрбиеші балаларды бөлме атауларымен, олардың қандай қызметке арналғандығын таныстырады.
Тобымыздың бөлмелеріне саяхат жасау. Ойын залы, ұйықтау бөлмесі, күту бөлмесі, ас бөлмесі, әжетхана бөлмелерімен балаларды таныстыру. Балабақшаға келгенде шкафқа киімдерді жинауды көрсету. Жеке басының гигенасын сақтауды, қол жуатын жерді және қол сүрткіштерді көрсету, түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Дидактикалық ойын:«Өз үйіңді тап»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады

Қорыту: «Біз не білдік?»
: Балабақша, топ бұл біздің тұратын үйіміз.
: Киімдерді шкафқа реттеп қою керек.
: Тәрбие.орг сайтынан «Біздің балабақша» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жайна Жариева

Пікірлер: 0

avatar