« Әдемі түлкі »

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1618
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19525


Жамбыл облысы
Талас ауданы
Талапты ауылы
Дания балабақшасы
Нурумова Умия Зұлхарнайынқызы
Бейін оқытушысы

Топ атауы: « Айналайын »
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу іс – әрекеті: Бейін (сурет)
Тақырыбы: « Әдемі түлкі »
Мақсаты: - Жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру
- Үлпілдек жүнді түлкінің бейнесін салуға үйрету.Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін дамыту.
- Балалардың ой қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеті: - Сурет салу шеберліктерін жетілдіру.
Көрнекілігі: - Түлкінің суреті, орманның суреті, жабайы аңдардың суреті,
көрме тақтасы, түлкінің айнасы.
Билингвистикалық компанент: Түлкі- лиса, орман – лес

Инклюзивтік әлеумет: Ақбота мен Балаусаға қыл қаламды дұрыс ұстауға
уйрету.
Оқу іс - әрекеті Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс –әрекеті
Мотивациялық қозғаушы - Сәлеметсіздерме, балалар,
көңіл күйлерің қалай?
Өте тамашаІ
Балалар, бүгін бізге қонаққа әпкейлеріміз келіпті амандасайықшыІ
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Қазір қыс мезгілінің соңғы
айы.
Шаттық шеңбері.
Мынау менің – жүрегім,
Барлығы осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Өте тамашаІ
Бүгінгі оқу іс – әрекетімізге дайынбыз ба?
-Сәлеметсізбе
-Жақсы

Саламатсыңдарма

-Қыс

-Ақпан

Балалар бәрі бірге айтады
Ізденіс ұйымдастырушы

Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешесіндер ме?
Жұмбақ
Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері, айқай шу
Әрине дұрыс айтасындар, балалар.
-Ендеше, балалар түлкі туралы білетіндерімізді ортаға салайықшы
-Түлкі қандай аң?
Өте тамаша
-Балалар, түлкі қайда мекендейді
-Түлкі туралы қандай ертегілер білесіндер?



Жұмбақты дұрыс шешіп, ол туралы ойларыңды ортаға салдыңдар.Сендерге рахметІ Мына әдемі түлкіні сендерге сыйға тартамын.
Түлкі - Қазақстанның бүкіл аймақтарында кең тараған. Құлағы ұзын, салмағы 8-9 келі болады, құйрығы ұзын, жүні үлпілдек аң. Қорегі құстар, ұсақ кеміргіш тышқан және күзендер. Ал жазда жемістер, тәтті өсімдіктерді тамсана жейді. Осал жері аяғы қысқа, көп қар жауғанда омбылап жүре алмай қалады. Аңшылар жақсы атпен қарусыз шығып, 8 өрім қамшымен ұрып, соғып алып отырған. Атақты тұмақ осы түлкінің терісінен жасалған. Түлкіінің терісі қымбат, үлпілдек, түсі ашық сары, қызыл қоңыр түске өзгереді. Құйрығы ұзын болғандықтан жүрген ізін жасырып отырады екен.
-Ендеше, балалар мына суретке назар аударайықшы, не көріп тұрсындар?
-Орманға енді не жетіспей тұр?
Өзіміздің түлкіміздіқойайықшы.
-Түлкінің достары қайда? Ендеше, достарын да орналастырайық.
(музыкамен) түлкі кіреді. Айнаға қарап өз бейнесіне тамсанады.
Түлкі: Ой мен қандай әдемімін, құйрығым қандай керемет.
Ал мынау не заттар болды екен.
( заттарды ұрлайды)
Тәрбиеші: Балалар қу түлкі біздің сурет салуға арналған құралдарымызды ұрлап жатыр. Қане, бірге айқайлап тоқтатайық.
Түлкі: Сәлеметсіздерме балаларІ Ой сендер көріп қойдындар ма?
Түлкі жыламсырап: Мен мынау өз суретімді алайын деп тұр едім, алынбай жатыр.
Тәрбиеші: Онда айнада тек сенің өз сұлбаңды көріп тұрсың.Сен бізге сурет құралдарымызды қайтарсаң, әдемі үлпілдек жүнді, түлкінің бейнесін салып береміз.
Жарайды ма балалар.
-Сурет салу техникасын түсіндіріп үлгі көрсетеді.
-Қағазды умаждап, қыл қаламды бояуға батырып, оны түлкінің бейнесі салынған қағазға түсіреміз. Көзін, мұрнын, тұмсығын қара фломастермен салады.
Тәрбиеші: Балалар, енді салған суретімізді көрме тақтасына апарып саламыз. Оны түлкі өзімен бірге орманға алып кетеді.
Балалар, түлкіге салған суретімізді береміз бе?



Балалардың өзіндік жұмысын талд

Сергіту сәті.
Саусақтарын иіліп,
Билей, билей жөнелді.
Басбармағын, сұқ саусағым,
Қосып ұстап бояуды.
Ортаң терек, шылдыр шүмек,
Бүгіліңдер бәріңде.
1,2,3, жина күш,
Серігіп қалайық, серігіп алайық.
Бойымызға жинап күш.


Дидактикалық ойын.

« Түлкі қоймасына не тасиды »

Шарты: Параққа салынған түлкінің суретінің айналасында, жеміс – жидектер салынып тұрады, балалар өздері бір жеміс – жидекті таңдап бояйды.
ия

Түлкі

Жабайы аң,қу,айлакер.

Орманда,далада,тауларда.

«Түлкі» мен әтеш», «түлкі мен тауық», «түлкі мен қоян», «түлкі мен түйе»
Рефлексивті түзету -Балалар түлкі қандай аң?
-Түлкі қайда мекендейді екен?
-Түлкінің жүні қандай?
-Түлкінің құйрығы ұзын ба,әлде
қысқа ма?
-Бізге қонаққа кім келді?
Өте тамашаІ
Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, сендер түлкінің үлпілдек жүнін сала алдыңдар, қонаққа келген түлкінің ойынан шықтындар.
Сендерге көп – көп рахметІ
Бүгінгі оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқандарын үшін қыл қаламды сыйға тартамын.



Күтілетін нәтижелерІ
Жаңғыртуы: Сурет салудың дәстүрден тыс үйренуі.
Түсінуі: Жабайы аң түлкі туралы жалпы мағлұматтар білді.
Қолдануы: Үлпілдек жүнді түлкінің суретін бейнелей алады. Тәрбие.орг сайтынан « Әдемі түлкі » Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурумова Умия Зұлхарнайынқызы

Пікірлер: 0

avatar