Әдемі көбелектер

  • Жүктеулер: 33
  • Көрсетілім: 3432
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 26/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19127


Алматы облысы
Райымбек ауданы
Кеген ауылы
«Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасы

Білім беру саласы.Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Сурет
Тақырыбы: Әдемі көбелектер
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың қылқаламмен дұрыс жұмыс жасай білу
дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі түстерді қолдана отырып
губкамен жағу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық : шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелілік : шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаз, бояулар,қылқалам, су, қолорамал, тұғыр, губка,
көбелектің суреті, гүлдер.
Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, жұмбақ, тосын сәт, тәй-тәй технолгиясы
элементін пайдалану, әңгіме құраcтыру, тақпақ айту, ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы- қозғаушы компанент:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Қолдарын созып, бір-бірімен амандасады.
Суретпен жұмыс.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
Көктемнің қанша айы бар?
-Үш айы бар(наурыз, сәуір, мамыр).
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
Балалар: күн жылынады, құстар ұшып келеді.
Ендеше бейне таспадан көктем мезгілінің ерекшеліктерін тамашалап
алайық.(құстардың даусын, сарқыраған сулар, ұшып жүрген көбелектерді)
тамашалайды.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.
Жұмбақ.
Қаны жоқ, жаны бар,
Гүл іздеп сабылар.
Ол не?
Балалар: - көбелек.
Көбелектердің түстері қандай болады?
-Сары, қызыл, ақ, көкшіл түсті, қара ала көбелектер.
Тосын сәт:
Осы кезде топқа көбелек ұшып келеді(көбелек болып киінген бала)
Көбелек: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен кіммін?
Балалар: -Сәлеметсің бе, сен көбелексің.
Көбелек: Иә, мен көбелекпін, біз өте нәзікпіз, жаз мезгілінде өмір сүреміз.
Гүлден-гүлге қонып, гүлдің ішіндегі шырындармен қоректенеміз.
Гүлдің иісін мұртшалар арқылы сеземіз.Гүлдерге қонып, өсімдіктерді
тозаңдандырамыз.Тозаңданбаған өсімдік жеміс пен тұқым бермейді.
Балалар:- сәлеметсің бе көбелек.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Әдемі көбелектер» тақырыбында сурет
саламыз. Көбелектер бунақденелілерге жатады,олар бақшаның ішінде
гүлдің, шөптің арасында, ұшып-қонып жүреді.(бейне таспадан көрсету).
Көбелектің алдыңғы екі қанаты үлкен, артқы екі қанаты кішілеу болады.
Біз көбелектің суретін салып үйреніп алайық.
Балалар үш орталыққа бөлінеді.
1.Бейнелеу орталығында «Әдемі көбелектерді»қос бүктеу әдісімен салады.
2. Мүсіндеу орталығында «Көбелекті мүсіндейік».
3.Тіл дамыту орталығында « Сурет арқылы әңгіме құрастыру».
Жұмыстың орындалу реті.
1.Қылқаламды суға батырып, бояққа араластырамыз.
2.Бояумен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз,
әртүрлі түстерді кезекпен пайдаланамыз.
3.Қағаздың дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен
оң жақ қанатын беттестіреміз. Оны қолымызбен 1-2-3 деп
санап үстінен сипаймыз. Көбелектің қанатын ашамыз.
4.Губкамен жағу арқылы түрлі-түсті көбелектер саламыз.
2.Түрлі-түсті ермексазды пайдаланып көбелекті мүсіндейді.
Жеке баламен жұмыс жүргіземін, қадағалаймын, көмек беремін.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қылқаламды қояйық.
Көбелекке ұқсап ап
Оңға қарай бір ұшып,
Солға қарай бір ұшып.
Шарлайықшы жер шарын.
Тынығып біз болған соң,
Әдемі көбелек салайық.
Көбелек: Мен сендерді өзім мекендейтін гүлзарға қонаққа шақырамын.
Балалар гүлзарға келеді.
Көбелек: -Қараңдаршы қандай әдемі гүлдер.
Тәрбиеші: -Балалар бәріміз гүлдің жұпар иісін иіскейікші (балалар иіскейді).
Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Балалардың жұмыстарына баға беріліп, әр көбелек гүлдің үстіне
орналастырылады.
Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Тақпақ .
Көбелек.
Мен тимеймін,жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдап састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой көбелек.
А. Сарсеков.

Көбелек.

Көбелек-ау, көбелек,
Әдемісің керемет!
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой.
Т. Елеусізұлы.


Ақпын, сары, көкпін,
Түрлі-түсті көппін.
Жүрем өзім жайнап.
Арасында шөптің.
Көбелек балаларға рахмет айтып қоштасады.
Ойын «Көбелекті ұста».
Рефлекция: Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қонаққа кім келді?
-Ненің суретін салдық?
Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтап,
сабақты аяқтаймын. Тәрбие.орг сайтынан Әдемі көбелектер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жалтанбаева Нұрбахыт

Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы

Пікірлер: 0

avatar