Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 331
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21658


Білім саласы: Денсаулық
Білім бөлімі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Мақсаты:
1.Балалардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту;
2.Балалардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;
3.Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Көрнекіліктері: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер
ҰОҚ барысы:
1.Мотивациялық-қозғаушы кезең.
Балаларды түгелдеу, балалардың назарын ҰОҚ аудару
«Іскерлік»ойыны ойналады.
Мазмұны: топта бір бала журналист болып тағайындалады. Журналист кез келген балаға келіп, сұрақтар қойылады.
1. Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?
2. Салт-дәстүр туралы айтып берсеңіз?
Ой түйіндеу
Наурыз тойы
Бесікке салу
(интерактивті тақтада орындалады)
Психологиялық дайындық

Бүгінгі қызметімізде мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз:
1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
2. Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
3. Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?
- Балалар, өткен қызметімізде біз отбасы мүшелері туралы айттық.
Отбасы мүшелеріне не жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
- Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргені)
- Олай болса, балалар бүгін оқу қызметімізде «Салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
- Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( интерактивті тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)
- Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (Балалар ойларын айтады)
- Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.
ІІ. Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең.
Жаңа тақырып.
Кіріспе әңгіме: тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.
Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады.
Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды.
Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Фуик ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындаға қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «vita» сөзі(өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған.
А витамині сәбізді, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді. Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4-5 рет уақытылы тамақтану қажет.
1. «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады.
Мазмұны: Тәрбиеші балаларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Балалар көздерін ашқанда тақтада пияз, сарымсақ немесе лимонның суреті тұрады. Мысалы: 1 бала лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа балалар толықтырады.
Білімін тексеру: Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.

Дұрыс тамақтану Дұрыс тамақтанбау
1. Дәрумендерді пайдалану 1. Кола, фанта жасанды сусындар
2. Еттен жасалған тағамдар жеу 2. Көшеде сатылатын тағамдарды пайдалану
Балалар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбау туралы суреттерді көріп, пайдалысын қоршап, белгілейді.

Суретпен жұмыс:
Интерактивті тақтада суретті көрсетеміз. «Топтау» әдісі бойынша қаламның көмегімен жануартектес азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес азық-түліктерді екінші топқа бөлеміз.
ІІІ. Рефлексивті-түзетуші кезең.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

Тапсырманы кім жылдам орындайды? дидактикалық ойын арттыру бақылау күнделігіндегі тапсырмалар орындалады.
Ойынның қорытындысы анықталып, балаларды бағалауда ойын нәтижесі ескеріледі.
ҰОҚ қорытындылау.
Балаларды бағалау, мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жолдыбай Арайлым Мұратбекқызы

ОҚО Шымкент қаласы №60 "Тараз" балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar