"Денсаулық - зор байлық"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1124
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 30/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23136


Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Шарипбаева Динара Акжоловна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№8 "Ботакөз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Тақырыбы: Денсаулық - зор байлық

Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»-деген қағидаларды бала бойына сіңіру.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу,

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, қанатты сөздер, мақтау қағаздары, балық, моншақ, құрсау, доп.

І Ұйымдастыру кезеңі

Әуен ырғағымен балалар залға кіреді. Шаттық шеңбері өлеңі айтылады. (Балалар өлең сөзіне сай қимылдар жасайды)

Жазда ықпай ыстықтан,
Қыста бұқпай суықтан.
Айналысып спортпен,
Біз боламыз шыныққан
Жазда суда жүземіз,
Құмда күнге күйеміз,
Жалаң аяқ жүреміз.
Қыста қызып денеміз,
Коньки,шаңғы тебеміз.

Тәрбиеші: Балалар, адамдардың көңілді, әдемі жүруі неге байланысты?

Балалар: Денсаулыққа

Тәрбиеші: Әрине, дені сау адам бақытты адам. Дені сау болуы үшін өзін-өзі күтеді. Жазы, қысы шынығады. Егер сендер де тазалықты сақтап, денелеріңді шынықтырсаңдар, шипалы өсімдіктерді пайдалансаңдар салауатты өмір сүресіңдер.

ІІ «Ой қозғау» кезеңі

1) Музыка әуенімен қорлдарына түрлі–түсті лента алып жатттығулар жасайды.

2) «Әдепті бала және салақ бала» суретпен жұмыс.

Сұрақ:

а) Әдепті бала туралы әңгімеле

б) Ал салақ бала қандай?

в) Саған қай бала ұнайды?

Балалардың жауабы

3) «Балабақшадағы күн тәртібім». Балабақшада күні бойы не істейтіндігі туралы әңгімелесу.

4) «Маған керек дәрумен»Үстел үстіндегі суреттерден дәрумендері бар ,денсаулыққа пайдалы дегендерін ажыратып тақтаға ілу.

ІІІ-бөлім Тақпақтар:

Жұлдызай: Ашытады көзіңді,
Сабындаған кезіңде
Бола білсең төзімді
Тап-таза етер өзіңді
Хормен: Тазалықтың досы
Сабын деген осы
Гауһар: Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Хормен: Тазалықтың досы
Сабын деген осы
Перизат: Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Тазалап жу екірет

Сергіту сәті: Жуып жеймін үнемі
Алма, алмұрт, шиені
Суды жақсы көремін
Тазалықты сүйемін

ІV-бөлім: Көңілді ойындар

• Су түбінен маржан тас жинау. (Жерге ірі моншақтар шашылады балалар соны жинайды.)
• «Балық аулау»
• Үрленген құрсауға отырып белгіні айналып келу

Кім көп ұпай жинаса,кім бірінші келсе сол балалар марапатталып, мақтау қағазы беріледі

V-бөлім: Доп арқылы тілек тілеу

VІ-бөлім: Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар: Балалар жэауабы

Тәрбиеші: Не туралы айттық?

Балалар: Балалар жэауабы

Тәрбиеші: Олай болса балалар,бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің де денсаулықтарың мықты болсын, әр кезде күліп жүріңдер.

Сау болыңдар! Тәрбие.орг сайтынан "Денсаулық - зор байлық" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шарипбаева Динара Акжоловна

ОҚО Шымкент қаласы №8 "Ботакөз" бөбекжай-балабашасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar