достығымыз бірлікте

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 866
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 21/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19083


Тақырыбы: «Достығымыз бірлікте!»
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
(Ән ұран орындалады.)
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Достығымыз бірлікте!»
атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
(«Елім менің» атты ән орындалады)
Жүргізуші: - Балалар, қараңдаршы бүгінгі мерекемізге орай бізге қонаққа өзге ұлт өкілдер келіпті. Қане, амандасып алайық.
Қазақ – ассалаумағалейкум.
Өзбек – салом.
Қытай – ни хао!
Орыс - здраствуйте.
Ал енді, балалардың достық күніне арнаған өнерлерін тамашалайық.
Шархан: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Нұрислам:Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Эльдар: Келді мамыр көркем ай,
Гүл өсті қыратта.
Қуанып ту алып,
Шықтық біз парадқа.
Ханшайым:Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Санжар: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Еркеназ: Күнде күліп қарайды,
Парадтағы көп елге.
Көк туым арайлы,

Желбірейді төбемде.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз.»
Би: «Шығыс биі»
Жүргізуші:1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні. 1995 ж наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі – Қазақстан халықтары ассамблиясы құрылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазіргі кезде Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату- тәтті жарасымды тіршілік кшіп келеді.
Ендеше, ортаға Нұрайлым, Меруерт, Медеу, Мағжан, Қ.Нұрасылды шақырамыз.
Нұрайлым:Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Меруерт: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Медеу: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Мағжан: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
Қ.Нұрасыл: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Жүргізуші: «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін – дей келе достық әнімізді шырқайық.
Ән: «Дос болайық бәріміз!»
Ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Шарты: көрсетілген әрбір ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Жүргізуші: Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Ақындар күй шертеді махаббаттан,
Туған жерге, отаныма шуақты.
Би: «Испан биі»
Ортада: Жандос, Ислам, Ернар, Айгерім, Айару, Гүлайым.
Жандос: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Ернар:Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ислам: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Айгерім: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Гүлайым: Здраствуйте праздник Первомай!
Звончи песни распевай.
Чтоб везде на свете,
Пели с нами дети!
Жүргізуші: Қытай, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет,далаға шық!
Ортада: Нұрмәди, Жания, Ақсұңқар
Нұрмәди:Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Жания: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.
Ақсұңқар: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Енді қытай ұлтының биін тамашалайық.
Би: «Қытай биі»
Жүргізуші: Мамырдың бірі достық күні,
Ән салып,билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Ән: «Ақкөгершін»
Би: «Достық биі»
Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болы ңыздар! Тәрбие.орг сайтынан достығымыз бірлікте Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: елеусизова айсулу

арал ауданы камыстыбас ауылы нурай балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar