Дүкенде (Ашық сабақ)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 597
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19949


Алматы Облысы текелі қаласы «№8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемілекеттік мекемесі
Логопел: Сейтқазы Бақытгүл

Сабақтың тақырыбы: Дүкенде (Ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қоршаған орта туралы білімін кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.диалогтық сөйлеу тілін дамыту.
Түзетушілік: Артикулияциялық аппарат мұшелерін жаттықтыру, Р дыбысын сөз арасында жаттықтыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа мейірімділікке, тазалыққа, өзгелермен сыпайы қарым-қатынасқа түсе білуге тәрбиелеу .
Көрнекілік: Суреттер, ойыншықтар, гүл, моншақ, оқу құралдары, «р» дыбысының шырайы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сәлем! Жеңіс
Жеңіс бүгін бізге қонаққа апайлар келді. Апайлармен амандас.
Біз сабағымызды бастамас бұрын бір ойын ұйымдастырайық
«Не өзгерді» ойыны
Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, зейінін тұрақтандыру, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Ойын барысы: Жеңіс мына кесілген суреттерді құрастыр, суретте не бейнеленген? Нақтап қарап ал, енді суреттің бетін аударып жауда көзіңді жұм. Көзіңді аш. Ой Жеңіс мен сен жинаған суретіңді шашіп алдым қайтадан құрастыршы, суретте не өзгерді?
Алдындағы сурет қыс мезгілінің суреті болған, ал мынау көктем мезгілінің суреті.
- Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
- Көктем мезгілі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Күн жылынады, шөптер өседі, жер көгереді, әр түрлі гүлдер шыға бастайды.
- Олай болса екеміз көктемгі гүлдерді тамашалауға барайық
- Қарашы гүлдер қандай әдемі
- Жеңіс осы гүлдердің ішінен иісі ең әдемі гүлді тапшы?
- Көрдің бе? бұл гүлдің иісі басқаларынан әдемі болғандықтан оған, ара да қонып алыпты.
- Араны гүлден ұшырайық (терең тыныс алып, бір қалыпты шығарамыз)
- Ара ұшқанда қандай дыбыс шығарды? (Дззз)
- Ара дззз деп ұшты
- Кәне қайталап жасайық (Дззз) тіліміз қалай түр?
- Ал біз Р дыбысын айтқанда тілдің қалпы қандай?
- Мынау Р дыбысының шырайы, онда тілдің қалпы қандай?
- Тіл көтеріледі, тілдің ұшы жоғары тістің артында тұрады.
- Бізде тілімізді дәл осы шырайдағыдай келтіріп Р дыбысын айтайық.
- Р ------
- Жарайсың сен Р дыбысын өте жақсы айттың.
- Олай болса мынамоншақпен «Р» әрпін жазып көрсетші
Жарайсың өте жақсы
Ал біз үйге қандай тапсырма бердік?
Жаңылтпаш жаттау.
Ұстап қара ранындашын,
Ұштап қарындашын қарындасым,
Ұсынды қарындасым қарындашын.
Жарайсың жақсы жаттап каліпсің
Біз өткен сабақта «Р» дыбысын буындарда оқып үйрендік, енді соны қайталау мақсатында
«жаңғырық» ойынын ойнайық. Мен айтқан буындарды, сен қайталайсың
Ар, ор, ур, ра,ро, ру,ри
Жарайсың сен Р дыбысын жекелей және буында дұрыс айтасың, енді біз бүгін Р дыбысын сөз арасында дұрыс айтып үйренейік.
Сурет бойынша мына сөздерді оқиық.


- Мұнда не жетіспейді?
- Бұл сөздердегі «Р» дыбысы жоқ
- «Р» дыбысы қайда кетті екен?
- Бізге «Р» дыбысы хат қалдырып кетіпті, ол хатқа өзінің «сиқырлы ойыншықтар дүкеніне» кеткенін жазыпты.
- Сен дүкеннің не екенін білесің бе?
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақрыбы «Дүкен»
- Мен саған дүкен туралы түсіндірейін.
Дүкен дегеніміз- адамдарға керекті заттарды сататын орын. Дүкендердің өздерінің сататын заттарына қарай аттары болады. мысалы мына дүкенді «киімдер дүкені» - деп атаймыз, ойткені онда адамдар киетін әр түрлі киімдер сатылады, біз киімдерімізді осындай киімдер дүкенінен сатып аламыз.
Ал мынау оқу құралдары дүкені, біз одан оқу құралдарын сатып аламыз.
Осы сиақты әр түрлі дүкендер бар. Ойыншықтар сатылатын жерді ойыншықтар дүкені дейміз. Дүкендегі заттарды сататын адамды, сатушы деп атаймыз.
- Сен өзің қандай дүкендерге барасың?
- Дүкенге барғанда не деп айтамыз?
- Дүкенге барғанда бірінші сатушымен амандасамыз, керекті затымызды алып болғаннан кейін, сатушыға рахмет айтып қоштасамыз.
- Олай болса екеуміз «дүкен» ойынын ойнайық, мен сатушымын, сен сатып алушысың.
- «Киімдер дүкені»
- Сатып алушы – сәлеметсіз бе?
- Сәлем! Жеңіс
- Дүкендеріңізде қандай киімдер бар?
- Кімге іздедің? әр түрлі киімдер бар
- Мамама көйлек алайын, ана сары көйлектің бағасы қанша?
- Мың теңге
- Маған сол көйлекті беріңізші?
- Мінеки алыңыз
- Рахмет, сау болыңыз.
- Келіп түр.
Жарайсың өте жақсы ойнадың.
Ал қазір біз сиқырлы ойыншықтар дүкеніне барып «Р» дыбысын алып келейік, сөздерді дұрыс оқу үшін бізге «Р» дыбысы қажет. Бірақ сиқырлы ойыншықтар дүкені өте алыста, біз оған поэзбен барайық.
Сергіту сәті:
Кәне, кімнің бойы үзын?
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Пш-пш-пш баста алға
Қарап қалма аспанға
Пш-пш-пш-пш-пш
Міне біз сиқырлы ойыншықтар дүкеніне де келдік. Бұнда көжек сатушы екен. Бұл дүкен басқа дүкендерден ерекше, себебі бұл сиқырлы ойыншықтар дүкені, бұндағы ойыншықтардың бәрі сөйлейді.
Қарашы ойыншықтардың бәрі шашылып қалыпты, «Р» дыбысы көрінбейді, көжекке мына жерді жинауға көмектесейік, сонда «Р» дыбысын тауып алармыз.
Көжек бізге ойыншықтарды мына сөрелерге жинауды айтты.
Ойыншықтардың аттарының басында «Р» дыбысы келетіндерін 1- сөреге, ал «Р» дыбысы ортасында келетіндерін 2- сөреге, «Р» дыбысы аяғында келетіндерін 3- сөреге жинауымыз керек.
- Мынау не?
- Сиыр
- Оны қай сөреге қоямыз
- 3- сөреге
- Не үшін 3-сөреге қоямыз?
- Үйткені «Р» дыбысы сөздің аяғында естіледі
- Дұрыс, бірақ сиырдың орынына арыстан жатып алыпты, ол өте ашулы, мына жұмбақты шешпесе сиырдың орынын бермейтінін айтты. Сиырға жұмбақты шешуге көмектесейік.
Жұмбақ шешу:
1.Жазу жазып, жалықпағн,
Жаза-жаза арықтаған.

2.Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты.

3.Алты қырлы,
Алтын сырлы.


Жарайсың өте дұрыс орындадың, сиыр саған рахмет айтып өз орынына барды. Ал арыстанның орынын көрсетейік.
- Арыстан 2-сөреге барады, үйткені «Р» дыбысы сөз ортасында келіп тұр.
- Арыстан да бізге рахмет айтып өз орынына барды.
- Мынау не?
- Ол робот
- Оны қайда қоямыз
- Бірінші сөреге қоямыз
- Робот бізден мына суретті бояп беруімізді сұрайды.
- Қандай әдемі боядың. Робот қуанып орынына билеп шықты, сен де саусақтарыңды демалтып, саусақ жаттығуын жаса. (қолдарын сілку, жұму-ашу)
- Ал қуыршақты қайтеміз?
- 2-сөреге қоямыз
- Қуыршақтың бауырсақ ертегісін тыңдағысы келіп тұр екен
- Сен бауырсақ ертегісін айтсаң қуыршақ орынына барып уйқтайды.
-
- Қуыршақ сен айтқан ертегіні тыңдап, ұйқтап қалды.
- Енді бір ойыншық қалды ол не?
- Шар
- Оны қайда қоямыз
- Үшінші сөреге қоямыз
- Шар сөреге симайды, іші желге толып тұр, ол өзінің ішіндегі желді шығаруға көмектесуімізді сұрайды.
- Кәне шарды жарып көрейік
- О, қарашы «Р» дыбысы шардың ішіне тығылып қалыпты.
- Міне біз көжекке көмектесіп ойыншықтарды жинадық
- және р дыбысымызды таптық.
- Көжек бізге рахмет айтып, сиқырлы сандық силады. Осы сандыққа отырып көзімізді жұмсақ болғаны ол бізді сыныбымызға жеткізеді екен. Ендеше көзімізді жұмайық (дүкенді алып тастау)
- Міне сыныбымызға да келдік, « р» дыбысын орынына қойып сөздерді оқйық,

- (роза, сиыр, қасқыр, ара, жапырақ) дәптерді ашып осы сөздерді дәптерге жазайық.
- Жарайсың енді үйден осы сөздерді жақсылап оқып келесің.
Қортынды: Жеңіс біз бүгін қандай дүкендермен таныстық?
- Киімдер, оқу құралдары, ойыншықтар т.б дүкендерімен таныстық.
- Қайда бардық?
- Сиқырлы ойыншықтар дүкеніне
- Не көрдік?
- Ойыншықтарды (сиыр, арыстан, робот, шар, қуыршақ )
- Қазір үйге немен қайтасың?
- Жайау
Сиқырлы сандықты ашып көрейік, мүмкін көжек саған силық берген болар.
О, сен сабаққа өте жақсы қатысқаның үшін, көжек саған әдемі машина беріпті. Сен енді үйге машинамен қайтатын болдың
Осымен сабағымыз аяқталды, саубол . Апайлармен қоштас. Тәрбие.орг сайтынан Дүкенде (Ашық сабақ) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейтқазы Бақытгүл

Пікірлер: 0

avatar