Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Буратиноға көмек»
  • 07.02.2017
  • 36 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21572

Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Нүрсейтова Нұржанат Жолшыбекқызы

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»
Кіріктірілген оқу қызметі: ҚМТҚ, Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Буратиноға көмек»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға математикалық ойын тапсырмаларды орындату арқылы танымдық белсенділіктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Тәрбиелік: Балаларды ұжымдық жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Алтын кілт, құлып.
Билингвалды сыңары: Золотой ключик, замок.
Заттық дамыту орталығы: Сиқырлы кілем, текше, қима суреттер, алтын кілт.
Қолдану технологиясы: Триз технологиясы, ертегі терапия, ойын технологиясы.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

Рефлексивті коррекциялаушы Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық,
Күнге шуақ шашайық.
Жүректегі жылуды,
Қонақтарға шашайық.

Буратино дорбасымен кіреді. Балалармен амандасу.
- Балалар, менің достарымды көрдіңдер ме?
- Маған достарымды табуға көмектесіңдерші. Карабас қамап қойыпты. Мен алтын кілтті тапсам достарымды құтқарамын. Менің дорбамдағы сиқырлы кілемшеде көп тапсырмалар бар түстерін атап тапсырмасын орындайық.
- 1. Ол үшін текшені көк түске лақтырамыз. Көк түстегі тапсырмадан көк кілт шықты.
«Артығын тап»
Шарты: Үй жануарларын орналастыру арқылы балалар артығын табады.
- Міне керемет көк шаршыдан көк кілт шықты.

-2.Қызыл түсті текшемізге лақтырайық. ол жерде қызыл кілттің тапсырмасы бар екен.
«Өз түсін үйшікке орналастыр»
Шарты: Ертегі кейіпкерлерінің түстеріне қарай қима суреттерді өз үйшігіне орналастыру.

-3.Текшені жасыл түске лақтырайық. Бұл жерде қандай түстегі кілт шықты?
- Қане барлығымыз бой жазып сергіту жаттығуын жасап алайық.

-4.Текшені енді ақ түске лақтырайық. Ақ текшеден ақ кілт шықты. Ақ кілтті ойын логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды ретімен орналастырады.
1.Аспанда күн нешеу?
2.Адамның неше көзі бар?
3.Бағдаршамның неше көзі бар?
4.Үстелдің неше аяғы бар?
5.Жұлдыздың қанша бұрышы бар?

-5.Текшені сары түске лақтырамыз. Музыка ойнатылады.
- Алақай кілтті таптық. Достарымды табатын болдық. Алтын кілтпен мына құлыпты ашайық.
Ішінен достары шығады.
- Рахмет, балалар! Менің достарымды құтқардыңдар! «Достығымыз жарассын», тату болайық. Әрдайым бірге жүрейік.
Балалар Буратиноның достарын достық ағашына орналастырады.

-Жоқ

-Иә

- Жасыл

-1
-2
-3
-4
-5
Күтілетін нәтиже:
Балалар ойын арқылы жануарларды ажырата алады.
Ертегі кейіпкерлерінің түстеріне қарай түстерді ажырата алады. Тәрбие.орг сайтынан «Буратиноға көмек» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нүрсейтова Нұржанат Жолшыбекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: көмек», Балабақшадағы ашық сабақтар, «Буратиноға
Көрсетілім: 36 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar