Ә дыбысы және әрпі.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 453
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20637


Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:11.11.2016ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы:Ә дыбысы және әрпі.
Мақсаты:Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту. Әдемі жазу дағдысына үйрету.

Іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.

Негізгі бөлім.

Дәптермен жұмыс.

Рефлексивті түзету Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең «жұлдыз» болсын
«Әріп тастамақ» ойыны арқылы өткен әріптерін қайталау, сол әріпке сәйкес сөздер ойлап айту.

Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
Алғашқы естіліп тұрған дыбыс?
Ә дыбысы ә әріпімен таңбаланады. Сөздің басында және ортасында кездеседі.
Тәрбиеші ә әрпін әріп кассасынан алып, балаларға көрсетеді. Ә дыбысын айту кезінде жақ кең ашылып, иек төмендейтінін айтып, оны өзі дауыстап айтып көрсетеді, яғни артикуляциялық жұмыс жүргізеді.
-Балалар ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аламыз?
-Жарайсыңдар. Олай болса «Әлди бөпем» әнін үйренейік.
Әлди-әлди бөпешім,
Ұйықтай қойшы көкешім.
Бармақтарың майысып
Ұста болар ма екенсің?
Күйші болар ма екенсің?
Әже, әке, пітер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ә дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ә дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.
Тәрбиеші ә дыбысын ауада жазып көрсетеді, содан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Сабақты бекіту:


• Біз қандай дыбыспен таныстық?
• Ол қандай дыбыс?

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардыжұлдызшамен мадақтаймын

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар жауабы

әтеш
ә дыбысы

Ә дыбысымен танысады.

Тіл жаттықтырады.
Әнді бірге шырқайды

Тапсырмаларды орындайды.

Балалар жауабы Тәрбие.орг сайтынан Ә дыбысы және әрпі. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омарова Алмагуль Мирасбековна

Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы "Октябрь орта мектебі" ММ Даярлық сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar