Денсаулық зор байлық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 244
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21135


Алматы облысы,Ақсу ауданы , «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі м.д.ш.о».к.м.м , Бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова С.О


Сабақтың тақырыбы: Денсаулық зор байлық.
Сабақтың мақсаты:-Оқушыларға денсаулық сақтау маңыздылығын түсіндіру.
-Өз денсаулығын күтуге үйрету.
-Тазалыққа , әдемілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Суреттер, нақыл сөздер,АКТ

Сабақ барысы:- Ұйымдастыру.
-Дене тазалығын сақтау дегеніміз не?
- Гигиена дегеніміз не ?
-Дұрыс,бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.
- Сымбат дегеніміз не?
-Байлық дегеніміз не ?
-Денсаулық дегеніміз не ?
-Бақыт дегеніміз не ?
- Сұрақ – жауап:-Адам ақылды, мейірімді , білімді, бірақ, науқас. Ол адам бақытты ма ?
-Малы бар, ақшасы көп бірақ ауырады- бақытты ма ?
- Астында шетелдік машина, ақшасы көп ,бірақ, қатты ауырады. Ол адам бақытты ма ?
-Үш үйі бар, саябағы бар, ақшасы көп, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма ?
-Миллион доллар ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма ?
-Көктем мезгілі келгенде бойымызда әлсіздік пайда болып, тез шаршайсыңдар. Беттің терісі құрғап , ұйқы қанбайды.Себебі неде деп ойлайсыңдар ?
-Дұрыс,адам бойында қажетті дәрумендер жетіспеушілікке байланысты әлсіздік, шаршанқылық, теріміз құрғап, ұйқы қанбайды.Сол себепті түрлі дәрумендер мен ет тағамдарын жеу қажет.
-Адамға қажетті дәрумендері бар қандай жеміс- жидек, көкөністерді білеміз?
-Алма , жүзім, сәбіз, өрік, лимон,жаңқақ т.б./ АКТ
-Аталған жемістер мен көкөністерде қандай дірумендер бар? Мысалы: Лимонда С дәрумені........
-Аналарымен базарға бардыңдар.Базарда түрлі тәтті конфеттер мен тоқаштар және йісі мұрын жаратын жеміс – жидектер толып тұр.Бірақ, анаңда санаулы ғана теңгесі бар.Сендер нені таңдап алар едіңдер?
-Ей балалар, балалар.
Аман сау сендер болыңдар.
Тәтті кәмпит орнына.
Алма сәбіз алыңдар.
Ақылды бол, мықты бол,
Дәрумендермен дос болыңдар.
Қорытынды:- Деніміз сау , құрыш білектей, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам өміріне қажетті денсаулықты сақтап жүрелік,балалар. Тәрбие.орг сайтынан Денсаулық зор байлық Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукажанова С.О

Пікірлер: 0

avatar