Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Біздің көңіл күйіміз
  • 17.06.2016
  • 810 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19228

БҚО, Орал қаласы, №39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК педагог-психологы Жайлиева Айзада Ерсайновна

Тренинг тақырыбы: «Біздің көңіл-күйіміз»
Мақсаты: Балалардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету, көңіл-күйлерін көтеріп, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдәс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын әдісі, тілек айту
Қажетті құралдар: түрлі түсті қиындылар, смайлдар, суреттер, слайд
Барысы:
Шаттық шеңбері
-Сәлем досым! (көршісіне көріседі)
- Қалайсың? (арқасынан қағады)
-Сен қайда болдың? (құлағын ұстайды)
- Сағындым (құшақтасады)
- Балалар менің сендерге «Көңіл-күй» әлеміне саяхат жасайық деген ұсынысым бар, құптайсыңдар ма?
- иә
-алдымен айтыңдаршы, қандай көңіл-күйлерді білесіңдер? (балалар жауап береді)
-жарайсыңдар (барлығы аттанады)
-Балалар, қараңдаршы көңіл-күй әлемінде түсініксіз бейнелер тұр, қане бейнелерді өзгертіп көрейік, ол үшін бет мүшелерін жапсырайық, ал енді қандай күйдегі бейне пайда болды? (балалар көңіл-күйлерді сипаттайды)
-Ал сендер қашан қуанасыңдар, ал қашан мұңаясыңдар? (балалар жауап береді)
«Түстер мен көңіл-күйім» ойыны
- Балалар өздеріне ұнайтын түстерді таңдайды, көңіл –күйлері сипатталады:
Қызыл- өте белсенді көңіл-күй.Ойнағысы келеді,көп білгісі келеді.
Сары-көтеріңкі көңіл-күй,бәрін қуантқысы келеді.
Жасыл- қарым-қатынас жасауға дайын
Көк – тұрақты көіңіл күй.Тыныштықта ойнағысы келеді.
Сұр – іш пысқан көңіл-күй
Қоңыр – ашулы көңіл күй, ренжулі
Қара – көңіл күйі жоқ
-Рахмет балалар сендердің көңіл-күйлеріңді білдік. Кімнің көңілі төмен болса соның көңілін көтеруге тырысамыз.
«Көңіл-күй неге ұқсас?» ойыны
Балалар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?» жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады.
-Ал енді балалар көңіл-күй бейнеленген картаны табиғат құбылыстарымен байланыстырып, сәйкесін жапсырайық.
-Жарайсыңдар!
Сергіту сәті (экранға қарап қимылдай отырып көңіл-күйді мимикамен қайталайды)
«Қоштасу» тренингі
-Балалар бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Қай сәт сендерге көбірек ұнады?
Олай болса бәріміз шеңберге тұрып бір-бірімізге «шаттық көңіл» тілейік!
- алдарыңдағы смайлдарды алып көңіл-күйлеріңді көрсете қойыңдар
-рахмет, мен сендерге үнемі көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Тәрбие.орг сайтынан Біздің көңіл күйіміз Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жайлиева Айзада Ерсайновна

БҚО, Орал қаласы, № 39 "Салтанат" бөбекжайы педагог-психолог

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 810 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar