Дүкен сюжеттік рөлдік ойыны

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 1080
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 29/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20715


Сюжеттік-рөлдік ойын: «Дүкен»
Тақырыбы: «Жұлдыздар дүкені»
Білімділік мақсаты: :Балалардың диалогты сөйлей білуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Ойын кезінде бір-бірімен байланыста бірнеше әрекет түрлерін атқаруға талпындыру.
Тәрбиелік мақсаты::Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу.
Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.
Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері,ойыншықтар,жемістер,карзина,суреттер,т.б.
Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Аққайын»дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет
Балалар: (Топқа әуенмен кіреді.)
Тәрбиеші: Саламатсыздарма!
Хош келдіңіздер!Сендерді жаңа жұмыс орнына қабылдамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақ қойсам деймін.
1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер?
Айкүн:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б.
2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме?
Сафия:Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады».
3)Сұрақ:Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін білесіндер?
Адиля:Куыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.
Ойыншықтар неден жасалады?
4)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?
Адия мен Әлиша:ретімен кояды.123:321:
Меңгеруші:Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын.
Айкүн:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой.
Сафия:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бқліміне бара ғой.
Адиля:Сен ойыншықтар туралы жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара ғой.
Адия мен Әлиша: Сендер сандарды өте жақсы айыра білдіңдер .касса бөліміне бара ғойыңдар.
Сатып алушылар:Абдолла, Исмаил, Ясмин, Алуа, Райымбек, Ескендір, Айсана.
Күзетшілер: Эльхан мен Мират

Ойын ситуациясы: Сатып алушылар кезек-кезек дүкенге кіреді.
Өздеріне ұнаған бөлімдеріне барады.
Сатып алушы-Алуа: Сәлеметсіз бе, сізде банан бар ма?
Сатушы-Айкүн: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир1-Адия: Сізден 1 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.

Сатып алушы-Абдолла: Сәлеметсіз бе, сізде машина бар ма?
Сатушы-Адиля: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир2-Әлиша: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.

Сатып алушы-Айсана: Сәлеметсіз бе, сізде балмұздақ бар ма?
Сатушы-Сафия: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир1-Адия: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.)
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Осылай барлық сатып алушылар кіріп шығады. Соңғы сатып алушы кеткенде. Дүкен жабылады.

Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Дүкен сюжеттік рөлдік ойыны Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Апсаликова Салтанат Ерболқызы

№122 мектепке дейінгі гимназия балбақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar