Дәрігер бізді емдейді» ойын-сауық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 833
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 03/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22751


Тақырыбы: «Дәрігер бізді емдейді»
ойын-сауық

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Ганюшкино селосы

МКҚК «Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Исмагулова Сауле Ахметқызы

_Бекітемін:_____________
«______»__________________

№ 11 Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Блок:«Жанұя »
Апта тақырыбы. «Барлық мамандық маңызды,барлық мамандық керек»
Ай апта Қараша. IV-апта Мақсаты

Білім саласы
«Коммуникация»
«Таным»
Мамандықтар туралы түсінік беру,
әр түрлі мамандықтармен таныстыру.Есту зейінін жетілдіру,
сөйлеуді нақышымен айқын сөйлеу,заттың атынан әрекеттер жасай білуге үйрету,қоршаған орта нысандарына деген танымдық қызығушылықтыдамыту,адам еңбегінің қарапайым заңдылық
тары мен тәуелділіктері туралы түсінуге,еңбектің қоршаған өмір
дегі мағынасын түсінуге үйрету.
Балаларды еңбек түрлерімен таныстыруды жалғастыра отырып, зейінді, есте сақтауды, ауызекі сөйлеуді дамыту.Адамдардың еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған
оқу қызметі
Сөйлеуді дамыту
Жаратылыстану

Тақырыбы
« Дәрігер бізді емдейді»

Әдістер Әңгімелеу,таныстыру,түсіндіру, таныстыру,
ауызекі сөйлеу,ой-бөлісу,психологиялық дайындықсұрақ-жауап, сергіту.мадақтау

Көрнекіліктер
Мнемокесте,жұмбақ ,дәрігер құралдары

Қос тілділік
Мамандық-профессия,дәрігер-врач

Сөздік жұмыс
Мамандық
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері
-Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрыңдаршы.
-Нені сездіңдер?
-Дұрыс бұл алақан жылуы.Осы алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз айтып,жылулық білдірейік.
Бір-бірінің қолдарынан ұстайды,

Ұйымдастырушылық-ізденістік Суретті кестемен жұмыс.

-Балалар суретте қандай мамандық иелерінің еңбектері көрсетілген?
-Осы мамандық иелерінің ішінде біздің денсаулығымызды тексеретін,бізді
емдейтін кім ?
Ендеше бүгінгі оқу қызметімізде осы дәрігердің еңбегі жайлы әңгімелейміз.
Сөздік жұмыс:мамандық- адамның белгілі бір саладағы еңбегі.
Қостілділік: Мамандық-профессия,дәрігер-врач
Біздің ортамызда ақ халатты дәрігеріміз отыр екен.
Дәрігерді ортаға шақырып танысайық.
Дәрігер:
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Мен балалар дәрігерімін,менің есімім Диана.

-Мен өзіммен бірге дәрігерлік құралдарымды алып келдім.
Дәрігер құралдарымен балаларды таныстырады,
құралдардың не үшін қажет екенің әңгімелейді.

Тәрбиеші бір-екі баланың денсаулығын дәрігерге тексертеді.
-Міне,балалар дәрігер апайға рахметімізді айтайық.
Сергіту сәті:
1 деген де тұрайық,
2,3,4-алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Балалардың жауаптары

Суретті кесте арқылы мамандық иелерінің атқаратын қызметімен танысады.,

Балалардың жауаптары

Мамандық-профессия,дәрігер

Дәрігер құралдарына қызығушылық пайда болады.

Қимылмен орындайды.
Рефлексивтік
жинақтаушы
Суретті кестемен жұмыс:
Жұмбақтың шешуін табу арқылы кестені толтыру.
Сұрақ-жауап:
-Қандай мамандық иелерімен таныстық?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Дәрігер кімдерді емдейді?
Оқу қызметін қорытындылап,бекітеді.

Кестені толтырады.

Балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже
Білу керек Мамандық иелері туралы, дәрігердің қолданатын құралдарын;
Түсінеді Мамандық иелерінің атқаратын қызметін;
Қолдана біледі Мамандық иелері туралы қойылған сұрақтарға жауап бере біледі. Тәрбие.орг сайтынан Дәрігер бізді емдейді» ойын-сауық Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исмагулова Сауле Ахметқызы

Пікірлер: 0

avatar