Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"«Джунглиге саяхат». "
  • 30.03.2016
  • 532 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18270

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Денсаулық» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Дене шынықтыру. Музыка
Тақырыбы: «Джунглиге саяхат»
Мақсаты:Балалардың денелерін шынықтыру,саяхатқа деген қызығушылық ынталарын арттыру,Джунглидегі тіршілік туралы түсініктерін кеңейтіп,музыка ырғағына сәйкес қимыл-қозғалысты орындауға,ойындардың шартын сақтап бірге ойнауға,дене шынықтыруға,музыкаға деген қызығушылықтарын дамыта отырып тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:би қимылдарын үйрету,музыканы тыңдатып,ойын шартын түсіндіру. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,қайталату.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:төсеніш,арқан батуттар,шығыршықтар,слайд,ұнтаспа.
Билингвизм:Керік-жираф,піл-слон
Әрекет кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Музыка әуенімен саппен кіріп,жарты шеңбер жасап тұрады
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне көп қонақтар келген екен, бірінші келген қонақтармен амандасып алайық.
Көңілді адымдап,
Жүріп келеміз.
Көріп достарды,
Сәлем береміз.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру.
Мерекеміз сыйласын,
Жарқын көңілді.
Сендерге бір жұмбақ айтайын сендер шешуін табыңдар.
Жұмбақ:
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбыгып
Ұйтқып боран соғады
Балаларым айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
Слайд №1Қыс.
-Дұрыс, қазір жылдын қыс мезгілі,күн салқын,аяз,айнала аппақ, күртік қар,ағаштар ақ көрпеге оранғандай.Бір сәт жылы жаққа барғыларын келеме,жер шарының картасына назар аударып қарайық,жасыл түспен белгіленген жерлер Джунгл, Джунгли Африкада,Антрактидада Үндістанда бар
Олай болса жолға шығуға дайындалайық. Саппен кіріп,шарты шеңберге тұру.

Амандасу.

Орындарында адымдау,
көрсету,қол бұлғау,тұру,
саппен жүру,тізбек
ке жиналу.

Қыста
Ұйымдастырушылық ізденістік I-бөлімКіріспе
Музыка әуенімен төсеніш үстімен,
-аяқ ұшымен,өкшемен,жанымен,ішімен,
-қолды тізеге қойып еңкейіп,
-шеңберге бұрылып оңға,солға
жүру,бір қырын жүгіру,саппен келіпүш қатарға бөліну,мен сендерге поезбен баруды ұсынамын.
ІI- бөлім.Жалпы дамыту жаттығулары
«Зелененкий вагончик» әнінің әуенімен би қимылдарын орындау.
1.Орындарында тұру ,әуенмен оң қолды жоғары көтеру,оң қолдарын бұлғау,артқа айналу,сол қолды көтеру,екі қолдарын көтеріп бірге бұлғау.
2.Қолдарын айқастырып ұстап ,төмен түсіру.
-оңға бұрылу,алға,
-солға бұрылу,алға
-қолды айналдыру,
-қолды айналдыру
3.Қолдарын сермеп,орындарында айналу.
-оңға қарай 2-рет
-солға қарай 2-рет
4.Қолдарын белдеріне ұстап тұру.
-Оң жаққа қарау,қалыпты жағдай
-сол жаққа қарау,қалыпты жағдай.
-қолды айқастырып шайқайқау,
-қолды айқастырып айналдыру
5.Қолдарын бүгіп,аяқтарын жинап тұру.
-ортаға адымдап жиналу,
-жанға адымдап орындарына бару
6.Орындарында секіру.
7.Алға-артқа жүру
8.Жиналу
-бір-бірінің иықтарынан ұстап, оң қолдарымен қол бұлғап бір саппен жүру.
Слайд№2 Джунгли. Жануарлар.
-Міне біз Джунглиге келдік,күн жарқырап,айнала жасыл ну орман,ашық жазық дала қандай әдемі,әртүрлі жабайы жыртқыш аңдар,сыңғырлаған дауысты сұлу тотықұстар.
Джунгиден біреу байланысқа шыққысы келіп жатқан сияқты.
Маймыл-видео
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.
-кедергіден аттап,допты қақпаға домалату.
- гимнастикалық орындық үстімен жүгіріп келіп,биіктіктен ұзындыққа секіру
Маймыл шығады.
-Сәлеметсіздер ме балалар,сендерге рахмет, достарыма көмектестіңдер,сендерге би билеп берейін.
Би «Маймылдар»
-Жақсы биледіңдер,рахмет,балалар ойын ойнағанды ұнатады кел бәріміз бірге ойнайық.
Қимылды ойын:«Түсіне қарай орыныңды тап»
Шарты:Шығыршықтың қасында жәй музыка ойнағанда жәй шеңбер жасап айналып жүру,музыка ауысқанда қолдарын жіберіп үлкен шеңбер жасап жүгіру,музыка тоқтағанда шығыршықтың түсіне қарай өз орындарын табу.
-Балалар біз маймылдың мазасын алған сияқтымыз,кәне енді басқа ойын ойнайық.
Жай қимылды ойын: «У жираф пятна»
Шарты:Шенбер жасап тұру,музыканы тыңдап,қимылмен көрсету.
-Жақсы балалар сендер тапсырмаларды орындадыңдар, мен бананды ұнатамын,сендерге арнаған банандарымды қабыл алындар.
Себетке салып банандар береді.
-біздің жақта қазір жылдың қыс мезгілі,айнала қар,бізде құр қол келген жоқпыз сіздерге қар емес,аппақ тәттілер алып келдік.

Жүру-жүгіру музыка ырғағына сай қимыл жасау

Жаттығу-
ларды музыка әуенімен орындау

Негізгі жаттығуды орындау

Ойын шартын сақтау.

Қимылды қайталау.

сыйлық беру
Рефлексиялық түзетушілік III-бөлім.Қорытынды.Поезд дауысы.
Поездбен балабақшаға қайту.
Қортындылау, қонақтармен қоштасу.

Күтілетін нәтиже:
орындайды:Музыканы тыңдап түрлі қимылдарды қайталап,орындайды,түсінеді:негізгі қимылды түсінеді,қолданады:ойын шартын сақтауды. Тәрбие.орг сайтынан "«Джунглиге саяхат». " Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муканова Айша Закуовна

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 МДБҰ Балабақшадағы дене шынықтыру нұсқаушысы.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 532 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar