"Достық фестивальі"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 367
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22581


Тақырыбы: "Достық фестивальі".
1- мамыр бірлік кұніне орай ұйымдастырылған ертеңгілік
1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық» фестивальімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
2-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Жадыра Амангелдіқызы. Ендеше, апай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз. /мерекелік лебіз/
1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Айта бергім келеді, айта бергім.

1-жүргізуші: Биыл Ұлы Жеңісімізге 70 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 70 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізден шашу шашайық.
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі апайға беріледі. /мерекелік лебіз/
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз.
2-жүргізуші: Осы ұлттар өзара сайысқа түседі. Сайыста ұлттық киімге, ұлттық биге, ұлттық тағамға баға беріледі. Сайыстың әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. 2. 3.
1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары, 2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Төбемізде бір аспан. Ортақ жердің байлығы.
Барлық ұлттың баласы, Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Грузин ұлтына сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
2-жүргізуші: Сөз кезегін украин ұлтына береміз.
2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті Орыс ұлт өкілдеріне береміз.
2-жүргізуші: Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
2-жүргізуші: Ортаға цыган халық өкілдерін шақырамыз.
2-жүргізуші: Республикам менің, Республикам менің, Абатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
1-жүргізуші: Сөз кезегі каріс ұлт өкілдеріне беріледі.
1-жүргізуші: Тілегі бір, Жүрегі бір.
2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Достармен біз біргеміз.
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Туыс барда құрыштан да,
Қайталанып, жаңарып айтылады
Берік біздің іргеміз!
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,
1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Талпынған әр уақытқа.
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Бала біткен дос-бауыр,
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Болмасын еш тосқауыл!
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүргізуші: Ән «Қазақстаным менің!»
1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Салиқалы шешім қабылдап, әділ баға берер деген ниетпен сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2- жүргізуші: бүгінгі байқауымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Өркендеріңіз өсіп, армандарыңыз биік шыңға жетелесін!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!
1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық » фестивальіміз аяқтаймыз.
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан "Достық фестивальі" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кудайбергенова Шара Муратовна

Пікірлер: 0

avatar