«Достық бекетінде»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 410
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22853


«Достық бекетінде»
ұйымдастырылған оқу-қызыметі

Білім беру салалары: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет».
Тақырыбы: «Достық бекетінде»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау. Қарапайым математикалық ұғымдағы дидиактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Балалардың танымдық қабілетін дамыту, сөздік қорларын байыту
Дамытушылығы: Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу.
Тәрбиелілік: Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа , бірлесіп жұмыс істей білу, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту, қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, қойылым арқылы,
Қостілдік компонент: Түйе-верблюд-сamel, сиыр-корова-сow, мысық-кошка-сat, ит-собака-dog, көктем-весна-spring.
Құрал жабдықтар: Пошташы, мысық пен күшік кейіпкерлері, ҚМҰҚ тапсырмаларынан 8 картиналар, бекеттен слайд, тақта, диск, үй жануарларынан суреттер, үйшік, қуыршақ театрының қуыршақтары, ширма, автобус макеті, нодбуг.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт:
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
Ал, балалар бәріміз.

Шаттық шеңбері
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!

- Балалар бүгін бізде тамаша сәт өйткені бізге көп қонақтар келді, қонақтармен де амандасайық.
- Сәлеметсіздерме, қонақтар!
- Балалар , қараңдаршы күн қандай керемет иә. Бүгінгі күні біз сендермен бірге бір – бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайтын боламыз.
- Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын!» деймін.
- Неше жыл мезгілі бар? (төрт)
- Қандай? (қыс, көктем, жаз, күз)
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
- Көктем сөзін 3 тілде (көктем-весна-spring (спрэң))
- Көктемде ауа-райы қандай болады? (жел, жаңбыр, салқын, жылына бастайды)

Тосын сый:
(Есік қағылады. Ортаға шаршап келген пошташы кіреді)

Пошташы: Ой, әйтеуір тауып жеттім бе! «Балапан» тобы деген сіздер екенсіздер ғой. Менің шұғыл түрде сіздерге жеткізген хабарым бар, яғни берешегім.
(Мына зат сендерге – деп пошташы тәрбиешіге хабарнаманы тастап асығып кетіп қалады кетеді, тәрбиеші пошташы әкелген хабарнаманы әкеліп, оның ішінен таспаны тауып алады)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мына жерде таспа бар екен. Кәнекей, көрейік
(Бейнетаспада мысық пен күшіктің суреттері көрсетіледі.Тәрбиеші әр слайдты сөйлетеді)
1-слайд: мысық пен күшік сондай дос болыпты, мысық досы күшікке гүл шоғын ұсынуда.
2-слайд: күшік досы мысыққа жүрек тәрізді шар ұсынуда.
3-слайд: ой, балалар күшік пен мысық өзді-ара ұрысып жатыр ғой, ренжісіп қалыпты.
4-слайд: екі дос гүл мен шарды лақтырып тастап, екі жаққа кетіп барады.
5-слайд: екі достың бір-біріне сыйлаған сыйлықтары екі жақта қалды, өздері кетіп қалыпты.
Ендеше, біз бұл мәселеге үлкен шара қолдануымыз керек. Яғни, мысық пен күшікті достастыруымыз керек. Ал, ендеше уақытымызды жоғалтпайық. Достық бекетіне мен сендерге автобуспен мінуге ұсыныс жасаймын.

(Тәрбиеші балалармен бірге автобусқа мініп достық бекетіне келерде телеэкранмен үй жануарларының суреттерімен жұмыс жасап, тақпақтар айтады )
Тәрбиеші: Балалар, көңіл – күйлерін қалай?
Балалар: Керемет
Тәрбиеші: Балақайлар қараңдаршы, мына автобуста кішкентай телеэкран бар екен. Кәнекей, көрейікші.
- Ой, қараңдаршы мына жануарларды. Балалар мынау қандай жануар? Бұлар нелер
Балалар: Бұл – үй жануарлары.
(Слайд арқылы суреттер көрсетіледі)
Жылқы
Ешкі
Қой
Түйе-Верблюд-Camel Кэмол (3 тілде)
Сиыр-Корова-Cow Кэоу (3 тілде)

Тәрбиеші: Ал, сендер үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Хормен
Сүт бердім ботаға,
Шөп бердім бұзауға.
Жем бердім қозыға,
Су бердім құлынға.

Шөре,- шөре лағым,
Тентек болма шырағым!
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
АЯЛДАМА


Тәрбиеші: Міне, тамаша! Достық бекетіне келіп қалыппыз.
(автобустан балалартүсіп, үйшіктің қасына келеді)

Тәрбиеші: Қараңдаршы, балалар мынау алдарыңдағы мысық пен күшіктің үйшігі екені белгілі болды. Бір бөлмесі күшіктікі, бір бөлмесі мысықтікі екен.Кәне балалар мысық пен күшікті орыс тілінде шақырайықшы КОШКА И ЩЕНОК . Жоқ балалар естімеген сияқты, мүмкін бізді түсінбейтін шығар. Олай болса ағылшын тілінде шақырайық CAT AND PUPPY
Күшік- щенок-puppy Попей
Мысық – Кошка – Cat Каат
Олар үйлеріне әлі келмепті слайдта көргендей олар әлі ренжісіп жүргендей, олардың гүлдері мен шарлары да осы жерде қалыпты.
Тәрбиеші: Айша күшік пен мысықты өз тақпағыңмен шақыра қойшы.
Күшік, мысық достарым,
Бекетке біз келдік.
Кәне, мында келіңдер,
Ойын-сауық құрыңдар.

1-тапсырма: КҮШІК
Тәрбиеші: Балалар мысық пен күшік жақын жерде жоқ сияқты, біз олардың бөлмелеріне барып көрейін. Рұқсатсыз кіргенімізге олар ренжи қоймас, келгенде кешірім сұрармыз.
Ооо, күшіктің бөлмесінен мен мынадай плакат таптым, ол не екен байқап көрейік. Күшік былай деп тұр. Суреттен пішіндер мен түстерді ажыратып беру керек депті.


2-тапсырма: МЫСЫҚ

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар күшік естіп тұрған шығар. Енді мысықтың бөлмесіне барып көрейік.
Аааа, мысықтанда плакат шықты бұнда 4-ші артық затты тап және бір сөзбен қалай атайды соны табу керек делінген.


3-тапсырма: КҮШІК
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар мысық та естіп тұрған болар біздің тапсырманы дұрыс орындағанымызды. Енді тағы күшіктің бөлмесін қарайық.
Дааа, күшік айтады менің оң жағымда қандай ойыншықтар орналасқан?
Балалар оң жақта қуыршақ, доп, шарлар.
Енді сол жағымда қандай ойыншықтар орналасқан делінген.
Балалар сол жақта машина, кубиктер, қолшатыр.



4-тапсырма: МЫСЫҚ
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар. Енді мысықта қандай тапсырма бар екен көрейік. Мына плакатта мысық айтады жуан заттарды көрсетіңдер, жіңішке заттар қанша екенін табу керек депті.
Жуан-сары қарандаш біреу, қоңыр қалпақты саңырауқұлақ біреу.
Жіңішке – түрлі-түсті көп қарандаштар, қызыл қалпақты көп саңырауқұлақ.


5-тапсырма: КҮШІК
Тәрбиеші: Дұрыс-ақ балалар, енді күшікке барайық. Дааа, балалар күшік былай дейді менің жоғарымда нелер, төменде нелер орналасқан соларды атап беріңдер депті.
Жоғарыда- ұшақ, торғай, күн.
Төменде- гүлдер, ағаш,саңырауқұлақтар.



6-тапсырма: МЫСЫҚ
Тәрбиеші: Күшіктің бұл тапсырмасында жақсы орындадыңдар, енді мысық не дейді екен, көрейік. Оххоо, мына картинада не артық дейді?
Атау және бір сөзбен қалай аталуын сұрау.
Аспаптар –домбыра, қобыз, асатаяқ.
Әшекей – сырға.



Үйдің алдына дискі тауып алады.
СЕРГІТУ СӘТІ

7-тапсырма: КҮШІК
Тәрбиеші: Күшік киіз үйде болыпты сонда барғанда санаудан жаңылыпты. Мына картинамен жұмыс жасайық. Не біреу? Нелер көп?
Біреу- киіз үй, күн.
Көп- қозылар, құстар (қозыларды санату)


8-тапсырма: МЫСЫҚ
Тәрбиеші: Балалар мысық күн тәулік мерзімін ажыра білуден қиналған сияқты. Біз дұрысын атап көрейікші.
Тәңертең, күндіз, кеш, түн.



(Осы сәтте қасқырдың ұлыған дауысы естіледі, ширмадан қасқыр, түлкі, қоян көрінеді)

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме! Ой, мына жерде жабайы аңдар бар екен ғой. Иә, сендердің айтарларың бар сияқты ғой.

АҢДАР ТАҚПАҚ АЙТАДЫ.

Мен түлкімін,түлкімін,
Айналанаға тыңшымын.
Қутыңдаймын билеймін,
Маған қарап жүр деймін.

Қасқырмын орманда жортамын,
Аяздан менде қорқамын.
Аспанға қарап ұлимын,
Ауылда малды торимын.

Әппақ, аппақ ақ қоян,
Сондай үркек, сақ боламын.
Тиіспеңдер қорқамын,
Белден бірақ асамын.
ХОРМЕН:
Біз аңдар достармыз, достармыз,
Тамаша, тамаша жұптармыз.

Тәрбиеші: Неткен көңілді аңдар едіңдер, рахмет сендерге. Біз мысық пен күшікті іздеп жүр едік қой. Таба алмай қойдық. Егерде сендер оларды көріп жатсаңдар, оларға «Балапан» тобының балақайлары сендерді іздеп келді деп хабар бере салыңдаршы. Рахмет!
(Ширма жабылады, аңдар кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, қазір ортаға мысық пен күшік келіп қалулары мүмкін. Себебі біз оларға хабар айттық. Олар бізді көріп ренжуі мүмкін ғой. Кәнекей, оларға арнап біз кілемше жасайықшы.

БАЛАЛАР ТӨРТ ТОПҚА БӨЛІНІП, КІЛЕМШЕНІ БОЯП, ҚАҒАЗ ЖАПСЫРАДЫ.

ОРТАҒА КӨҢІЛДЕРІ КӨТЕРІҢКІ КЕЛЕ ЖАТҚАН МЫСЫҚ ПЕН КҮШІК КЕЛЕДІ.

Тәрбиеші: Бәрекелді күшік пен мысық. Біз сендерді көргендерімізге өте қуаныштымыз. Бізге сендер ренжісіп қалды деген хабар келді.
Мысық: мяуу, күшік қой менің берген гүлімді жаратпай қойды.
Күшік: Жо, жоқ. Олай емес. Ол менің шарымды алмаймын деді.
Тәрбиеші: Олай болмайды, достар бір-бінің сыйлығын құрметтеу керек.
Мысық: Біз енді түсіністік.
Күшік: Иә, солай татуластық.
Тәрбиеші: Мысық, күшік сендер сондай ақылды екенсіңдер сендердің рұқсаттарыңсыз үйлеріңнен көптеген білімдерді таптық.Ренжімейсіңдер ме?
Мысық: Жооқ, балалар біздердің достарымыз ғой.
Күшік: Ренжімейміз өйткені бізді сендер көп күттіңдер ғой.
Тәрбиеші: Рахмет сендерге біз сендерге мынындай кілемше дайындадық, сендердің осылай тату, дос болып жүргендерін көзімізге қуаныш әкеледі. Ешқашанда ренжіспеңдер, әрқашанда тату болып, бір – бірлеріңді сыйлаңдар. Себебі достық деген ғажайып нәрсе.
Мысық: Рахмет сендерге.
күшік: Жоқ біз тату боламыз.
Тәрбиеші: Ал, енді біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келген сияқты. Сау болыңдар!
БАЛАЛАР ТӘРБИЕШІМЕН БІРГЕ АВТОБУСҚА МІНІП БАЛАБАҚШАҒА ҚАЙТАДЫ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз қайда бардық?
Балалар: Достық бекетіне.
Тәрбиеші: Автобуста біз не көрдік, қандай тапсырма орындадық.
Балалар: Үй жануарларын көрдік.
Тәрбиеші: Біз балалар неге куә болдық?
Балалар: Мысық пен күшіктің татуласқанына.

Авторы: Сыздықбаева Жұлдызай Нағыпбарқызы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші Тәрбие.орг сайтынан «Достық бекетінде» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сыздықбаева Жұлдызай Нағыпбарқызы

Пікірлер: 0

avatar