"Дәрігер Айболит бізде қонақта"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 807
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 20/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22967


Атырау облысы Құлсары қаласы
«Құлыншақ» ясли бақшасы
Тәрбиеші: Кобдикова Ақтоты Сисенбаевна
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу қызметі:Тіл дамыту
Тақырыбы: "Дәрігер Айболит бізде қонақта"
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық жасауға, талаптандыруды жалғастыру, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру, көңіл күйлерің көтеріңкі, қуанышты болуына жағдай жасау. Балаларды тазалыққа баулу жіне салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту, Желілі-рөлді ойынды өз беттерімен ұйымдастыру, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелігі: мейірімділікке, жауапкершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ-жауап, тақпақтар. Көрнекіліктер: Дәрігер халаты, құрал-жабдықтары, сүлгі, сабын, су, тіс щеткасы суреттері.
Билингвальды компонент: дәрігер – доктор
Мотивациялық қозғаушы
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын,
Достарымыз коп болсын.
Тәрбиеші: Балалар денсаулық тазалық кепілі, біздің тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуміз керек?
Балалар: Жаттығу жасаумыз керек, жуынып жүруміз керек, тісімізді тазалап, тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, денсаулықты сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіндер. Енді біз ауырып қалғанда кімді шақырамыз? Арамызда ауырып отырғандарын жоқ па? Бізге біреу есік қағып жатыр-ау деймін. Бұл кім екен? Дәрігер Айболитпа, кіріңіз мейірімді дәрігер, біз сізді асыға күтудеміз. Балалар бізге қонаққа дәрігер Айболит келді. Ормандағы ауырып қалған аңдарды емдеп енді бізбен танысуға және денсаулығымызды қарауға келген екен.
Дәрігер Айболит: Саламатсыздарма балалалар. Мен сендерге қонаққа келдим, мен аңдарды емдеп, енді сендердің денсаулықтарынды тексеруге келдім. Қазір мен сендердің күлімдеген көздерінді, қызғылт түсті бетерінді және әдемі күлкілерінді, тістерінді қарағым келіп тұр. Балалар қуана қарсы алады. Дәрігер айболит балаларға жақындап, олардың бастарын сипалап, денсаулықтарын сұрайды. Тісімізді таңертен және кешке тазалаймыз. Біз таңертен және кешке жуынамыз. Балалар сендер тістерінді тазалайсындарма? Жуынғанды жақсы көресіңдерма?
Балалар: иә
Тәрбиеші:Енді осы ережелерді ұстануда бізге қандай құралдар көмектеседі? Қанеки балдар көркем сөздер айтып корейік. Балалар тазалық құралдары туралы көркем сөздер айтады
Су: Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолды жу.
Тазалықтың досы –
Су дегенің осы.
Сабын: Сабындаған кезінде
Ашытады көзіңді,
Бола білсең төзімді,
Тап-таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы –
Сабын деген осы.
Сүлгі: Ақ мамықтай түгі бар,
Қызыл-жасыл түрі бар.
Жұмсақтығы мақтадай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы –
Сүлгі деген осы.
Тіс щеткасы: Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп.
Тазалаймын тісімді,
Жуынамын күтініп
-Балалар, біз тазалықтың достарымен таныстық. Бізге су, сабын, сүлгі, тіс пастасы, щеткасы өте керек екен, біз олармен қалай тазалануды білеміз.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып жұмамыз.
Онаң соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Дәрігер Айболит: Аңдарға күнде нүктелі жаттығу жасаймыз, ал сіздер жасайсыздарма? Әрине дәрігер біз күнде нүктелі жаттығулар жасаймыз.
1. Мұрын ұшын саусақ ұшымен айналдырайық
2. Қасымызды бармақмақпен айналдырайық
3. Құлағымызды саусақ ұшымен айналдырайық
4. Маңдайымызды саусақ ұшымен айналдырайық
Айболит: Жарайсындар балалар сендер жаттығуды жақсы біледі екенсіндер.
Қане балалар енді бәріміз ойын ойнайық. Д/о «Өз орының тап».
Балалар ойын ұнады ма? Келесіде тағыда ойнаймыз.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Дәрігер Айболит:Жарайсындар балалар, мен сендерге ризамын сол үшін сендерге тәтті дәруменім бар, мен енді кетейін аңдар мені күтіп жатыр, ал сендерге айтарым, өзімізді таза ұстайық, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болайық жаксы сау болыңыздар.
Тәрбиеші балалар бізге қонаққа кім келді?
Дәрігер Айболит орманда нелерді емдейді екен?
Балалар денсаулыққа қажетті құралдарды атап беріндерші?
Біз қандай жаттығу жасадық?
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Дәрігер Айболит - орман дәрігері, балалар денсаулыққа қажетті құралдарды және олардың қандай пайдасы бар екенін біледі.
Игерді: Нүктелі жаттығуды жасауды, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерді, қоршаған ортаны қорғай білуді.
Меңгерді: Денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы. Тәрбие.орг сайтынан "Дәрігер Айболит бізде қонақта" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кобдикова Актоты

Атырау облысы Құлсары қаласы «Құлыншақ» ясли бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar