Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
CПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ.
  • 17.05.2016
  • 1130 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19031

«Спорт – денсаулық кепілі!» (спорттық сайыс )
Жүргізуші: Армысыздар апайлар, балақайлар! Бүгінгі ,,Спорт — денсаулық кепілі" атты сайысымызға қош келдіңіздер! Балалар, денсаулығымыз зор болсын десек, өзіміз сұлу, сымбатты әрі күшті болу үшін әрдайым спортпен дос болу керекпіз. Бүгінгі сайысқа «Гүлдер» және «Сәйгүлік» атты топтар жарысайын деп тұр. Екі топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерден өтеді. Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады. Жүргізуші: 1-сайыс.Сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстыру. «Гүлдер» Қатар өскен құрдасқа Жарыс ұнап тұрмасқа Қуып жету жақсы ғой Озып шығу бір басқа «Сәйгүлік» Ал, кәнеки босқа біздер тұрмайық Күш жеткенше намысты бермей қорғайық Балалармен бір сәтке біздер бірігіп, Бүгін бізде бала болып ойнайық Жүргізуші: Өнерсіздік бас ойын Ән мен күйге басайық Арасында тағы бір Әннен шашу шашайық Ән: Жүргізуші: Спортшымыз шеберміз Шыныққан біздің денеміз Ешқашанда ауырмай Жеңістерге жетеміз 2-сайыс. «Кім епті?» Ойын шарты: Екі топтан 1 баладан шығып щеңберге кубиктерді тасып жинайды. Жүргізуші: 3-сайыс: «Қонжықтар сайысы» Ойын шарты: Әр топтан 1 баладан қонжық болып еңбектеп, обручтен тез өтеді. Жүргізуші: Денсаулық ол шыныққан Барлық денен мүшесі Денсаулық ол тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. 4-сайыс: «Допты дәл тигізу» Ойын шарты:Екі топтың капитандары шығып, допты дөңгелекке тигізеді.
Жүргізуші: Жүгіруді қоймаймын, Қызығына тоймаймын. Ойынның қызығын-ай, Ойнаймын қызығып-ай. 5-сайыс: «Кім жылдам» Ойын шарты: Топ басының қолында себет 5 көкөніс салынған сол топтағы сайыскер біреуі егеді, екіншісі, жинайды. Жүргізуші: Шапшаң-шапшаң жинайық, Бір-бірімізден қалмайық. Ал, кәнекей балалар, Жарыста сынап бір көрейік. 6-сайыс: Тенис шарикті қасықпен тасу. Ойын шарты: Әр сайыскер қолдарындағы қасықпен шарикті мәреден, сәреге дейін түсірмей, екінші сайыскерге беру қажет. Кім ұқыпты, түсірмей сол жеңген болып есептеледі. Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңге Алда болашақты болжайтын. Дені таза, тәні таза Елін, жұртын қорғайтын! Балалар, жарайсындар! Бүгінгі сайысқа бәріңізде ат саласып қатыстыңдар.Құттықтаймыз! Марапаттау рәсімі. (музыка әуенімен сайыс аяқталады)



«Еркемай» балабақшасы МКҚК



Дене шынықтыру

«Спорт – денсаулық кепілі!»
(сайыс)

Дайындаған: «Ертөстік» тобының
тәрбиешісі: Елеусізова. А.Ж Тәрбие.орг сайтынан CПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ЕЛЕУСИЗОВА АЙСУЛУ

АРАЛ АУДАНЫ ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫ ЕРКЕМАЙ БАЛАБАҚШАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ТӘРБИЕШІ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 1130 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar