"Денсаулық-зор байлық!"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 470
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23665


Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Улыкпанова Сарсенкул Альхановна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім саласы : “Денсаулық”
Бөлімі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Тақырыбы : “Денсаулық - зор байлық”
Мақсаты : Балаларды табиғатты сүюге,табиғат күшімен ауруларды жеңуге үйрету. Нүктелі массаж пайдасын түсіндіруге, балдың сиқырлы күшін тануға ,шәйға,сүтке қосып емдік қасиетінен жөтел, тұмау ауруларынан емделуге болатындығын түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер: Драматизация ойын арқылы.
Көрнекілігі: Ханшайымның сарайы , бал арасының үйшігі .
Үлестірмелі құрал : Массаж доп-тікенектері, бояу , ақ қағаз қыл-қалам .
Билингвизм : Ара-пчела , бал-мед , дәрігер-доктор
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет:
Тәрбиеші балалармен бірге сиқырлы ертегілер еліне келеді . Шеңбер болып тұрады.(Топ ертегілер елі болып безендірілген) Тәрбиеші балардың көңілін әдемі сарайдың қасында отырған ханшайымға аударады .
Ұйымдастырушы-ізденуші қызмет:
Ханшайым көңілсіз отыр. Кх-кх-кх деген жөтел дыбыстарын естиміз . Ханшайымның тамағы аурып , жөтеліп қалыпты .
Тәрбиеші: Ертегілер елінің ханшайымы аурып қалған-ау . Қарандаршы мазасы жоқ , көңілсіз жөтеліп отыр . Біз оған көмегімізді берейік . Жарайма балалар?
Біреу аурып қалған жағдайда біз кімді шақырамыз ?
Иә , мен дәрігерге қоңырау шалайын.
- Алло, Дәрігер ағай , сәлеметсіз бе?
Ханшайым жөтеліп аурып қалды тез-тез бізге келіңіз.
( Дәрігер келеді , ханшайымды қарайды , тамағын қарайды , фанедоскоппен тыңдайды , басын шайқайды )
Тәрбиеші: Дәрігер ағай не
істейміз ? Айтыңыз !
Тәрбиеші:Нүктелі массажды біз күніге жасаймыз сондықтан да ауырмаймыз,біздің балалар ханшайымға оны үйрете алады .
“Нүктелі массаж” Сиқырлы тікенектерді қолымызға ұстап , алақанға массаж жасайды.
Тәрбиеші: Бал ? Балалар бізге кім жасайды ? Ал қазір жыл мезгілі қандай ? Ара күзде не істеді?
(Араның ұясы ортада тұр)
Тәрбиеші: Балалар , араның ұясын көрдіңдерме ?
Біз араны оятайық , аяғымызбен тарсылдайық!
Ара оянбайды.
Тәрбиеші: Қолымызбен шапалақтайық , жаңбыр болып біз жауайық !
Ара оянбайды.
Енді не істейміз ? Көмекке жыл мезгілдерін шақырайық. Олар бізге келу үшін , оларды біз атайық.
Жыл мезгілдері келеді . Сәлемдеседі . Бізге араны оятуға көмектеседі .
Тәрбиеші: Онда табиғатпен сәлемдескенімізді көрсетейік .
“Біз шыныққан балақай Табиғатты сүйеміз Айналаға біз қарап Бәріне сәлем береміз Күнге,бұлтқа,ашық аспанға ! Гүлге,талға,кішкене жапыраққа! Сәлем береміз”
Ал енді ара әнін бізге үйретіңіз .
Балалар жыл мезгілдеріне қосылып ара әнін з-з-з-з-з айтады.
Ара оянады.
Ара бізге бал керек . Бал беріңізші!
Тәрбиеші: Біз сиқырлы елде болғандықтан , күн суық болса да гүлдің суретін бояп берейік . Осы сиқырды гүлден ара бізге бал жинап берсін , ара бола ма?
Сурет: Трафаретпен салынған гүлдің суретін бояумен бояу .
(Жеке жұмыс)
Боялған гүлдерді ортаға,алаңға қояды. Ара гүлдің арасынан жүгіріп,ұшып екі шелегіне бал жинайды.
Балды жинап , ханшайымға және балаларға береді .
Тәрбиеші балды шәйға қосып ханшайымға ішкізеді . Ханшайым жазылып келеді .
Рефлексивті-түзетуші қыземт:
Тәрбиеші : Араға рахметін айтамыз, ол өз үйшігіне қайтып оралады , ұйықтайды. Жыл мезгілдері де қоштасып кетеді.
Дәрігер : Сау болыңыздар , ауырмаңыздар деп қоштасады .
Біз де ханшайыммен қоштасып , бүінгі көрген,естіген қызық саяхатымыздан алған білімімізді қортындылаймыз.Бала-бақшаға қайтамыз.
Күтілетін нәтиже :
Түсінеді: ауруларға қарсы профилактика жасауға болады.
Жаңғыртады:Нүктелі массажды жасай алады.
Қайталайды:Алған білімді айтып,түсініп қайталайды . Тәрбие.орг сайтынан "Денсаулық-зор байлық!" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Улыкпанова Сарсенкул Альхановна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar